Қазақстан Республикасы, Павлодар қ. 2023 ж. 31 мамырыңда «Металлургия» кафедрасының 40-жылдығына орай өтетін

«МЕТАЛЛУРГИЯ САЛАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ:ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ПРАКТИКА»

атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз

Конференцияға қазақстандық және шетелдік техникалық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, металлургия кәсіпорындарының өкілдері қатысады. Конференция металлургия саласы мен қазіргі ғылымның өзекті мәселелеріне арналады. Ғылыми негіздердің әртүрлі аспектілеріне, қара және түсті металдар өндірісінің заманауи технологияларына, металлургиялық процестер мен қайта өңдеуге арналған өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Секциялық отырыстарға қатысу үшін тіркелу (2023 жылдың 19 мамырына дейін): https://forms.gle/KrC8819qn2Sw48Vx6

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалардың жинағы электронды форматта (PDF) жарияланады, конференция қатысушыларына электронды сертификаттар беріледі.

Материалдарды жіберу мерзімі: 2023 жылдың 19 мамырына дейін (қоса алғанда) ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы.

Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!

Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., Ломов көшесі 64, БОК.

Өткізу форматы: оффлайн/онлайн.

Конференцияның бағдарламасы:

09:00 – қатысушыларды тіркеу;

10:00 – пленарлық отырыс (А-5 аудиториясы);

10:00 – секциялық отырыс (Б-119 аудиториясы, Б-корпусы, Ак. Ш. Шөкин көшесі, 139).

Конференцияның ғылыми секцияларымен ақпараттық хат және Торайғыров университетінің ғылыми конференциялар сайт арқылы www.sci-conf.tou.edu.kz танысуға болады.

| 402
1. Мақаланы жіберу жөніндегі нұсқаулық.pdf
2. Инструкция по подаче статьи.pdf
1. Инф письмо МЕТАЛЛУРГИЯ ҚАЗ РУС ENG.pdf
Толығырақ
2023-04-17 00:00:00

Құрметті университет студенттері, оқытушылар мен қызметкерлер!
Университетке 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін берілген ресурстарды белсенді пайдалануларыңыз туралы үлкен өтініш жасаймыз [СІЛТЕМЕ]
Пайдалану статистикасы ҚР Ғылым комитетіне жіберіледі. Деректер базасын орталықтандырылған жазылым жобасына енгізу туралы шешім тестілеуге қатысушылардың белсенділігі негізінде қабылданатын болады.
Болашақта қазақстандық ЖОО-лар ұлттық орталықтандырылған жазылым шеңберінде оларға тегін қол жеткізуі үшін Сіздерді ресурстарды белсенді пайдалануға шақырамыз.
Қатысқандарыңыз үшін рахмет!

| 399
Толығырақ
2023-04-10 00:00:00

Химия өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдерін, ғалымдарды, ЖОО және колледж оқытушыларын, докторанттарды, магистранттарды, студенттер мен 8-12 сынып оқушыларын

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ»

атты Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз

16 мамыр 2023 жыл

Конференцияда органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық технологиялары, мұнай өңдеу және мұнай химиясы, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және химия және мұнай-газ өнеркәсібіндегі менеджмент саласындағы өзекті ғылыми деректерді қарау жоспарлануда.

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.

Материалдарды ұсыну мерзімі: 2023 жылдың 5 мамырына дейін (қоса алғанда) ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы.

Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!

Өткізу орны: Торайғыров университетінің бас оқу корпусы, А-5 аудиториясы

Өткізу форматы: офлайн/онлайн.

Конференция бағдарламасы:

9:30-10:00 – қатысушыларды тіркеу;

10:00-12.00 – пленарлық отырыс өткізу;

12:00-13.00 – түскі ас;

13:00-16:00 – секциялық отырыстар өткізу;

16:00-17:00 – экскурсиялық бағдарлама.

Конференцияның ғылыми секцияларымен ақпараттық хат және Торайғыров университетінің ғылыми конференциялар сайт арқылы www.sci-conf.tou.edu.kz танысуға болады.

| 401
1. Информ письмо Конференция Химия 16.05.2023 ҚАЗ.pdf
2. Информ письмо Конференция Химия 16.05.2023 РУС.pdf
1. Мақаланы жіберу жөніндегі нұсқаулық.pdf
2. Инструкция по подаче статьи.pdf
Толығырақ
2023-04-03 00:00:00

«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 14000, Павлодар қаласы, Ломов көшесі 64, Экономика және қаржы департаменті директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Қызметтің мәні шаруашылық-қаржылық қызметтің қаржылық және бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын бақылау болып табылады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

- жоғары кәсіптік немесе жоғары оқу орнынан кейінгі экономикалық, қаржылық-экономикалық білім;

-басшы лауазымдардағы қаржы-бухгалтерлік (қаржы-экономикалық) жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;

- білім беру саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасын білу, «Торайғыров университеті» КЕАҚ-ның қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттарын білу.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) жеке куәлігінің көшірмесі;

2) соңғы жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

3) автобиография;

4) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері мен салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;

5) қайта даярлау және біліктілікті арттыру сертификаттарының (бар болған жағдайда) көшірмелері мен салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;

6) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-кеңестік қорытынды);

7) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есепке алудың болуы не болмауы туралы анықтама.

10) конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;

11) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

12) конкурсқа қатысушы Департаментті дамытудың 3 жылға арналған перспективалық жоспарын ұсынуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде университеттің  HR-қызметіне (226 каб.) тапсыру қажет, телефоны: 8 (7182) 67-36-65, 87002476207.

| 398
Толығырақ
2023-04-03 00:00:00

Оқытушыларға арналған Erasmus + !

 

International Office 2022-2023 оқу жылының көктемгі семестрінде Кастилия-Ла-Манча университетінде дәріс оқу үшін (құрылыс, гуманитарлық ғылымдар, экономика) Erasmus + бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін ағылшын тілінде CV, ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат (кемінде B2), факультет деканынан және/немесе кафедра меңгерушісінен ұсыным хат, дәрістер жоспарын ұсыну қажет.

Шығындар Erasmus + бағдарламасымен жабылады.

 

Барлық сұрақтар бойынша International Office (251 каб.), эл.пошта dmspsu@mail.ru немесе тел.: +7-7182-67-36-25 (12-92).

| 397
Толығырақ
2023-03-30 00:00:00

Оқытушыларға арналған Erasmus +!

 

International Office Польшаның Конин қаласындағы Қолданбалы ғылымдар академиясында 2022-2023 оқу жылының көктемгі семестрінде Erasmus + бағдарламасы бойынша дәріс оқу (шет тілдері, гуманитарлық ғылымдар, экономика) үшін конкурс жариялайды.

 

Конкурсқа қатысу үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат (кемінде B2), факультет деканынан және/немесе кафедра меңгерушісінен ұсыным хат ұсыну қажет.

 

Шығындар Erasmus + бағдарламасымен жабылады.

 

Құжаттар пакетін International Office (251 каб.) 2023 жылғы 4 сәуірге дейін тапсыру керек.

Барлық сұрақтар бойынша International Office (251 каб.), эл.пошта dmspsu@mail.ru немесе тел.: +7-7182-67-36-25 (12-92).

| 396
Толығырақ
2023-03-30 00:00:00

-

| 395
Толығырақ
2023-03-28 00:00:00

-

| 394
Толығырақ
2023-03-13 00:00:00

                                                  Тренингтерге қатысуға өтінімдер қабылдау жарияланды!!!

Халықаралық білім беру жөніндегі американдық Кеңес Өзбекстанның Ташкент және Самарқанд қалаларында екі тренингке қатысуға өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды. Тренинг туралы мәліметтерді төменде хатта таба аласыз.

Сізден мынаны ескеруіңізді сұраймын:

2023 жылғы 27-28 сәуірде Ташкент қаласында өткен Тренинг жоғары рейтингі бар шетелдік журналдарда жариялау тәжірибесі бар профессорлар мен ғылыми қызметкерлер үшін есептелген.

Самарқанд қаласындағы Тренинг 2023 жылғы 1-2 мамырда кіші ғылыми қызметкерлер мен өз мансабын бастаушы оқытушылар/профессорлар үшін есептелген.


Екі іс-шара да ағылшын тілінде болады, аударма берілмейді. B2-C1 (Upper Intermediate – Advance) деңгейінде ағылшын тілін білу міндетті.


Өтінімдер төмендегі сілтемелер бойынша онлайн қабылданады.

Ташкент қаласындағы тренинг сілтеме 2023 жылғы 19 наурызға дейінгі мерзім.

Самарқанд қаласындағы тренинг сілтеме 2023 жылдың 25 наурызына дейін

| 393
Толығырақ
2023-03-10 00:00:00

Құрметті ұжымдастар, экономика мамандықтарының студенттері!

Торайғыров университетінің «Экономика» кафедрасы «Қарқынды өзгеріп отыратын жаhандық геосаяси жағдайындағы ұлттық экономиканың тұрақты дамуы» тақырыбына экономикалық мамандықтар бойынша халықаралық студенттік ғылыми жұмыстар сайысын өткізу жөнінде хабарлайды

Сайысқа қатысуға жетекші бейіндік кафедраның аға оқытушысының, доцентінің, профессорының басшылығымен 2 ден 3 адамға дейінгі команда құрамында ғылыми-зерттеу жұмысын дайындайтын 3-ші және 4-ші курстардың экономика мамандықтары бойынша білім алатын қазақстандық және шетел жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады. Кандидатураларды жылжыту құқығы жоо-мен өз бетінше анықталады.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

«Қарқынды өзгеріп отыратын жаhандық геосаяси жағдайындағы ұлттық экономиканың тұрақты дамуы» тақырыбына экономикалық мамандықтар бойынша халықаралық студенттік ғылыми жұмыстар сайысын өткізу жөнінде секцияларға бөлінеді:

1 Заманауи дамудың негізгі тенденциялары және олардың ұлттық экономиканың тұрақтылығына әсері

2 Тұрақты даму стратегиясы және салаларды цифрландыру

Сайыс екі кезеңде сырттай өткізілетін болады:

- бірінші кезең – ғылыми-зерттеу жұмысын әзірлеу, дайындау;

 - екінші кезең – сайыстық құжаттаманы ұйымдастыру комитетіне ұсыну, сайыстық комиссияның жұмысы (мерзімдер 2023 ж. 08 ақпанға дейін).

Сайыстың нәтижелері бойынша келесі бағыттар бойынша қорытындылар жасалатын болады:

«1-орын» – бір команда;

«2-орын» – екі команда;

«3-орын» – үш команда.

Ғылыми сайыста қосымша ынталандыру номинациялары қарастырылатын болады.

Жеңімпаздар мен номинациялардың иегерлері дипломдармен және грамоталармен марапатталады (КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫ - ҚОСЫМШАДА)

Ғылыми сайысты өткізу туралы ереже қоса тіркеледі.

Сайыстық құжаттама мына мекенжайға жолданады:

140008, Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Ломов көш., 64, Торайғыров университеті, «Экономика» кафедрасы, 419-кабинет немесе E-mail: konkurs_nauka_psu@mail.ru

Байланыс телефондары:

Каримбергенова М. К. Тел. +7-778-6254335

Давиденко Л. М.Тел. +77011916882

| 366
1. Итоги Конкурса научных работ Экономика.docx
Толығырақ
2023-03-03 00:00:00

Құрметті түлектер!

Мансап орталығы сізді 2023 жылдың 3 наурызында сағат 15.00-де өтетін жыл сайынғы "түлектер жәрмеңкесіне" қатысуға шақырады.

Өтетін орны: "Торайғыров университеті" КЕАҚ, коворкинг.

Бітіру курсының студенттері үшін қатысу міндетті болып табылады. Өзіңізбен бірге түйіндеме болуы керек.

| 387
Толығырақ
2023-03-01 00:00:00

                                                             Құрметті магистранттар!

"Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы" бағдарламасын іске асыру шеңберінде Шеньян педагогикалық университеті (Қытай) 2023 оқу жылының көктемгі семестрінде қашықтықтан оқыту үшін білім алушылар арасында жұмысқа қабылдауды жариялайды.

Оқыту 2023 жылдың 6 наурызы мен 28 маусымы аралығында өтеді .

Өтініш беру мерзімі: 2023 жылдың 3 наурызы сағат 12.00-ге дейін


Толығырақ ақпаратты бізбен пошта арқылы байланысу арқылы алуға болады: mobilnost_psu@mail.ru, немесе International office-те (260 каб.)

| 386
Толығырақ
2023-02-28 00:00:00

                              Ауыл шаруашылық ғылымдары факультетінің студенттеріне арналған тағылымдама.

                                                                 Deula Nienburg (Германия)!!!

Халықаралық кеңсе студенттерді 23 ақпанда сағат 10.00-де Deula Nienburg бағдарламасының өкілдерімен кездесуге шақырады.

Өтетін орны: Торайғыров университетінің бас ғимараты, коворкинг.

| 382
Толығырақ
2023-02-22 00:00:00

«Торайғыров университеті» КЕАҚ және Ресей Федерациясының Президент жанындағы ХШРАММҚ филиалы – Сібір басқару институты

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: МЕМЛЕКЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ»

атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады

07 сәуір 2023 жыл

Конференция жұмысына қазақстандық және шетелдік жетекші заң жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтардың, әртүрлі деңгейдегі сот, заң шығарушы, атқарушы биліктің өкілдері қатысады. Конференция конституциялық, әкімшілік, қылмыстық, азаматтық, әлеуметтік, еңбек, экологиялық құқық және өзге де құқық салаларының өзекті мәселелеріне, сондай-ақ Қазақстанның жаңа жағдайдағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналады. Қазіргі кездегі ұлттық және халықаралық және өзге де салалық бағыттардың әртүрлі аспектілерінің мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Секциялық отырыстарға қатысу үшін тіркелу (2023 жылдың 17 наурызына дейін): https://forms.gle/n9Cd65dTmWvkKeWX8

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалардың жинағы электронды форматта (PDF) жарияланады, конференция қатысушыларына электронды сертификат беріледі.

Материалдарды ұсыну мерзімі: 2023 жылдың 17 наурызына дейін (қоса алғанда) ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы.

Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!

Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., 64 Ломов көшесі, БОҒ.

Өткізу форматы: оффлайн.

Конференцияның ғылыми секцияларымен ақпараттық хат және Торайғыров университетінің ғылыми конференциялар сайт арқылы www.sci-conf.tou.edu.kz танысуға болады.

| 384
1.Инф письмо НОВЫЙ КАЗАХСТАН 07.04.2023 қаз рус eng.pdf
1. Мақаланы жіберу жөніндегі нұсқаулық.pdf
2. Инструкция по подаче статьи.pdf
Толығырақ
2023-02-20 00:00:00

                                  Құрметті студенттер!

2023 жылдың 7 наурызында сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Campus France I2EN Қазақстандағы алғашқы вебинарын ұйымдастырады.

 

Вебинар Францияда IMT Atlantique, Grenoble INP, Paris-Saclay және ESTP Paris сияқты ірі университеттер мен инженерлік мектептер ұсынатын ядролық энергетика саласындағы оқу бағдарламаларымен оқу бағдарламаларымен, мысалы, «Болашақ» және/немесе басқа стипендиялар арқылы танысуға тамаша мүмкіндік береді.

 

Тіркелу үшін нысанды толтырыңыз.

Іс-шарадан бірнеше күн бұрын сізге қосылу сілтемесі жіберіледі.

| 380
Толығырақ
2023-02-20 00:00:00

Ғалымдарды, ЖОО және колледж оқытушыларын, докторанттарды, магистранттарды, студенттер мен 10-12 сынып оқушыларын

«СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

атты Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз

15 наурыз 2023 жыл

Конференцияда өндірістік және жалпы экология саласындағы өзекті ғылыми деректерді қарастыру жоспарлануда.

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады. Жинақ электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.

Материалдарды ұсыну мерзімі: 2023 жылдың 10 наурызына дейін (қоса алғанда) ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы.

Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!

Өткізу орны: Торайғыров университетінің бас оқу корпусы, А-5 аудиториясы

Өткізу форматы: оффлайн/онлайн.

Конференция бағдарламасы:

  • 10:00 – пленарлық отырыс өткізу;
  • 12:00 – секциялық отырыстар өткізу.

Конференцияның ғылыми секцияларымен ақпараттық хат және Торайғыров университетінің ғылыми конференциялар сайт арқылы www.sci-conf.tou.edu.kz танысуға болады.

| 383
1. Инф письмо Актуальные проблемы экологии СВ КЗ қаз .pdf
2. Инф письмо Актуальные проблемы экологии СВ КЗ рус .pdf
1. Мақаланы жіберу жөніндегі нұсқаулық.pdf
2. Инструкция по подаче статьи.pdf
Толығырақ
2023-02-17 00:00:00

                                                    "Түркия 2023 стипендиясына" өтінімдерді қабылдау басталды

Түркияның стипендиялық бағдарламасы әлемдегі ең ауқымды бағдарламалардың бірі болып саналады. Түркия үкіметі жанындағы шетелдегі отандастар және туысқан қауымдастықтар істері басқармасы (YTB) жүзеге асыратын "Түркия стипендиясы" (Türkiye Bursları) стипендиялық бағдарламасы аясында Түрік жоғары оқу орындарында оқуға өтінімдерді қабылдау басталды.2023 жылғы стипендияға өтінімдер 2023 жылдың 20 ақпанына дейін қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша international office 251 кабинетіне хабарласыңыз.

| 379
Толығырақ
2023-02-16 00:00:00

                                                             TOMER тестілеу!!!

"Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" КЕАҚ TOMER-ді 2023 жылғы 20 ақпанда сағат 10:00-де түрік тілі бойынша тестілеуге қатысуға шақырады. TOMER тестіне қатысу-бұл сіздің түрік тілін білу деңгейіңізді бағалаудың және әлеуетті жұмыс берушілер мен академиялық мекемелерге тілдік дағдыларыңызды көрсетудің тамаша тәсілі. Тестілеу аяқталғаннан кейін сертификат беріледі.

Барлық сұрақтар бойынша international office 251 кабинетіне хабарласыңыз.

| 378
Толығырақ
2023-02-16 00:00:00

Ғалымдарды, ЖОО мен колледждердің оқытушыларын, мектеп мұғалімдерін, докторанттарды, магистранттарды, студенттер мен 5-12 сынып оқушыларын (ғылыми жетекшімен бірге) және ғылыми зерттеулермен айналысатындарды 2023 ж. 12 сәуірінде «Торайғыров университеті» КЕАҚ-та (ҚР, Павлодар қ.) өтетін

«XXIII Сәтбаев оқулары»

aтты Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз.

Конференция оффлайн режимде өтеді. Конференция аясында ЖОО, колледж студенттер мен мектеп оқушыларының (5-12 сынып) қатысуымен секциялық отырыстар өтеді. Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар мен сыйлықтар, және олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етіледі.

СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСТА БАЯНДАМА ЖАСАУ ҮШІН ТІРКЕЛУ (2023 ЖЫЛДЫҢ 24 НАУРЫЗЫНА ДЕЙІН): https://forms.gle/XZQXixLT4D1iUqiF9

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! GOOGLE FORM-да ТІРКЕЛМЕГЕН ҚАТЫСУШЫЛАР СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСТАРҒА ҚАТЫСУҒА ЖІБЕРІЛМЕЙДІ!

Конференцияның қорытындысы бойынша мақалалар жинағы шығарылады. Жинақ электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электрондық сертификаттар беріледі.

МАҚАЛАЛАР 2023 ЖЫЛДЫҢ 24 НАУРЫЗЫНА ДЕЙІН ТЕК WWW.SCI-CONF.TOU.EDU.KZ САЙТЫНДА ҚАБЫЛДАНАДЫ.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА ЖІБЕРІЛГЕН МАҚАЛАЛАР ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!

Конференцияның ғылыми секцияларымен ақпараттық хат және Торайғыров университетінің ғылыми конференциялар сайт арқылы www.sci-conf.tou.edu.kz танысуға болады.

| 377
1. Инф письмо XXIII Сатпаевские чтения 2023 ҚАЗ.pdf
2. Инф письмо XXIII Сатпаевские чтения 2023 РУС.pdf
3. Инф письмо XXIII Сатпаевские чтения 2023 ENG.pdf
1. Мақаланы жіберу жөніндегі нұсқаулық.pdf
2. Инструкция по подаче статьи.pdf
XXIII САТПАЕВСКИЕ ЧТЕНИЯ 2023 НИШ, ГИМНАЗИИ, ЛИЦЕИ.pdf
XXIII САТПАЕВСКИЕ ЧТЕНИЯ 2023 СОШ.pdf
XXIII САТПАЕВСКИЕ ЧТЕНИЯ 2023 СТУДЕНТЫ.pdf
Толығырақ
2023-02-15 00:00:00

Құрметті түлектер! 2023 жылы «Teach for Qazaqstan» бірегей бағдарламасы басталады.

TFQ бағдарламасы әлемді өзгерткісі келетін және Қазақстанның аймақтарындағы барлық балалардың білім алу мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз еткісі келетін барлық энтузиастарға арналған. Ұстаз болуға құштар әр түрлі мамандық түлектері шақырылады. Мұғалім ретінде қайта даярлау курсын аяқтау арқылы сіз мұғалімдік мансапқа алғашқы қадам жасайсыз.

Сіз https://teachforqazaqstan.org/ сайтында 2023 жылдың 28 ақпанына дейін өтініш бере аласыз.

Instagram: https://www.instagram.com/teachforqazaqstan/

WhatsApp: +77717554545

| 376
Толығырақ
2023-02-01 00:00:00