Факультет тарихы

Ректордың бұйрығымен 2009 жылдың шілде айында Агротехнологиялық факультеті құрылды.

Факультетте 3 кафедра жұмыс жасауда. Кадрлық құрылым 44 тұрақты мұғалімдерден құрылған. Оның ішінде 4 ғылым докторы, 21 ғылым кандидаты, 2 доктор PhD, 13 магистр. Ғылым атағы бар ұстаз үлесі 61% құрайды. Орташа жас шамасы – 45 жас.

Агротехнологиялық факультет Агрөнеркәсіптік кешен үшін ауыл шаруашылық профиліндегі 3 мамандық профилінен бакалаврларды дайындайды (Агрономия, Мал шаруашылығын өнімдерін өндіру технологиясы және Орман ресурстары және орманшылық) және 2 техникалық бағыттағы мамандық (Биотехнология, Тамақ өнімдерінің технологиясы) және мамандық бойынша магистратуралар 6М072700 Биотехнология, 6М072700 Тамақ өнімдерінің технологиясы, 6М080100 Агрономия, 6М080200 Мал шаруашылығын өнімдерін өндіру технологиясы.

Пәнді тереңірек оқу үшін және жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту үшін білім беру бағдарламалары қарастырылған:

МамандықтарБілім беру бағдарламасы
16B08101 - «Агрономия»Дала шаруашылығы
Көкөніс-жеміс шаруашылығы
25В080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»Мал азықтандыру және күтіп-бағу технологиясы
Мал шаруашылығындағы селекция
36B08301 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы»Орман шаруашылық ісі
Саябақ шаруашылығы және ландшафттық дизайн
45В070100 - «Биотехнология»Тағам биотехнологиясы
Ауыл шаруашылық биотехнологиясы
55В072700 «Азық – түлік өнімдерінің технологиясы»Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы
Ет және ет өнімдерінің технологиясы
Қоғамдық тамақтанудың технологиясы

Факультет ашылған жылы контигент саны 240 студентті құраса, 2015 жылы 572 студентті құрады.

Олардың ішінде күндізгі оқу түрі бөлімде оқитындар – 550, оның ішінде қазақ тілінде оқитындар - 284, орыс тілінде оқитындар – 266.

Cырттай оқу түрінде оқитын студенттер – 22, оның ішінде қазақ тілінде оқитындар - 2, орыс тілінде оқитындар – 20.

Грант иегерлері – 436, келісім-шарт негізінде – 136.

Факультет бойынша магистранттар контингенті 17 адам құрайды, оның ішінде грант иегерлері – 11.