Кафедра тарихы

«Механика және мұнай газ ісі» кафедрасының тарихы өз бастауын 2009 жылдан алады және 15 жылдан астам уақыт бойы мұнай-газ саласында жоғары білікті мамандарды даярлаумен айналысады. Кафедрада оқыған мамандар «ҚазТрансОйл» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Компания Нефтехим LTD» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және т.б. кәсіпорындарда қызмет етуде.

Оқу үрдісін ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметте бай тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар жүргізеді. Олардың ішінде 3 профессор, 5 ғылым кандидаттары, 1 PhD докторлары, 1 қауымдастырылған профессор.

 

Қазіргі уақытта кафедра «Мұнай-газ және мұнай-химия саласындағы жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «Мұнайды, мұнай өнімдерін және газды тасымалдау және сақтау объектілерін жобалау және пайдалану» білім беру бағдарламалары бойынша мұнай-газ саласындағы мамандарды дайындайды. 2018 жылы кафедра «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-мен бірлесіп 6В07204-Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша бакалавриат студенттеріне арналған дуальды оқыту бағдарламасын іске қосты.