Факультет тарихы

Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті 2009 жылы құрылған. Факультет ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу және биотехнология салалары бойынша мамандар даярлайды.

Факультетте 2 ғылым докторы, 17 ғылым кандидаты және 8 PhD докторы еңбек етеді. Факультетте ГФ, ПЦФ, ХД және Дүниежүзілік банк бағыттары бойынша шамамен 20 ғылыми және ғылыми-техникалық жоба жүзеге асырылды, 50-ден астам авторлық куәлік пен өнертабысқа патент алынды, 200-ден астам ғылыми мақала (ҚОКСНВО МНВО, Scopus және Web of Science) жарияланды және шамамен 25 монография жарық көрді.

Факультет келесі компаниялармен/кәсіпорындармен ынтымақтастық жасайды: «СУТ» АҚ, «Рубиком» ЖШС, «Молком-Павлодар» ЖШС, «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ, «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ, «Greenhouse Qaztomat» ЖШС, «Павлодар ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, «Ақсу жылыжай кешені» ЖШС, «Актогай-Агро» фирмасы ЖШС, ҚР АШМ АӨК-дегі МКҚБ «Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы» ММ, «AlemAgro» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Агродаму» ЖШС, «Уштерек» ЖШС, «Иртышское» Тәжірибелік шаруашылық ЖШС; «Ақжар Өндіріс» агрофирмасы ЖШС, «Шарбакты-Кус» ЖШС, «Павлодар-Кус» ЖШС, «Кызылжар-Кус» ЖШС, «PVL Turkey» ЖШС, «Забота» ветеринариялық клиникасы, «Жан» ветеринариялық клиникасы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу және биотехнология салаларындағы басқа да ұйымдар.

Факультетте «Агроинновация және биотехнология» ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді, оның құрылымында аккредиттелген зерттеу зертханасы бар.