Кафедра тарихы

«Агротехнология» кафедрасы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры э.ғ.д., профессор Е. М. Арын мырзаның бастамасымен 2009 жылы шілде айында құрылып, Агротехнология факультетінің құрамына кірді.

Кафедра ұжымы 6B08101 - «Агрономия», 6B08301 - «Орман ресурстары және орманшылық» мамандықтары бойынша бакалавр даярлайды; 2012 жылы – 7М08101 «Агрономия» мамандығын даярлайтын магистратура ашылды.