Торайғыров университетінің «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасы 1996 жылдан бастап білім беру және ғылыми қызметін жүзеге асырып келеді. Кафедра қызметінің негізгі бағыты – химия, химиялық технология және заманауи химиялық талдау әдістері салаларында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Кафедра түлектері Павлодар облысы мен Қазақстан Республикасының жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарында, атап айтқанда, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Компания Нефтехим LTD» ЖШС, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «УПНК-ПВ» ЖШС, «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ, «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ-ның филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытында, «AVC Group» ЖШС, «СЖС Казахстан ЛТД» ЖШС (SGS), «ҚазМұнайХим» ЖШС (QazMunayHim), сондай-ақ басқа да өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдарда кәсіби қызметін жүзеге асырады. Сонымен қатар кафедра түлектері ғылыми-зерттеу, сынақ және талдау зертханаларында, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мекемелерінде, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарында еңбек етеді.
Білім беру процесін ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеу және өндірістік қызмет салаларында елеулі тәжірибесі бар жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамында 3 химия ғылымдарының докторы, 4 химия ғылымдарының кандидаты және 5 PhD докторы қызмет атқарады.
Кафедра өнеркәсіптік кәсіпорындармен және ғылыми ұйымдармен өзара ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келеді. Білім беру қызметінде тәжірибеге бағдарланған оқытуды жетілдіруге, білім беру бағдарламаларының мазмұнын еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес жаңартуға, заманауи технологияларды білім беру процесіне енгізуге және өндіріс саласының өзекті талаптарына жауап беретін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға басымдық беріледі.
Тел: 8 (7182) 673651, (ішкі 1173)