«Биотехнология» кафедрасының тарихы 2009 жылдан бастау алады.
Қазіргі уақытта кафедра НАО «Toraighyrov University» Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің құрамында қызмет атқарады.
«Биотехнология» кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды даярлайды:
1) «Биотехнология»;
2) «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»;
3) «Технологиялық нутрициология және тағамдық инженерия».
2023 жылдан бастап кафедрада «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша докторантура ашылып, аталған бағдарлама бойынша мамандар даярлау мүмкіндіктері кеңейді.
Оқу үдерісі орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Кафедрада ағылшын тілінде оқытылатын топтар жұмыс істейді, сондай-ақ шетелдік студенттер білім алады.
Кафедра студенттердің практикалық даярлығын қамтамасыз ететін, зертханалық жұмыстарды орындауға және оқу-ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік беретін бейінді зертханалармен жабдықталған.
Оқу үдерісін ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметте мол тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар жүргізеді. Олардың қатарында 5 профессор, 4 қауымдастырылған профессор және 1 visiting professor бар.
Кафедрада білім алған мамандар мен түлектер өндірістік зертханаларда, кәсіпорындарда, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру саласында табысты еңбек етуде. Олар «Сүт» АҚ, «МолКОМ-Павлодар» ЖШС, «Рубиком» ЖШС, «Ақжар Өндіріс» ЖШС, Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы, Қазақстан электролиз зауыты, «Алюминий Қазақстана» АҚ, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама бөлімдерінде, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінің басқа да ұйымдарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде және түрлі қоғамдық тамақтандыру орындарында қызмет атқарады.
8(7182) 67-36-41 (ішк. 1294)