2014 жылдың 24 қаңтарында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттау топтың жетекшісі жоғары оқу орнының басшылығымен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің үш оқытушылары «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері болып тағайындалды.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын талқылау бойынша ұжымның кеңейтілген жиналысы өтті.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Металлургия кафедрасының доценті, т.ғ.к. Оразбике Ибраева «Металлургия» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алды.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті басшылығы мен профессорлық-оқытушылар құрамы Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халқына Жолдауын бір кісідей тыңдап, негізгі басымдықтарын саралап шықты.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің спорттық залында «Денсаулық – зор байлық» атты университеттік спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2014 жылдың 13 қаңтарынан бастап Болондық оқу үрдісінің параметрлері бойынша профессорлық-оқытушылар құрамына арналған ректордың бастамасымен дәстүрлі әдістемелік апталық басталды.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 8 докторант PhD докторы ғылыми дәрежесі ізденуге арналған диссертацияларын табысты қорғады.

2014 жылдың 8-9 қаңтар күндері С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Foundation» факультетінде ҰБТ және АКТ-ға дайындық курстары жұмыс жасайды.

2013 жылдың 26 желтоқсанында С.Торайғыров атындағы ПМУ-да «Интернет – заманауи қоғам үшін пайдалы ма, әлде зиянды ма?» тақырыбын арқау еткен халықаралық онлайн-конференция өтті.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Тұлғаны кешенді зерттеудің ғылыми-тәжірибелік орталығының басшысы, фил.ғ.д. Раушан Көшенова «Шоқан жолдары» сайтының тұсауын кесті.

Тәуелсіз Қазақстан аккредиттеу (БСҚА) агенттігінің 2013 жылғы 21 желтоқсандағы шешімімен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті институционалдық аккредиттеуден өтті және 5 жыл мерзімге аккредиттелді.

Қазақстан Республикасы ЖОО арасында жемқорлыққа қарсы күресуге бағытталған ауқымды «Таза сессия» акциясы өтуде. Аталмыш науқанға С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті де атсалысуда.

Назар салыңыз!
2013-12-24 06:00:33

2013 жылғы 21 желтоқсандағы Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз Қазақстандық агенттігiнің (БСҚА) Аккредиттеу кеңесінің шешімімен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті институционалдық аккредиттеуден өтті және 5 жыл мерзімге аккредиттелді.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Физика және аспап жасау кафедрасында Қазақстанның белгілі ғалымдарының бірі, ф-м.ғ.д., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің Техникалық физика кафедрасының меңгерушісі Садритен Тілеукеновтың ғылыми мектебінің семинары өтті.

2013 жылдың 23 желтоқсанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Серік Өмірбаев ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған студенттермен кездесті. Университет қолдауында ата-аналарының қамқорлығынан айырылып қалған 89 студент бар.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Сәулет-құрылыс факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Марат Кудерин  Еуразияның сәулет–құрылыс  және дизайнерлер мектептерінің  ІІІ халықаралық фестивалдің жұмыстарына қатысты.

Ғылым және инновациялар департаментінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Күзембаев Нүркен Ерболұлы Жас ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері болып атанды!

2013 жылдың 13 желтоқсанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті бас оқу ғимаратының алдында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай студенттік жастардың ұйымдастыруымен флешмоб өтті.