С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Арын Өрсариев Италиядағы Қазақстанның ішкі сауда палатасының жетекшісі Савино Корсаримен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында италияндық және қазақстандық компаниялардың ынтымақтастығы мен италияндық ноу-хау жобаларын, технологияларын тарту әрі оны Қазақстанда іске асыру тәжірибесі туралы сөз қозғалды.

Арын Өрсариев қазақстандық-италияндық бірлескен жобаларды дамыту мақсатында қазақстандық мамандарды дайындауға аса мән берді.

Сондай-ақ, кездесуде италияндық оқытушылардың белгілі бір уақытқа Павлодар мемлекеттік университетінің мамандарын италиян тілінің «бастапқы» деңгейінен В1 деңгейіне дейін оқыту туралы келісіміне келді.

Бұдан өзге, С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Арын Өрсариев қазақстандық-италияндық бірлескен жобалары үшін университет мамандарын белгіленген мақсат үшін еуропалық үлгіні нақ түсінуі үшін италияндық компаниялар мен жоғары мектептерде оқытуды ұсынды.

Савино Корсари өз кезегінде Арын Өрсариевтің С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің екі ел арасындағы ынтымақтастығындағы тұғырнамасына байланысты ұсынысын қолдайтынын жеткізді. Ол өзінің сөзінде Милан қаласында өткен «ЭКСПО – 2015» халықаралық көрмесінде қазақстандық павильон үздік үштік қатарына еніп, ел дамуының жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті.