С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері «Ертіс» футбол клубының лигионері Фернандер Кассаймен кездесті.

Кездесудің өтуіне Павлодар мемлекеттік университетінің «ЕХПО – 2017» көрмесіне волонтерларды даярлайтын орталығы және көптілді білім беру орталығы мұрындық болды.

Бұл кездесу студенттердің шет тілін меңгеруіне зор тәжірибе болды, ал Фернандер Кассай өзінің орталықтан алған тіл білімін жақсы меңгергенін көрсетті.

Еске сала кетейік, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен «Ертіс» футбол клубы өзара түсінушілік меморандумға қол қойған еді. Бұл келісім негізінде ойыншылардың Павлодар мемлекеттік университетінде қазақ және орыс тілдерін меңгеруі қарастырылған болатын.

Сонымен бірге, студенттер кездесу барысында Қазақстан және Франция туралы қызықты да танымды тұсау кесерлер ұсынды. Және де студенттер домбырада күмбірлете күй тартып, француз тілінде ән шырқады.

С. Торайғыров атындағы ПМУ француз тілі және мәдениеті орталығының үйлестірушісі Татьяна Айдашованың айтуынша, бұл кездесу студенттер тілдік ерекшелікті жіті түсінуге, шет тілін игеру үшін тәжірибе жинақтауға бағытталған.

– Кездесу жалпы ағылшын тлінде өтті. Фернандер Кассай мырза француз тіліндегі сөзді ести сала, қуанғанынан өз ана тілінде сөйлей жөнелді. Адам қанша тілді меңгерсе де, туған тілі қашанда жақын болатыны сөзсіз, – деді Татьяна Михайловна.

Университет қабырғасында жұмыс істеп жатқан бұл орталық Қазақстан мен Франция елдері арасында ынтымақтастық пен серіктестіктің артуына өз үлесін қосып келеді. Орталық С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті студенттерінің француз тілін игеруіне зор ықпал етуде.