С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Павлодар облысының татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мерейтойын тойлау шеңберінде Татар кітабы күні өтті.

Шара Павлодар облысының татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталғы, С. Торайғыров атындағы ПМУ «Бірлік» студенттік Ассамблеясы мен Қазақстан халқы кітапханасының мұрындық болуымен жүзеге асты.

Әдеби кездесуге «Бірлік» студенттік ассамблеясының белсенділері, студенттер мен магистранттар және кештің құрметті қонақтары ретінде татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшелері қатысты.

«Бірлік» студенттік Ассамблеясының төрағасы Рамил Смаиловтың мәлімдеуінше, бүгінгі кездесудің мақсаты әлемдік мәдениеттің бір бөлшегі ретінде татар әдебиетін танып-білу.

Павлодар облысының татар-башқұрт қоғамдық мәдени орталғының төрайымы Венера Иванова жиылған көпшілікке орталық қызметі мен жетістіктері туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, ол орталық атынан Ертістің Павлодар өңірінен шыққан татар жазушыларының кітаптарын сыйға тартты. «Татар-башқұрт орталығы татар мәдениеті мен әдебитеіне арналған осындай тамаша кешке ұйытқы болған С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне алғысымызды білдіреміз», – деді Венера Альфредовна.

К. Даржуман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқытушысы Роза Серасшетдинова өз сөзінде өңірдегі татар орталғының қалыптасу тарихы мен мектеп оқушыларының жетістіктерін баяндап берді. Роза Нұриқызының айтуынша, әр ұлт өзінің қай ұлт өкілі екнін біліп қана қоймай, мәдени, әдеби, тарихи мұраларына қанығып өскені абзал. «Татар-башқұрт мәдени орталығы жас ұрпақты ұлттың асыл мұраларымен сусындатып келеді. Осы үшін біз Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа ризалығымызды білдіреміз», – деді Роза Нұриқызы.

Ал Қазақстан халқы кітапханасының меңгерушісі Елена Лиханова университет кітапханысының қорындағы татар жазушыларының әдебиеттері және татар тіліндегі энциклопедиялар мен мерзімдік басылымдар туралы ақпарат берді.

Татар әдебиетінің ерекшеліктері, татар жазушылары Ғабдолла Тоқай мен Мұса Жалил шығармашылығы жайында Павлодар мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Закия Латыпова қызықты әңгіме өрбітті.

Кеш қатысушылары танымды да тағылымды әңгімелесулерден өзге студенттердің өнерлеріне де қанық болды. Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің 3 курс студенті Ринат Абдулкаюмов «Ана тілі» өлеңімен көпшілікті тәнті етті. Агротехнологиялық факультеттің 4 курс студенті Гүлжан Ишимова Мұса Жалилдің шығармасын оқыды. Сондай-ақ, татар музыкасын скрипкада орындаған Юлия Рамазанова қонақтарды өз өнерімен сүйсіндірді.