Факультет тарихы

Соғыс жылдарынан кейінгі өнеркәсіптік және азаматтық құрылымның айтарлықтай қарқын алуы кадрлық мәселелерді шешуді талап етті. 20.09.1960 жылғы СССР Министрлер Кеңсінің Қаулысы негізінде Павлодарда Совет Одағы үшін машина жасаушылардың, құрылысшылардың және энергетиктердің ордасына айналған Индустриалды иниститут құрылды.

1962 жылдың қарашасында факульетет құрамынан 0501 «Машина жасау технологиясы және метал кесуші станоктар мен құралдар» мамандығы механика-технологиялық факультетіне бөлініп шықты.

1962 жылдан 1987 жылдың қыркүйегіне дейін машина жасау саласының мамандарын екі факультет даярлады. Олар: машина жасау және механика-технологиялық факультеттері. Машина жасау факультетінде инженерлерді даярлау екі мамандық бойынша жүзеге асырылды: 0509 «Ауылшаруашылық машиналарын жасау», 0523 «Іштен жанатын қозғалтқыштар», 0529 «Тоңазытқыш машиналары және сораптық құрылғылар». 1966 жылы Павлодар қаласында трактор зауытының пайда болуына байланысты факультетте 0513 «Автомобиль және трактор жасау» мамандығы ашылды.

1987 жылдың қыркүйегінде КССРО талаптарына сәйкес жоғары білімді қайта құру бойынша машина жасау және механика-технологиялық факультеттерін біріктіріп машина жасау факультеті деп атады.

2001 жылы машина жасау және инженерлік-құрылыс факультеттерінің базасында құрылыс, көлік және машина жасау иниституты құрылды.

Мамандықтар мен студенттер контингенттері санының артуына байланысты құрылыс, көлік және машина жасау иниституты өз алдына жеке екі иниститут болып қалыптасты. Машина жасау, металлургия және көлік бағытындағы мамандықтар металлургия, машинажасау және көлік саласындағы иниститутқа біріктірілді.

2005 жылдың мамырынан бастап металлургия, машинажасау және көлік иниституты металлургия, машина жасау және көлік факультеті болып қайта құрылды.

2020 жылдың мамырынан бастап металлургия, машина жасау және көлік, сонымен қатар сәулет-құрылыс факультеттері инженерлік факультетке біріктірілді.

2023 жылдың қыркүйегінде факультет құрамынан сәулет және құрылыс факультеті шығарылды.

Бүгінгі таңда факультетте оқу және ғылыми жұмыстарды төрт кафедра жүзеге асырады: "Машина жасау және стандарттау", "Металлургия", "Механика және мұнай-газ ісі", "Көлік техникасы және логистика".