Тарихы
1960 - жылы Павлодар Индустриалды институт кезінде жұмысшылар қатарындағы талапкерлерді жоғары оқу орнына түсуге дайындайтын дайындық курстары жүзеге асырылды. Кейінірек курстар кәсіптік бағдар жұмыстарымен айналыса бастады.
2003 - жылы дайындық курстары базалық сыныптармен қосылып жұмыс жасай бастағаннан кейін жоғары оқу орнына дейінгі білім беру және кәсіптік бағдар факультеті деп өзгертілді.
2012 - жылдың наурыз айында Болон үдерісінің негізгі басымдығын есепке алуына сәйкес уақыт талабына сай жаңа форматтағы білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Foundation» факультеті құрылды.
2014 - жылы факультетте шетелдік қазақ диаспорасы өкілдері мен шетелдік азаматтарға арналған даярлық бөлімі ашылды (ҚР БҒМ 18.09.2014 ж. №383 бұйрығы).
2025 жылдың қазан айында үздіксіз білім беру институты құрылды, оның негізгі міндеттері:
- Профессор-оқытушылар құрамы мен Университет қызметкерлерін біліктілік талаптарына сәйкес ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік білімдерін, кәсіби құзыреттерін жетілдіру мақсатында біліктілікті арттыруға жоспарлау және жіберу;
- Университеттің ПОҚ және Университет қызметкерлері, сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарының, кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандары, барлық санаттағы азаматтар үшін университеттің білім беру бағдарламаларының барлық бағыттары бойынша қосымша кәсіптік білім беру;
- қазақ, орыс және шет тілдерін оқытудың қосымша түрлерін жүргізуді жоспарлау және ұйымдастыру;
- шетелдік қазақ диаспорасының өкілдері мен шетел азаматтары үшін дайындық бөлімшесінің білім алушылар контингентін қалыптастыру;
- жоғары оқу орындарына түсу үшін тиісті бейін бойынша дайындық курстарын өткізу және негізгі сыныптар жүйесі арқылы біліктілік алу;
- бейіндік пәндер мен тілдік даярлықты қоса алғанда, "Foundation" бағдарламасы арқылы білім алушылар талапкерлер мен шетелдік студенттер контингентін қалыптастыру;
- Университеттің «Күміс ТОU – Күміс университет» туралы Ережесіне сәйкес «Күміс ТОU – Күміс университет» бағыты бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- Қосымша құзыреттерді дамыту, тілдік пәндерді оқыту мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік іс-шаралар өткізу, Университеттің ПОҚ мен қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру саласында тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, халықаралық және қазақстандық сыртқы ұйымдармен ынтымақтастық орнату бойынша жұмыстарды жүргізу.
Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері, қандастар және шетел азаматтары үшін дайындық бөлімі
- Бұл бөлімнің мақсаты – шетел азаматтарын Қазақстандағы өмірге бейімдеу, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуге дайындау, қазақ және орыс тілдерін тереңдетіп оқыту.
- ҰБТ пәндері бойынша күндізгі дайындық (математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, бейіндік пәндер).
Жоғары оқу орындарына түсуге дайындық курстарының күндізгі және кешкі топтарындағы тыңдаушыларды тереңдетіп даярлау
- ҰБТ пәндері бойынша дайындық (кешкі, қашықтан, интенсивті форматта) — бұл таңдаған барлық пәндер бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсыруға бағытталған мақсатты дайындық.
- Магистратураға дайындық — магистратураға табысты түсуге бағытталған оқыту.
- Тілдік дайындық — шетел тілін немесе мемлекеттік тілді меңгеру дағдыларын деңгей бойынша дамытуға және жетілдіруге бағытталған оқыту.
- КАЗТЕСТ-ке дайындық — қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын тестті сәтті тапсыруға арналған мақсатты дайындық.
Шетел азаматтарына арналған тілдік дайындық — университеттік ортада табысты білім алуға, академиялық бейімделуге және интеграциялануға бағытталған тілдік оқыту (қазақ және орыс тілдері).
Базалық сыныптардағы бейіндік оқыту: 10–11-сынып оқушылары базалық пәндер бойынша тереңдетілген дайындықтан өтеді және жұмысшы мамандықтарының бірі бойынша бейіндік білім алып, біліктілікке ие болады:
- Компьютерлік қамтамасыз ету әзірлеушісінің көмекшісі
- Химик-зертханашы
- Инженерлік графика операторы және сызбашы
Оқу аяқталғаннан кейін, бітіру біліктілік емтихандарын сәтті тапсырған жағдайда, білім алушыларға біліктілік берілгені туралы куәлік табысталады.
673-650 (ішкі 1182)