Факультет тарихы

Жаратылыстану ғылымдары факультеті 2005 жылы құрылды. Факультет химия және химиялық технологиялар, биология және экология, география және туризм, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану салаларында мамандар даярлайды.

Факультетте 4 ғылым докторы, 13 ғылым кандидаты және 18 философия докторы (PhD) қызмет атқарады. Факультетте 25-тен астам ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар іске асырылып, өнертабыстарға 50-ден астам авторлық куәліктер мен патенттер алынды, 200-ден астам ғылыми мақалалар мен 50 монография жарияланды.

Факультет «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Air Astana, «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» және басқа да ұйымдармен ынтымақтастық жүргізеді.

Факультет құрамында «Мониторинг» ғылыми-зерттеу экологиялық орталығы жұмыс істейді.