С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттеріне Голландия елінің сарапшылары Лоренс Катгерман мен Арнот Фернокост дәріс оқыды.

Павлодар мемлекеттік университеті мен Голландиялық академиялық қызмет ИИД МБ-2 жүзеге асыру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы келісімге келген болатын. Бұл келісім шетелдік сарапшылардың (жоғары h индексті) тренингтер мен семинарлар өткізуі, әлемдегі танымал сарапшылардың мұнай өңдеу, металлургия, IT технологиялар, менеджмент, бизнес жобалау, стартаптар жасауға кеңес беруіне жол салады.  

Лоренс Катгерман 1992 – 2010 жылдар аралығында Делфт технологиялық университетінің металлургия профессоры және жеңіл металлды өңдеу бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Ол Делфт университетіне келместен бұрын алюминий өнеркәсібінде 10 жыл бойы еңбек етті (Alcoa, Alcan, АҚШ және Ұлыбритания халықаралық компанияларында). Сондай-ақ, Лоуренс мырза 1993 жылы Гуманитарлық білімнің Голландиялық Королдік ұйымының (Koninklijke Hollandsche Maatschappij Wetenschappen) мүшесі атанды. Оның бүгінде 200-ден аса ISI ғылыми дәйексөздері және 4 патенті, Хирша (Н) индексі (коэфифиценті 27) бар.

Шетелдік ғалым Павлодар мемлекеттік университетінде ИИД МБ-2 бойынша білім алып жүрген магистранттарға қара және түрлі-түсті металлургия шикізат қорларын өңдеудің заманауи технологиясы тақырыбында дәріс оқуда. 

Лоренс Катгерман мырза өз сөзінде Павлодар мемлекеттік университеті білім алушыларының білімге деген беталысын жоғары бағалады.  

Арнот  Фернокост «Shell» компаниясында 35 жылға жуық қызмет еткен өз кәсібінің білгірі. Шетелдік сарапшы өз дәрісінде студенттерге болашақтағы мансабын дұрыс құру төңірегінде сөз қозғап, мұнайхимия саласындағы инновацияларды жасап шығару туралы әңгіме өрбітті. 

– Павлодар мемлекеттік университеті білім алушыларының ғылыми ізденіске деген бетбұрысы жақсы. Олардың білімге деген беталыстарын оң бағалаймын. Қазақ жастары өте жігерлі де алғыр екен, – деп өз қөзқарасын білдірді студенттер жайында шетелдік қонақ.     

Сонымен қатар, С. Торайғыров атындағы ПМУ және Голландиялық қызметі бірлескен ғылыми жобалар бойынша жұмысатрын дамытып, ИИД мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың мәселелерін шешу жолдарын қарастыруды жоспарлауда.