«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, телефон (8-7182) 67-36-65, бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Факультет декандары: Инженерия, Сәулет және құрылыс.
Кафедра меңгерушілері: «Химия және химиялық технологиялар», «Механика және мұнай газ ісі», Сәулет және құрылыс факультеті білім беру бағдарламасының жетекшісі («Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылысы»).
Кафедра профессорлары: Faculty of Computer Science (Компьютерлік ғылымдар факультеті) – 1 жүктеме, «Механика және мұнай газ ісі» - 1 жүктеме, Сәулет және құрылыс факультеті («Сәулет және дизайн» білім беру бағдарламасы) - 1 жүктеме, «Электротехника және автоматтандыру» - 0,5 жүктеме.
Кафедра профессор-практигі: «Қаржы және есеп» - 0,5 жүктеме.
Кафедралардың қауымдастырылған профессорлары (доценттері): «Тұлғалық даму және білім беру» - 1 жүктеме, «Дене шынықтыру және спорт» - 1 жүктеме, «Қаржы және есеп» – 0,25 жүктеме, Сәулет және құрылыс факультеті («Сәулет және дизайн» білім беру бағдарламасы) - 2 жүктеме, «Машинажасау және стандарттау» - 0,25 жүктеме, Сәулет және құрылыс факультеті («Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылысы» білім беру бағдарламасы) - 1 жүктеме, «Көліктік техника және логистика» – 4 жүктеме, «География және туризм» - 0,5 жүктеме.
Кафедралардың аға оқытушылары: «Қаржы және есеп» - 1 жүктеме, «Құқықтану» - 2 жүктеме, «Филология және журналистика» - 1 жүктеме, «Тұлғалық даму және білім беру» - 1 жүктеме, Сәулет және құрылыс факультеті («Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылысы» білім беру бағдарламасы) - 1 жүктеме, «Көліктік техника және логистика» - 1 жүктеме, «Биотехнология» – 1 жүктеме, «Зоотехнология және ветеринария» – 1 жүктеме, «Агротехнология» – 0,5 жүктеме, «Жылуэнергетика» - 1 жүктеме, «География және туризм» - 1 жүктеме, «Электрэнергетика» - 1 жүктеме, Faculty of Computer Science (Компьютерлік ғылымдар факультеті) – 2 жүктеме.
Кафедралардың оқытушы (ассистенттері): «Тұлғалық даму және білім беру» - 1 жүктеме, «Қазақстан тарихы» - 1 жүктеме, «Дене шынықтыру және спорт» - 1 жүктеме, «Орындаушылық өнер» - 1 жүктеме, Сәулет және құрылыс факультеті («Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылысы» білім беру бағдарламасы) - 1 жүктеме, «Көліктік техника және логистика» - 1 жүктеме, «Механика және мұнай газ ісі» – 1 жүктеме, «География және туризм – 1 жүктеме, «Электрэнергетика» - 1 жүктеме.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
https://tou.edu.kz/arm/storage/files/647f1c3c9036a9.91094368.pdf
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш береді.
Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басын растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (075у нысаны бойынша медициналық анықтама);
3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері;
4) тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары) біліктілікті арттыру курстары оқытылатын пәндерге сәйкес болуы тиіс, өту кезеңі үш жылдан аспауы тиіс;
6) соңғы 5 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің тізімі, ғылыми хатшы куәландырған;
7) Жұмыс жоспары (университеттің даму бағдарламасының тармағына сәйкес), оқытушының 3 жылға арналған жұмыс жоспарының үлгісі, оқытушының жеке кабинетінде орналастырылады, ал университет қызметкерлері болып табылмайтын үміткерлерге «Бос орындар» бөлімінде тіркеледі;
8) кафедра меңгерушісінің лауазымына үміткерлер үшін - кафедраны дамытудың перспективтік жұмыс жоспары Университеттің даму жоспарына сәйкес келу, факультет декандары үшін - факультеттің даму жоспары Университеттің даму жоспарына сәйкес келу;
9) Мәлімделген кафедраларға кафедра меңгерушісінің (білім беру бағдарламалары басшысының) қолдаухаты;
10) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы оның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер (анықтама).
Конкурсқа қатысуға арналған құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі 2023 жылғы 23 қазанға дейін (сағат 18.00 дейін)
Ps: Құжаттар жоғарыда көрсетілген толық пакет болған жағдайда, электрондық нұсқасы сайтта және қағаз нұсқасы HR-қызметінде қабылданады.
Қадамдық нұсқаулық
1. Tou.edu.kz/ru сайтында мәзірден оқытушылар конкурсын таңдау (жоғарғы оң жақ бұрыш);
2. Өтінім;
3. Деректерді толтыру (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
4. Деректерді сақтау;
5. Деректерді сақталғаннан кейін білім беру саласындағы нормативтік актілерді білу бойынша онлайн режимде тестілеуден өту;
6. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің жарияланым бедері бар тізімі (мұқабасы, шығыс деректері, мақала мәтіні, мазмұны) ғылыми хатшыға электронды түрде tou_konkurs@mail.ru email арқылы жіберіледі.
Ескертулер болған жағдайда, тізім түзету және пысықтау үшін электронды түрде сіздің email-ға жіберіледі. Ескертулер болмаған жағдайда Ғылыми хатшы авторға тізімді бекітіп, HR-қызметіне тапсыру және қол қойғызу үшін белгіленген мерзімде жолдайды (2023 жылғы 23 қазанға дейін, сағат 18.00 дейін).
7. Конкурстық комиссия Төрағасының атына үлгі бойынша өтініш жазу, құжаттарды қоса беру.
26.10.2022 жылғы № 2 хаттамамен бекітілген «Торайғыров университеті» КЕАҚ ПОҚ лауазымдарына конкурстық орналасу ережесінің 6.12-тармағына сәйкес «Конкурстық процедуралардың қорытындылары бойынша университеттің ресми порталында профессор-оқытушылар құрамының және әкімшілік-басқарушы персоналдың бос лауазымдарына орналасудың конкурстық процедураларының қорытындысын комиссия отырысы болған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей орналастыру».
Жоғарыда көрсетілген ереженің 2-1-тармағына сәйкес «Кандидаттар конкурстық комиссияның отырысына онлайн режимде қатысуға құқылы».
Жоғарыда көрсетілген ереженің 7.2-тармағына сәйкес «Конкурс қорытындылары жарияланған сәттен бастап «Комиссия шешіміне конкурсқа қатысушылар үш жұмыс күні ішінде шағымдана алады»
Техникалық сұрақтар бойынша 8-775-451-84-43 (Виталий)
HR-қызметіне 8(7182)67-36-65 (ішкі. 11-81, 11-87) ұялы 8-701-520-58-02 хабарласыңыздар
(Конкурсқа қатысуға өтініш үлгісі)
«Торайғыров университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ПОҚ лауазымдарға конкурстық орналасуы
бойынша комиссия төрағасы Н.Т. Ержановқа
Техника ғылымдарының кандидаты
«Механика және мұнай газ» кафедрасының
қауымдастырылған профессоры «доценті)
Наталья Ивановна Петровадан
Мекен жайы: Павлодар қ. Катаев көшесі, 160 үй, 15 пәтер
Үй тел. 20-46-80, Ұялы тел. 8-700-000-00-00
өтініш
Faculty of engineering (Инженерия факультетінің) «Механика және мұнай газ» кафедрасына қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымына 2023 жылғы «13» қазандағы tou.edu.kz/ru сайтында жарияланған хабарландыруға сәйкес бос орын бойынша конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
______________
Конкурсқа қатысушының қолы
__ . _____ 2023
өтініш жазылған күн
| 445