140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғылыми жұмыс және зерттеулерді коммерцияландыру жөніндегі Басқарма мүшесі – проректор бос лауазымына конкурс жариялайды.
Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.
Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, білім беру және оқыту үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы, ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы;
білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
қазақ, орыс, шет тілдерін меңгеру (ағылшын тіліне артықшылық беріледі);
менеджмент саласында біліктілікті арттыру сертификаттарының, оның ішінде жоғары білім және ғылым саласындағы сапа менеджменті және корпоративтік басқару жүйесінің болуы;
«Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамасының болуы артықшылық болып табылады.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:
1) жиырма бес жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) белгіленген нысанда көлемі 3х4 түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;
- шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, шетелдік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының азаматтары алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі, сондай-ақ өзара тану және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына енетіндер;
- "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
- өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;
5) жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарына сәйкес денсаулық жағдайы туралы № 075/Е медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды), құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген;
7) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салынбағанын растайтын құжат;
10) қызмет бағыты бойынша жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы;
11)ғылым және жоғары білім саласында менеджмент және корпоративтік басқару саласындағы біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) ұсына алады.
Қызмет бағыты бойынша жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы презентация түрінде ресімделуі керек, оның көлемі PowerPoint форматында 10 слайдтан аспайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүргізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Торайғыров университеті» КЕАҚ ұсыну керек. Мекенжайы: Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, 227 кабинет, телефон: 8 (701) 520 62 91.
| 799
заявление каз.docx
заявление рус.docx
послужной каз., рус.docx