Кафедра тарихы

«Биология және экология» кафедрасының тарихы өз бастауын 2004 жылдан алады. Кафедрада оқыған мамандар «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауытында, «Павлодар жылу желілері» ЖШС, сондай-ақ, облыстық, қалалық және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама бөлімдерінде, төтенше жағдайлар департаменттерінде, ветеринарлық және ауылшаруашылық зертханаларда, орта мектептерде, гимназияларда, лицейлер мен университеттерде қызмет етуде.

Оқу үрдісін ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметте бай тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар жүргізеді. Олардың ішінде 7 профессор, 2 биология ғылымының докторы, 5 биология ғылымының кандидаты, 1 техника ғылымдарының кандидаты, 11 PhD докторы, 11 магистр.