Кафедра тарихы

Машина жасау және стандарттау кафедрасының тарихы өз бастауын 1962 жылдан алады. Кафедрада оқыған мамандар «Проммашкомплект» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «ПРОММАШ.KZ» ЖШС, «Павлодар бақылау және диагностика орталығы» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасы және басқа да ірі кәсіпорындар мен компанияларда қызмет етуде.

Оқу үрдісін ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметте бай тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар жүргізеді. Олардың ішінде 3 техника ғылымдарының кандидаты, профессор; 1 қауымдастырылған профессор (доцент), техника ғылымдарының кандидаты; 3 PhD докторлары, қауымдастырылған профессор (доцент); 1 PhD доктор; 1 visiting professor, техника ғылымдарының докторы, профессор бар.