Кафедра тарихы

«География және туризм» кафедрасының тарихы өз бастауын 2006 жылдан алады. Кафедрада оқыған мамандар ірі кәсіпорындар мен компаниялар қызмет етуде, мысалы, «Жер қатынастары бөлімі» ММ, «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстарын басқару» ММ, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Air Astana, «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ, «Blue Sky Travel» ЖШС, «Идеальный вариант» турфирмасы, «Resident Group» ЖШС және басқа да ұйымдар.

Оқу үрдісін ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметте бай тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар жүргізеді. Олардың ішінде 1 профессор, 2 ғылым кандидаттары, 3 PhD докторлары.