Факультет тарихы

Инженерия факультеті (бұрын металлургия, машина жасау және көлік факультеті деп аталған) 1960 жылы құрылды. Машина жасау және стандарттау, металлургия, мұнай-газ ісі, көлік техникасы және логистика саласында мамандарды дайындайды.

Факультетте 2 ғылым докторы, 13 PhD докторы және 21 ғылым кандидаты жұмыс істейді. Факультетте соңғы 5 жылда 30-ға жуық ғылыми және ғылыми-техникалық жоба іске асырылды, 200-ден астам авторлық куәліктер мен өнертабыстарға патенттер алынды, 400-ден астам ғылыми мақалалар мен монографиялар жарияланды. Факультет «ҚазТрансОйл» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Компания Нефтехим LTD» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Railways Systems KZ» ЖШС, Еуразиялық машина жасау зауыты, ERG Sevice, «KSP Steel» ЖШС ҚҚ, «Кастинг» ЖШС ҚҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ, «Kaz Minerals Bozhakol" ЖШС, Hyundai Pavlodar, Toyota Pavlodar, Қазақстан Темір Жолы сияқты компаниялармен / кәсіпорындармен ынтымақтастық жүргізуде.