«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 140008, Павлодар қ., Ломов көш., 64, телефон (8-7182) 67-36-65, Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

 

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

-       жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

-       басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе халықаралық ынтымақтастық, халықаралық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру саласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;

-       қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру (деңгейі Upper-Intermediate төмен емес);

-       Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасын білу.

Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының міндеттеріне кіреді:

-       университеттің халықаралық ынтымақтастық стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

-       шетелдік жоғары оқу орындарымен және ұйымдармен серіктестік қарым-қатынастарды орнату және дамыту;

-       студенттер мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығын үйлестіру;

-       халықаралық гранттар мен жобаларды тарту;

-       шетелдік студенттерді тарту.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш береді.

Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басын растайтын құжаттары (тексеру үшін түпнұсқа);

2) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (075у нысаны бойынша медициналық анықтама);

3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері (бар болса);

4) тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

5) қызмет бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы оның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер (анықтама);

7) конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;

8) еңбек қызметін растайтын құжат.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде университеттің Персоналды дамытуды қолдау бөліміне (ПДҚБ) (каб. 226) тапсыру қажет, телефоны: 8 (7182) 67-36-65.

Ps: Құжаттар жоғарыда көрсетілген толық пакет болған жағдайда, электрондық нұсқасы сайтта және қағаз нұсқасы ПДҚБ-де қабылданады.

 

Қадамдық нұсқаулық

1. Tou.edu.kz/ru сайтында мәзірден «конкурсты» таңдау (жоғарғы оң жақ бұрыш);

2. Өтінім жазу;

3. Деректерді толтыру (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);

4. Деректерді сақтау.

Техникалық сұрақтар бойынша 8-775-451-84-43 (Виталий)

HR-қызметіне 8(7182)67-36-65 (ішкі. 11-81, 11-87) ұялы 8-701-520-58-02 хабарласыңыздар

 

 

 

 

(Конкурсқа қатысуға өтініш үлгісі)

«Торайғыров университеті»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

комиссия төрағасы

Р.Ж. Нургожинге

Наталья Ивановна Петровадан

Мекен жайы: Павлодар қ. Катаев көшесі, 160 үй,

15 пәтер

Үй тел. 20-46-80

Ұялы тел. 8-700-000-00-00

 

Өтініш

 

Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер департаменті директорының лауазымына 2026 жылғы «17» наурыздағы tou.edu.kz/ru сайтында жарияланған хабарландыруға сәйкес бос орын бойынша конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

______________

Конкурсқа қатысушының қолы

 __ . _____ 2026

 өтініш жазылған күн

| 815
Толығырақ
2026-03-19 00:00:00

«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 140008, Павлодар қ., Ломов көш., 64, телефон (8-7182) 67-36-65, Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер департаменті директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. 

 

Қызметінің негізгі мәні – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты – құзыреттілікке бағытталған тәсілді іс жүзінде жүзеге асыру және өз өмірінің траекториясын құруда саналы тәсілге бағдарланған түлекті дайындау үшін білім алушының білім алуына қатысты субъективті ұстанымын қалыптастыру үшін жағдай жасау арқылы тәрбие жұмысы мен жастар саясаты жүйесін дамыту.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

- жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 1 жылдан 3 жылға дейін;

- білім беру саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасын білу.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш береді.

Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басын растайтын құжаттары (тексеру үшін түпнұсқа);

2) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (075у нысаны бойынша медициналық анықтама);

3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері (бар болса);

4) тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

5) қызмет бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы оның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер (анықтама);

7) конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;

8) еңбек қызметін растайтын құжат.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде университеттің Персоналды дамытуды қолдау бөліміне (ПДҚБ) (каб. 226) тапсыру қажет, телефоны: 8 (7182) 67-36-65.

Ps: Құжаттар жоғарыда көрсетілген толық пакет болған жағдайда, электрондық нұсқасы сайтта және қағаз нұсқасы ПДҚБ-де қабылданады.

 

Қадамдық нұсқаулық

1. Tou.edu.kz/ru сайтында мәзірден «конкурсты» таңдау (жоғарғы оң жақ бұрыш);

2. Өтінім жазу;

3. Деректерді толтыру (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);

4. Деректерді сақтау.

Техникалық сұрақтар бойынша 8-775-451-84-43 (Виталий)

HR-қызметіне 8(7182)67-36-65 (ішкі. 11-81, 11-87) ұялы 8-701-520-58-02 хабарласыңыздар

 

Некоммерческое акционерное общество «Торайгыров университет», 140008, г. Павлодар, ул. Ломова, 64, телефон (8-7182) 67-36-65, объявляет конкурс на замещение вакантной должности директора Департамента молодежной политики и социальных вопросов.

 

Основным предметом деятельности является предоставление образовательных услуг в сфере высшего, послевузовского, технического и профессионального, послесреднего и дополнительного образования.

Целью деятельности является развитие системы воспитательной работы и молодежной политики путём реализации на практике компетентностно-ориентированного подхода и создания условий для формирования у обучающегося субъектной позиции относительно его образования, чтобы подготовить выпускника, ориентированного на осознанный подход в построении траектории собственной жизни.

 

Квалификационные требования к участникам конкурса:

- высшее или послевузовское образование;

- опыт работы на руководящих должностях от 1 до 3 лет;

- знание действующего законодательства РК в области образования.

 

Лица, желающие участвовать в конкурсе, подают заявление на имя председателя конкурсной комиссии.

К заявлению прилагаются следующие документы:

1) документы, подтверждающие личность (оригинал для сверки);

2) документ о прохождении предварительного медицинского освидетельствования (медицинская справки по форме 075у);

3) копии дипломов о высшем образовании, академической и ученой степени, документ об ученом звании (при наличии);

4) справка о наличии либо отсутствии сведений по учетам, выдаваемая Комитетом правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан о совершении лицом уголовного правонарушения;

5) копии сертификатов о повышении квалификации по направлениям деятельности (при наличии) и подлинники для сверки;

6) Сведения о совершении им коррупционного преступления посредством (справка)  с информационных систем государственного органа, осуществляющего в пределах своей компетенции деятельность в области государственной правовой статистики и специальных учетов, или веб-портала "электронного правительства»;

7) участник конкурса вправе представить дополнительную информацию, касающуюся его образования, опыта работы, профессионального уровня;

8) документ, подтверждающий трудовую деятельность.

Прием документов для участия в конкурсе проводится в течение 10 (десяти) календарных дней со дня опубликования объявления.

Дата и место проведения конкурса будут сообщены дополнительно. Вышеуказанные документы в установленные сроки необходимо представить в Отдел сопровождения развития персонала (ОСРП) университета (каб. 226), телефон: 8 (7182) 67-36-65.

Ps: Документы принимаются при наличии полного пакета, указанного выше, электронно на сайте и дополнительно в бумажном варианте в ОСРП каб. 226

 

Пошаговая инструкция

1. На сайте tou.edu.kz/ru в меню выбрать вкладку «конкурс» (правый верхний угол);

2. Подать заявку;

3. Заполнить данные (с прикреплением подтверждающих документов);

4. Сохранить данные.

 

По техническим вопросам обращаться по номеру 8-775-451-84-43 (Виталий)

В ОСРП по номеру 8(7182) 67-36-65 (вн. 11-81, 11-87) сот. 8-701-520-58-02

 

 

| 814
Толығырақ
2026-03-17 00:00:00

Студенттерге арналған академиялық ұтқырлық бойынша кездесу
 
Халықаралық ынтымақтастық орталығының ұйымдастыруымен академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылау үшін 1–3 курс студенттері кездесуге шақырылады.
 
Уақыты: 17 наурыз, сағат 11:00
Өтетін орны: Торайғыров университетінің бас ғимараты, Аудитория А-5.

 

| 812
Толығырақ
2026-03-16 00:00:00

Стамбул қаласындағы, Түркиядағы Özyeğin университеті 2026 жылға арналған бакалавриат студенттеріне арналған жазғы зерттеу бағдарламасын (Undergraduate Research Summer Program) іске қосты. Бағдарлама студенттерге жаз мезгілінде ғылыми зерттеу саласында нақты тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Бұл бастама университеттің зерттеуге бағытталған оқу орны ретіндегі стратегиясының бір бөлігі болып табылады және әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттер үшін ашық.

Өтінім беру мерзімі: бағдарламаға байланысты өзгереді.

Бағдарлама не ұсынады
Бағдарлама 2026 жылдың маусымынан тамызына дейін өтеді. Қатысушылар оқытушылардың жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобаларға тікелей қатысады. Дәстүрлі дәрістердің орнына студенттер жаз бойы ғылыми зерттеулермен айналысып, ғалымдармен бірлесіп жұмыс істеп, әдеттегі тағылымдамалардан да кеңірек зерттеу дағдыларын дамытады.

Қатысушыларға мыналар ұсынылады:

зертханаларға қолжетімділік және техникалық дайындық

жазғы семестр кезінде кампуста тұру мүмкіндігі

түскі ас және күнделікті қолдау

оқытушылар тарапынан тәлімгерлік

 

Бұл мүмкіндіктер бағдарламаны практикалық, ғылыми ортаға толықтай енуге мүмкіндік беретін және кәсіби тұрғыдан құнды етеді.

 

Курстардың бағыттары, бағдарламалардың мазмұны және қатысу шарттары туралы толығырақ ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтуіңізді немесе Халықаралық ынтымақтастық орталығына (115Б кабинет) хабарласуыңызды сұраймыз.

| 810
Толығырақ
2026-03-12 00:00:00

Бакуде өтетін International Spring School 2026 қатысуға шақырамыз! 

Әзербайжан Тілдер Университеті әлемнің әртүрлі елдерінен келген студенттерді, оқытушыларды және зерттеушілерді “Language, Culture and Multiculturalism” тақырыбындағы International Spring School 2026 бағдарламасына қатысуға шақырады.

Күні: 13–17 сәуір 2026 ж.
Өтетін орны: Әзербайжан Тілдер Университеті, Баку, Әзербайжан

Каспий теңізінің жағасында орналасқан, көне тарих пен заманауи сәулетті үйлестірген әсем қала Бакуде өтетін бір апталық академиялық және мәдени бағдарламаға қатысыңыз.

Бағдарлама барысында сіз:

Әзербайжанның бай мәдени мұрасы мен тарихымен танысасыз

Мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытасыз

Академиялық талқылаулар мен ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысасыз

Мәдени экскурсиялар мен іс-шараларға қатысасыз

Әлемнің әртүрлі елдерінен келген студенттер мен ғалымдармен танысасыз

Зерттеу және талдау дағдыларыңызды жетілдіресіз

Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытасыз

Ғылыми зерттеулерді тәжірибеде қолдану мүмкіндігіне ие боласыз

Қатысу жарнасы

450 АҚШ доллары, оған мыналар кіреді:

Оқу және академиялық бағдарлама

Мәдени іс-шаралар мен экскурсиялар

Университет жатақханасында тұру

Күніне үш мезгіл тамақ

Ескерту: Бакуге келу және кері қайту жол шығындарын қатысушылар өздері төлейді.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдармен танысып, білім алып, жаңа тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін осы тамаша мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Қосымша ақпарат үшін:
Халықаралық ынтымақтастық орталығы, 115B кабинет

| 807
Толығырақ
2026-03-11 00:00:00

Marie Skłodowska-Curie Actions бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау ашық!
MSCA Staff Exchanges 2026 — халықаралық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашыңыз!

Өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 16 сәуір (17:00 CEST)
Байқау бюджеті: €97,92 млн

Marie Skłodowska-Curie Actions (MSCA) Staff Exchanges 2026 бағдарламасы зерттеулер мен инновациялар саласындағы халықаралық, салааралық және пәнаралық серіктестіктерді қолдайды.

Өтінімге кім қатыса алады?

· университеттер мен ғылыми ұйымдар

· компаниялар және ШОБ

· зерттеу инфрақұрылымдары

· Еуропа және басқа елдердегі ұйымдар

✔ Халықаралық консорциумдар (кемінде 3 елден 3 ұйым)
✔ Академиялық және академиялық емес секторлардың міндетті қатысуы
✔ Үшінші елдердегі ұйымдардың қатысуы құпталады

Бағдарлама кімге арналған?

·  мансаптың барлық кезеңіндегі зерттеушілерге (PhD докторанттардан бастап постдокторанттарға дейін);

·  ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметке (R&I) тартылған әкімшілік, техникалық және басқарушы персоналға;

·  кез келген ұлт өкілдеріне.

Бағдарлама нені қаржыландырады?

·  Қызметкерлер алмасуы (1 айдан 1 жылға дейін)

·  Ұзақтығы 4 жылға дейінгі жобалар

·   Алмасу аяқталғаннан кейін қызметкердің өз ұйымына оралып, білім мен тәжірибені таратуы

Қандай шығындар қаржыландырады?

· Жол жүру, тұру және тәуліктік шығындарға қосымша қаржыландыру

· Ерекше қажеттіліктерге арналған жәрдемақы

·  Ғылыми-зерттеу қызметін, оқытуды және желілік іс-шараларды қолдау

·  Жобаны басқару және жанама шығындарды қаржыландыру

MSCA Staff Exchanges — халықаралық серіктестікке, жаңа құзыреттерге және ғылыми байланыстарды тұрақты дамытуға жасалған инвестиция.

Жаһандық зерттеу желісінің бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Сілтеме

| 806
Толығырақ
2026-03-02 00:00:00

Құрметті студенттер!

 

2026–2027 оқу жылының күзгі семестрінде Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің шетелдік жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бюджет қаражаты есебінен оқу үшін мемлекеттік білім беру гранты бойынша және ақылы негізде оқитын 1–3 курс студенттеріне «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасына өтінімдер қабылдау жарияланады.

 

Негізгі іріктеу критерийлері:

·  Бүкіл оқу кезеңіндегі жоғары академиялық көрсеткіштер;

·  Шет тілін білу;

·  Тәуелсіз эксперт комиссиясының оң бағасы.

 

Құжаттарды тапсыру тәртібі:

Құжаттар қағаз түрінде университеттің канцеляриясы арқылы қабылданады.

Қабылдау жүргізіледі: Халықаралық ынтымақтастық орталығы (кабинет 115В).

 

Қажетті құжаттар:

1. Студенттің өтінім формасы (2 дана);

2. Белгіленген формадағы анкета;

3. Қазақстан Республикасының паспортының көшірмесі;

4. Ағымдағы академиялық көрсеткіштер транскрипті (GPA 4,0 шкаласы бойынша 3,0-ден кем емес);

5. Шет тілін білуін растайтын құжат (біреуін таңдау):

a) Халықаралық сертификат — IELTS (кемінде 5.5) немесе TOEFL (кемінде 46), егер бар болса;

b) Торайгыров университет тестілеу нәтижесі — кемінде B2 деңгейі.

*Халықаралық сертификат жоқ жағдайда студенттер ЦМС-те (кабинет 115В) ағылшын тілінен тест тапсыра алады. Тест тапсыруға өтінімдер 2026 жылдың 26 наурызына дейін электрондық поштаға жіберілуі қажет: cam@tou.edu.kz.

6. Медициналық анықтама № 072/у (шетелге шығатындарға);

7. Ата-ананың жазбаша келісімі (егер студент 18 жасқа толмаған болса);

8. Отбасы құрамын растайтын құжат (көпбалалы отбасы жағдайын растау үшін);

9. Ата-анасының болмауын растайтын құжат (жетімдер немесе ата-аналық қамқорлығы жоқ студенттер үшін);

10. Мүгедектік дәрежесін растайтын құжат (бар болса);

11. Декан мен кафедра меңгерушісінің ұсыныс хаты.

 

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 26.03.2026 ж.

 

Сұрақтар бойынша байланыс:

ЦМС (кабинет 115В)

Тел.: +7 (7182) 67-36-85 (ішкі 12-05)

Электрондық пошта: cam@tou.edu.kz

 

*Толық құжаттар пакеті тапсырылғаннан кейін барлық үміткерлер тағайындалған күні Тәуелсіз эксперт комиссиясымен сұхбаттан өтеді.

| 805
Anketa.docx
Application Form.doc
Реестр договоров_после чистки.xlsx
Толығырақ
2026-03-02 00:00:00

«XXVI СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» атты Халықаралық ғылыми конференциясы

Ғалымдарды, ЖОО мен колледждердің оқытушыларын, мектеп мұғалімдерін, докторанттарды, магистранттарды, студенттер мен 5-12 сынып оқушыларын (ғылыми жетекшімен бірге) және ғылыми зерттеулермен айналысатындарды «XXVI СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» атты Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз

10 сәуір 2026 жыл

Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КеАҚ, Павлодар қ., 64 Ломов көшесі, БОҒ.

Өткізу форматы: офлайн.

Конференция аясында келесі санаттар бойынша секциялық отырыстар өтеді:

ЖОББМ және НИЗ, лицей және гимназияның 5-12 сынып оқушылары;

колледж және ЖОО студенттері.

Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар мен сыйлықтар, және олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 1 (бір) баяндаманы жасауға 2 (екі) баяндамашынан артық емес жіберіледі. Секциялық отырысқа қатысу үшін ТІРКЕУ www.sci-conf.tou.edu.kz сайтта «Мақаланы жіберу» бетінде жүзеге асырылады.

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.

Материалдарды ұсыну мерзімі: 2026 ЖЫЛДЫҢ 20 НАУРЫЗЫНА ДЕЙІН ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайтында қабылданады. Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!

 

| 804
Инф письмо XXVI Сатпаевские чтения на рус каз eng 2026.pdf
Толығырақ
2026-02-27 00:00:00

Ауыл шаруашылық ғылымдары факультетінің студенттеріне арналған ӨНДІРІСТІК ТАҒЫЛЫМДАМА.

 

Deula-Nienburg (Германия)!

 

Халықаралық кеңсе 1-3 курс студенттерін 24 ақпанда сағат 10.00-де өтетін Deula-Nienburg бағдарламасының өкілдерімен кездесуге шақырады.

 

Өтетін орны: Торайғыров университетінің бас ғимараты, Коворкинг.

| 803
Университет Торайгырова.pdf
Толығырақ
2026-02-18 00:00:00

Жас ғалымдарға арналған Ғаламдық зерттеу бағдарламасы (GRIPS)

 

Өтінім қабылдау басталды

GRIPS 2026 бағдарламасына өтінім қабылдау ашық!

Өтінім беруге кемінде 2 курс аяқтаған бакалавриат және магистратура студенттері (орташа үлгерімі кемінде «B») шақырылады. Үміткерлер төрт қабылдаушы университеттің ішінен ең көбі екі ғылыми жетекшіні (PI) таңдай алады (қабылдау тек бір жобаға жүзеге асырылады).

 

| 802

Толығырақ
2026-02-17 00:00:00

Future Action Summit Thailand 2026 Бангкокта әлем жастарын біріктіреді

 

Бангкок, Таиланд – 2026 жылдың 7–10 мамыры аралығында Таиланд астанасында халықаралық төрт күндік көшбасшылық саммиті – Future Action Summit Thailand 2026 өтеді. Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен жас көшбасшылар, инноваторлар, саясаткерлер және Тұрақты даму мақсаттарын қолдаушылар қатысады.

Саммитті Echo Change ұйымы ұйымдастырады. Бұл шара жастар бастамаларын қолдап, оларды БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (SDGs) бағытталған нақты әрекеттерге айналдыруға арналған жаһандық алаң болмақ.

Бағдарламада бірлескен оқыту сессиялары, саясат жасау симуляциялары, тәжірибелік шеберлік сабақтары, мәдени алмасу және халықаралық нетворкинг қарастырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жай ғана конференция емес, болашақты қалыптастыратын қозғалыс.

 

Кімдер қатыса алады?

Студенттер мен еріктілер

Жас мамандар және болашақ көшбасшылар

Жастар көшбасшылары мен белсенділер

Әлеуметтік кәсіпкерлер мен инноваторлар

БҰҰ және ҮЕҰ өкілдері

Мемлекеттік қызметкерлер мен дипломаттар

Саясат зерттеушілері мен академиялық сарапшылар

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген SDG жақтаушылары

 

Қатысу талаптары

Барлық ел азаматтарына ашық

Жас мөлшері: 16–45 жас аралығы

IELTS/TOEFL сертификаты талап етілмейді

Студенттер, түлектер және кез келген деңгейдегі мамандар өтініш бере алады

 

Қатысушылар 2026 жылдың 7–10 мамырында Бангкокта болуы тиіс

 

| 801

Толығырақ
2026-02-17 00:00:00

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

«Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығы ЖОО профессор-оқытушыларын, докторанттарды, магистранттарды, студенттер мен жас ғалымдарды қатысуға шақырады.
Конференция материалдары ISBN нөмірімен жарияланады.
Қабылдау мерзімі: 20 наурыз 2026 ж. дейін
Жариялау құны: 5000 теңге
E-mail: ruhanу.jangiru.17@bk.ru

 

«КӨКТЕМ АРУЫ – 2026»

Республикалық байқауы (8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай)

13 жастан бастап қыздар қатыса алады.
Өтінімдер қабылдау мерзімі: 22 ақпан 2026 ж. дейін
E-mail: bilim.news@mail.ru

Ұйымдастырушы: «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығы
Байланыс телефондары: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405

 

Қатысу талаптары мен мақала рәсімдеу ережелері қосымша тіркелген хатта көрсетілген.

| 800
Жасанды интеллект және академиялық құндылықтар 2026.pdf
Көктем аруы 2026.pdf
Толығырақ
2026-02-12 00:00:00

140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64-үй  мекенжайы бойынша орналасқан «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғылыми жұмыс және зерттеулерді коммерцияландыру жөніндегі Басқарма мүшесі – проректор бос лауазымына конкурс жариялайды. 

Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, білім беру және оқыту үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

           жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы, ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы;

           білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;                

            қазақ, орыс, шет тілдерін меңгеру (ағылшын тіліне артықшылық беріледі);

            менеджмент саласында біліктілікті арттыру сертификаттарының, оның ішінде жоғары білім және ғылым саласындағы сапа менеджменті және корпоративтік басқару жүйесінің болуы;

            «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамасының болуы артықшылық болып табылады.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

1) жиырма бес жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) белгіленген нысанда көлемі 3х4 түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;

- шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, шетелдік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының азаматтары алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі, сондай-ақ өзара тану және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына енетіндер;

- "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

- өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

5) жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарына сәйкес денсаулық жағдайы туралы № 075/Е медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды), құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген;

7) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салынбағанын растайтын құжат;

10) қызмет бағыты бойынша жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы;

11)ғылым және жоғары білім саласында менеджмент және корпоративтік басқару саласындағы біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) ұсына алады.

Қызмет бағыты бойынша жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы презентация түрінде ресімделуі керек, оның көлемі PowerPoint форматында 10 слайдтан аспайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Торайғыров университеті» КЕАҚ ұсыну керек. Мекенжайы: Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, 227 кабинет, телефон: 8 (701) 520 62 91.

| 799
заявление каз.docx
заявление рус.docx
послужной каз., рус.docx
Толығырақ
2026-01-21 00:00:00

140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64-үй  мекенжайы бойынша орналасқан «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жастар саясаты және әкімшілік қызмет жөніндегі басқарма мүшесі-проректор бос лауазымына конкурс жариялайды. 

Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, білім беру және оқыту үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

        жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы;

        білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;

қазақ, орыс  тілдерін меңгеру;

          ғылым кандидаты немесе докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің болуы артықшылық болып табылады;

          тиісті салада біліктілікті арттыру бойынша сертификаттардың (куәліктердің) болуы және менеджмент саласында қосымша білімнің болуы артықшылық болып табылады.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

1) жиырма бес жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) белгіленген нысанда көлемі 3х4 түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;

- шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, шетелдік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының азаматтары алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі, сондай-ақ өзара тану және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына енетіндер;

- "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

- өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

5) жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарына сәйкес денсаулық жағдайы туралы № 075/Е медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды), құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген;

7) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салынбағанын растайтын құжат;

10) қызмет бағыты бойынша жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы;

11)ғылым және жоғары білім саласында менеджмент және корпоративтік басқару саласындағы біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) ұсына алады.

Қызмет бағыты бойынша жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы презентация түрінде ресімделуі керек, оның көлемі PowerPoint форматында 10 слайдтан аспайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Торайғыров университеті» КЕАҚ ұсыну керек. Мекенжайы: Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, 227 кабинет, телефон: 8 (701) 520 62 91.

| 798
заявление рус.docx
заявление каз.docx
послужной каз., рус.docx
Толығырақ
2026-01-21 00:00:00

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ТОРАЙҒЫРОВ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

 «ЭКОНОМИКА» КАФЕДРАСЫ

Құрметті ұжымдастар, экономика мамандықтарының студенттері!

«Экономика» кафедрасы

«Болашақ экономика: ESG, декарбонизация, технология және инвестиция» тақырыбына экономикалық мамандықтар бойынша

халықаралық студенттік ғылыми жұмыстар сайысын өткізу жөнінде хабарлайды

 

Сайысқа қатысуға жетекші бейіндік кафедраның аға оқытушысының, доцентінің, профессорының басшылығымен 2 ден 3 адамға дейінгі команда құрамында ғылыми-зерттеу жұмысын дайындайтын 3-ші және 4-ші курстардың экономика мамандықтары бойынша білім алатын қазақстандық және шетел жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады. Кандидатураларды жылжыту құқығы жоо-мен өз бетінше анықталады.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

«Болашақ экономика: ESG, декарбонизация, технология және инвестиция» тақырыбына экономикалық мамандықтар бойынша халықаралық студенттік ғылыми жұмыстар сайысын өткізу жөнінде секцияларға бөлінеді:

1-секция  «ESG-құзыреті бар кадрларды даярлау және қайта даярлау арқылы отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін және инвестициялық тартымдылығын арттыру»

2-секция «Экономикалық салалардың болашағы: экология, инвестиция және технология»

3-секция  «Декарбонизация және жасыл экономиканы құру аясында менеджмент пен маркетингті жетілдіру»

Сайыс екі кезеңде сырттай өткізілетін болады:

- бірінші кезең – ғылыми-зерттеу жұмысын әзірлеу, дайындау, таңдалған секция шеңберінде;

- екінші кезең – сайыстық құжаттаманы ұйымдастыру комитетіне ұсыну, сайыстық комиссияның жұмысы (мерзімдер:  2026 ж. 18 ақпанға дейін).

Сайыстың нәтижелері бойынша келесі бағыттар бойынша қорытындылар жасалатын болады:

- «1-орын» – бір команда;

- «2- орын» – екі команда;

- «3- орын» – үш команда.

Жеңімпаздар мен номинациялардың иегерлері дипломдармен марапатталады.

Ғылыми сайысты өткізу туралы ереже қоса тіркеледі.

Бұл байқау AP26100705 «ESG-құзыреті бар кадрларды даярлау және қайта даярлау арқылы отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін және инвестициялық тартымдылығын арттыру» мемлекеттік бюджеттік ҒЗЖ шеңберінде өткізіледі.

Сайыстық құжаттама мына мекенжайға жолданады:

140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Ломов көш., 64, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, «Экономика» кафедрасы, 419-кабинет немесе E-mail:konkurs_nauka_psu@mail.ru

Байланыс телефондары:

Каримбергенова  М. К.  Тел. +7-778-6254335

| 797
Положение о НКСР на рус 2026.docx
Положение о НС на каз.docx
Толығырақ
2026-01-19 00:00:00

Құрметті 3-5 курс студенттері! Сіз Президенттік стипендияны тағайындау үшін құжаттарды 2026 жылғы 15 қаңтарға дейін деканатқа тапсыруға мүмкіндігіңіз бар.

Стипендия мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде де, ақылы негізде де оқудың барлық кезеңінде "өте жақсы" (А, А-) бағасы бар 3-курстан бастап күндізгі оқу нысанының студенттеріне тағайындалады.

Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:

1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздарына немесе жаңалықтардың, өнертабыстардың авторлары болып табылатын жеңімпаздарға;

2) ғылыми еңбектер жинақтарында, Республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары барларға;

3) жетістіктері дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатындарға;

4) білім беру ұйымдарының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысатындарға.

 

ҚР Президенті бекіткен Стипендиялар конкурсына қатысу үшін ұсынылатын құжаттар Тізбесі

1. Өтініш

2. Әлеуметтік жағдайы көрсетілген факультет Кеңесінің ұсынысы (студентке мінездеме);

3. Транскрипт (оқудың барлық кезеңінде);

4. Жарияланымдар тізімі (авторлық куәліктер, баяндама тезистері, ғылыми және әдістемелік еңбектер) (бар болса);

5. Дипломдар, олимпиадалар, жарыстар, түрлі жарыстар және т. б. грамоталарының көшірмелері (бар болса);

6. Жеке куәлік көшірмесі

Ескертпе: дипломдар мен сертификаттарды қоспағанда, барлық құжаттар түпнұсқада беріледі.

| 794
Толығырақ
2025-12-30 00:00:00

«Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру процесінде босаған «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін бос білім беру гранттарын беру Қағидалары» сәйкес оқу процесінде босатылған бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша бос білім беру гранттарын беруге өтініштерді онлайн-қабылдау жарияланады.

Өтініштерді қабылдау 2026 жылғы 05 қаңтар мен 13 қаңтар аралығында Студенттердің жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін шарт негізінде білім алушылар мынадай құжаттарды тіркеуі қажет:

- Басқарма Төрағасы-ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;

- транскриптке өтініш;

- жеке куәліктің көшірмесі.

Босаған гранттар тізімі университет порталында, «студенттерге»-«босаған гранттар» бөлімінде орналастырылған (сілтеме: https://tou.edu.kz/ru/?option=com_content&view=article&id=9974).

Конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізіледі. Үлгерімнің орташа балының GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- («өте жақсы»), содан кейін – А, А- («өте жақсы») - В+, В, В -, С+ бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады («жақсы»), бұдан әрі – оқудың барлық кезеңіндегі аралас бағалар.

Үміткерлердің өтініштері білім беру бағдарламаларының тобы, оқу курсы, оқу базасы (мектеп/колледж базасында) контекстінде қарастырылады.

Білім беру бағдарламалары тобына үміткерлер болмаған жағдайда бос білім беру гранттары оқу саласы бойынша және одан әрі білім беру саласы бойынша қайта бөлінеді.

Оқу барысында босатылған бос гранттарды беру туралы шешімді Университеттің Ғылыми кеңесінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қабылдайды.

| 793
Толығырақ
2025-12-24 00:00:00

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің 2025 жылғы 24 ақпандағы №20-3-20-7/1428-И хатына сәйкес, Халықаралық «Zertteushі» ғылыми басылымы (scientific publication «Zertteushі») «Зерттеу қызметін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне» енгізілгенін хабарлаймыз. Халықаралық «Zertteushі» ғылыми басылымының (scientific publication «Zertteushі») құрылтайшысы: «Zertteushі» Халықаралық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі. Осыған орай, халықаралық «Zertteushі» ғылыми басылымында (scientific publication «Zertteushі») жариялау үшін қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде:
- Университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары студенттерінің, магистранттарының және докторанттарының, ізденуші-ғалымдардың ғылыми мақалаларын;
- ҚР Оқу-ағарту министрінің 25.02.2025ж. № 32 бұйрығымен жаңа редакцияда бекітілген «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» бойынша аттестаттаудан өткізілетін педагогтердің ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалаларын;
2 - Мектеп оқушылары мен жетекші-мұғалімдердің 9(8)-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсына, «Зерде» зерттеу жобалары конкурсына, басқа да конкурстарға ұсынылған ғылыми жобаларын қабылдайтымызды хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Зерттеу қызметін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне» енгізілген Халықаралық «Zertteushі» ғылыми басылымының (scientific publication «Zertteushі») кезекті санында жариялау үшін жас ғалымдар мен олардың ғылыми жетекшілерінің ғылыми мақалаларын әр айдың 27-сіне дейін жолдауға болады.
Қосымшалар: 1. Мақалаға қойылатын талаптар (қазақ және орыс тілдерінде)

| 792
08.12.2025+Требования+к+научным+статьям.pdf
08.12.2025+Мақалаға+қойылатын+талаптар.pdf
Толығырақ
2025-12-17 00:00:00

Жалға алу конкурсын өткізу туралы хабарландыру
«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы оқу корпусындағы кофе аралы мен буфетке арналған орындарды жалға алуға конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мүлікті мүліктік жалдауға беру ережелерінде көрсетілген талаптарға сәйкес өтінім мен құжаттар пакетін тапсыруы қажет.
Хабарландыру нысаны және қажетті құжаттар тізбесі Ережедегі №1 қосымшада орналастырылған. Толық ақпарат алуға және тендерлік құжаттаманың шарттарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://tou.edu.kz/arm/storage/files/69394cdb40fbb9.79659066.pdf 
Өтінімдер мына мекенжай бойынша қабылданады: Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, каб. 309А.
Телефон: 8(7182)67-36-52.

| 791
Толығырақ
2025-12-11 00:00:00

Құрметті оқытушылар, ғылыми қызметкерлер және оқу әдебиетінің авторлары!
EDP HUB Publishing сіздерді онлайн-дәрістер сериясына шақырады:

«ЗАМАНАУИ ОҚУЛЫҚТЫ ЖАСАУ: ИДЕЯДАН ЖАРИЯЛАУҒА ДЕЙІН»

Бұл курс барысында сіздер өз білімдеріңізді жүйелеп, қазіргі талаптарға сай, сұранысқа ие оқулықтар мен оқу құралдарын дайындауға қажетті практикалық дағдыларды меңгересіздер.

9.12.2025 – 15:00. 1-дәріс. Оқу әдебиеті: негізгі ұғымдар, болашақ басылым тақырыбын таңдау, тұжырымдама мен құрылымды әзірлеу.
Тіркелу: https://edp-hub.kz/cursus-educational-litterae

11.12.2025 – 15:00. 2-дәріс. Оқу басылымының мәтінін жазу және рәсімдеу. ЖИ пайдалану.
Тіркелу: https://edp-hub.kz/cursus-scribens-textum

17.12.2025 – 15:00. 3-дәріс. Қолжазбадан басылымға дейін: авторлық құқық және баспашылық үдерістері (ISBN, DOI, РИНЦ, редактура).

Тіркелу: https://edp-hub.kz/cursus-de-manuscripto-vaticano

Спикер: Қазақстан Республикасындағы EDP HUB баспасының авторлармен жұмыс жөніндегі бас маманы, Гүлжауар Бикжанова

Барлық дәрістерге қатысқан тыңдаушыларға бағдарламаны толық аяқтағаны туралы сертификат беріледі.

| 790
Толығырақ
2025-12-04 00:00:00