Факультет тарихы

 

Инженерлік-құрылыс факультеті 1961 жылы құрылып, «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» және «Бетон және темірбетон бұйымдарын өндіру» атты екі мамандық бойынша инженерлер даярлауды бастады. 2000 жылы факультет сәулет-құрылыс факультеті болып қайта аталды.

Факультетте 1 ғылым докторы, 9 PhD доктор, сондай-ақ 23 ғылым докторлары мен кандидаттары жұмыс істейді.

Жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде 150-ден астам авторлық куәлік пен өнертабыстарға патенттер алынды. Факультетте шамамен 3 ғылыми және ғылыми-техникалық жоба жүзеге асырылуда, 400-ден астам ғылыми мақала және 45 монография жарияланған.Факультет ERG, «Жәрдем» ЖШС, Облыстық сәулет және құрылыс басқармасы, Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі, Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, BI GROUP, «Павлодарэнергопроект», «Альянс проект ПВ», «Kazстройпроект-ПВ», «К-Дорстрой», Павлодар темір жол бөлімшесі, Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және басқа да компаниялар мен кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатады.