Кафедра тарихы

«Агротехнология» кафедрасы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры э.ғ.д., профессор Е. М. Арын мырзаның бастамасымен 2009 жылы шілде айында құрылып, Агротехнология факультетінің құрамына кірді.

Кафедра ұжымы 5B080100 - «Агрономия», 5B080700 - «Орман ресурстары және орманшылық» мамандықтары бойынша бакалавр даярлайды; 2012 жылы – 6М080100 «Агрономия» мамандығын даярлайтын магистратура ашылды.