С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жұқтырылған иммун тапшылығының синдромына (ЖИТС) қарсы күреске арналған Бүкіләлемдік күніне орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн режимінде өтті.

2013 жылдың 3 желтоқсанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің белсенді студенттері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Мейрам Бегентаев пен Андрей Бегенеевпен кездесті.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Студенттер үйінде Студенттік кеңестің ұйымдастыруымен «Таланттар сайысы- 2013» атты іс-шарасы өткізілді.

Тұңғыш Президент күніне орай студенттік өзін-өзі басқару аясында «Насихат» саяси-құқықтық клубының ұйымдастыруымен Павлодар мемлекеттік университетінде «Қоғамның маңызды тақырыптарының екі жақты көрінісі» атты тақырыпта университетаралық дебат турнирі және «Президент жолы» атты дөңгелек үстел өтті.

2013 жылдың 29 қарашасында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің спорттық залында студентік өзін-өзі басқару аясында ПМУ-дың Жастар ісі жөніндегі комитеті Тұңғыш Президент күніне арналған үстел теннисінен турнир өткізген болатын.

2013 жылдың 28 қарашасында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттік клубында Орыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен әдеби бал өтті.

Павлодарда өткен тоғызқұмалақтан Азияның екінші ашық чемпионатына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің спортшылары қатысты.

ПМУ профессоры әрі белгілі ұстаз-сазгер мерейтойында С.Торайғыров атындағы ПМУ әнұранының тұсауы кесілді

2013 жылдың 2-4 желтоқсанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті институционалдық аккредиттеуден өтеді.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 2013 жылдың 18 қарашасынан бастап шаралар жинағы басталды.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Туризм» мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттері Павлодар облысының Туризм басқарамасы мен «Эком» қоғамдық қорымен бірлесіп атқарған «Туризм, алға» көрмелік олимпиадаға қатысты.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасында Павлодар облысы «Қазақстан кәрістері ассоциациясы» қоғамдық бірлестігімен кездесу өтті.

Тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасарларының, кафедра меңгерушілерінің, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер мамандарының, магистранттардың, студенттердің қатысуымен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Қазіргі қазақстандық қоғамдағы этносаралық төзімділік: жағдайы және беталыстары» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

2013 жылдың 21 қарашасында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде қазақтың ғұламасы, ағартушымыз, шығыстанушы, фольклоршы, дарынды ақын Мәшһүр Жүсіптің 155 жылдығына орай «Мәшһүр Жүсіп – әлемдік Ғаламат» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.

2013 жылдың 20 қарашасында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері атақты жерлесіміз, аты әлемге әйгілі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірлік іс-әрекетіне арналған көркем суреттер көрмесіне қатысты.

2013 жылдың 19 қарашасында Естай атындағы мәдениет сарайында Халықаралық студенттер күніне орай С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттерін университет студенттерінің қатарына салтанатты түрде қабылдауы өтті.

2013 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы қор жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттерімен кездесті.

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драмалық театры қабырғасында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ғалымдары өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «ПМУ аруы-2013» сұлулық байқауының қорытынды кеші өтті. Байқау финалына тоғыз факультеттің арулары қатысты.

ПМУ-ДА ФЛЭШМОБ
2013-11-18 03:31:39

2013 жылдың 15 қарашасында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ПМУ Жастар істері жөніндегі комитетінің белсенді мүшелері Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күнінің 20 жылдығына орай флэшмоб ұйымдастырды.