"Механика және мұнай-газ ісі" кафедрасы 2009 жылдың шілде айында құрылды. Кафедра 10 жылдан астам мұнай-газ өнеркәсібі саласында жоғары білікті мамандарды даярлаумен айналысады. Кафедраның құрылуы кезеңінен бастап "ҚазТрансОйл" АҚ, "Павлодар мұнай-химия зауыты" АҚ, "Компания Нефтехим LTD" ЖШС, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және т. б. сияқты өңірдің және елдің кәсіпорындарымен ынтымақтастық жолға қойылды. Қазіргі уақытта кафедра "Мұнай-газ және мұнай-химия саласындағы жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу", "Мұнай, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау және сақтау"білім беру бағдарламалары бойынша мұнай-газ саласындағы мамандарды дайындайды. 2019 жылы кафедрада "Павлодар мұнай-химия зауыты" АҚ сұрауы бойынша "Мұнай-химия өндірісінің технологиясы"атты жаңа білім беру троекториясы ашылды.
2018 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ "Павлодар мұнай – химия зауыты" АҚ-мен бірлесіп 5В070800-Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша бакалавриат студенттері үшін дуальді оқыту бағдарламасын іске қосады.
Кафедра қуатты материалдық-техникалық және зертханалық базаға, заманауи инновациялық инфрақұрылымдарға және сабаққа қажетті барлық инновациялық технологияларға ие. Сондай-ақ 2018 жылы біздің факултетіміздің қабырғасында "Компания Нефтехим LTD" ЖШС мамандандырылған аудитроиясы ашылды.
Жыл сайын біздің мамандықтың студенттері біздің аймақтың кәсіпорындарында өндірістік практикадан өтеді. Осындай мысалдардың бірі "ҚазТрансОйл" АҚ-да ақылы өндірістік практикадан өту болып табылады.
Мамандарды даярлау бойынша халықаралық ынтымақтастық шеңберінде студенттерді практика мен ғылыми тағылымдамадан өту үшін шет елдерге жіберу жүзеге асырылады. "Механика және мұнай-газ ісі" кафедрасының студенттері Румынияда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ компаниясының қатысушысы, Rompetrol тобының мажоритарлық акционері болып табылатын "Rominserv" компаниясында тағылымдамадан өтеді, оның негізгі қызметі мұнай-химия өнеркәсібіндегі өнеркәсіптік жобаларды басқару болып табылады.
Студенттер деректерді өңдеу және түсіндіру кезінде өндірісте қолданылатын заманауи бағдарламаларға қол жеткізе алады, атап айтқанда: AutoCAD, 3D Max, Компас-3D.
Көптеген түлектер ірі кәсіпорындардың басшылары, бизнесмендер, саясаткерлер болды.
Кафедра Томск политехникалық университетімен көп жылдық байланыста. Ынтымақтастық ғылыми және әдістемелік консультацияларда, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарында, конференцияларда көрінеді. Қазақстандық жоғары оқу орындарының кафедраларымен – Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-мен, Атырау Мұнай және газ институты, Каспий Университеті және т. б. тығыз байланыс орнатылған.
Тел: 67-36-33 (ішкі 1203)