«Торайғыров университеті» КЕАҚ Профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстық комиссияның 2026 жылғы 14 тамыздағы шешімдерінің нәтижелері

| 851
Результаты конкурса от 14 августа 2026.pdf
Толығырақ
2026-08-19 00:00:00

«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, телефон (8-7182) 67-36-65, бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Директор: Үздіксіз білім беру институты – 1 жүктеме.

Қызметінің мәні – университеттің үздіксіз білім беру жүйесін дамытуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің қызметіне басшылық жасау, қызметкерлерге арналған қосымша білім беру, біліктілікті арттыру, кәсіптік қайта даярлау, қысқа мерзімді білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және іске асыру, сондай-ақ білім беру қызметтері нарығында университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

- жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- білім беру ұйымдарында немесе білім беруді басқару органдарында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

- Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасын, «Торайғыров университеті» КЕАҚ-ның қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттарын білу.

Факультет деканы: Сәулет және құрылыс факультеті – 1 жүктеме.

Кафедра меңгерушісі: «География және туризм» - 1 жүктеме, «Құқықтану» - 1 жүктеме.

Кафедра қауымдастырылған профессоры (доценті): «Биотехнология» – 1 жүктеме, «Металлургия» - 1 жүктеме.

Кафедра оқытушысы (ассистенті): «Журналистика» – 2 жүктеме.

Профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш береді.

Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басын растайтын құжаттары (тексеру үшін түпнұсқа);

2) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (075/у нысаны бойынша медициналық анықтама);

3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері;

4) тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

5) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары) біліктілікті арттыру курстары оқытылатын пәндерге сәйкес болуы тиіс, өту кезеңі үш жылдан аспауы тиіс;

6) соңғы 5 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің тізімі, ғылыми хатшы куәландырған;

7) Жұмыс жоспары (университеттің даму бағдарламасының тармағына сәйкес), оқытушының 3 жылға арналған жұмыс жоспарының үлгісі оқытушының жеке кабинетінде орналастырылады, ал университет қызметкерлері болып табылмайтын үміткерлерге «Бос орындар» бөлімінде тіркеледі;

8) Мәлімделген кафедраларға кафедра меңгерушісінің,  факультет деканының қолдаухаты;

9) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы оның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер (анықтама).

Конкурсқа қатысуға арналған құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі 2026 жылғы 27 тамыз (сағат 18.00-ге дейін).

Құжаттар жоғарыда көрсетілген құжаттардың толық пакеті ұсынылған жағдайда, электрондық нұсқасы сайт арқылы, ал қағаз нұсқасы ПДҚ бөлімінде қабылданады.

1. https://tou.edu.kz/ru/ сайтында мәзірден оқытушылар конкурсын таңдау (жоғарғы оң жақ бұрыш);

2. Өтінім;

3. Деректерді толтыру (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);

4. Деректерді сақтау;

5. Деректерді сақталғаннан кейін білім беру саласындағы нормативтік актілерді білу бойынша онлайн режимде тестілеуден өту;

6. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің жарияланым бедері бар тізімі (мұқабасы, шығыс деректері, мақала мәтіні, мазмұны) Ғылыми қызмет департаменті директорының қолымен рәсімделуі тиіс. Жарияланымдар тізімін ҒЗЖ бөліміне белгіленген мерзімде, 2026 жылғы 27 тамыз сағат 18:00-ге дейін тапсыру қажет.

7. Конкурстық комиссия Төрағасының атына үлгі бойынша өтініш жазу, құжаттарды қоса беру.

26.10.2020 жылғы № 2 хаттамамен бекітілген, өзгерістермен толықтырылған (27.08.2025 ж.
№ 2 хаттама) «Торайғыров университеті» КЕАҚ ПОҚ лауазымдарына конкурстық орналасу ережесінің 6.12-тармағына сәйкес Конкурстық процедураларының қорытындысы университеттің ресми порталында орналасады https://tou.edu.kz/ru/.

Жоғарыда көрсетілген ереженің 2-1-тармағына сәйкес «Кандидаттар конкурстық комиссияның отырысына онлайн режимде қатысуға құқылы».

Жоғарыда көрсетілген ереженің 7.2-тармағына сәйкес «Конкурс қорытындылары жарияланған сәттен бастап «Комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымдана алады».

Персоналды дамытуды қолдау бөліміне мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7182)67-36-65 (ішкі. 11-81, 11-87)

| 850
Конкурсқа қатысуға арналған өтініштің үлгісі.docx
Образец заявления для участия в конкурсе.docx
Толығырақ
2026-08-17 00:00:00

Құрметті әріптестер!

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырмасына сәйкес (14.08.2026 ж. шығ. № 5-11-01-10/5294-И), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық туралы хабарлайтын тұлғаларды қорғау тетіктеріне зерттеу жүргізуде. Осыған байланысты қысқа әрі анонимді сауалнамадан өтуіңізді сұраймыз.

 

Сауалнама сілтемесі: https://forms.gle/XYbhcjnj2y4Zs2DR9

 

Өту уақыты: 3–5 минуттан аспайды.

 

Құпиялылық: сауалнама толығымен анонимді, дербес деректер сұралмайды.

| 849
Запрос ГО_защита рус.docx
Запрос ГО_защита каз.docx
Толығырақ
2026-08-17 00:00:00

Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, телефон (8-7182) 67-36-65, бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:


-    Үздіксіз білім беру институтының директоры.


Қызметінің мәні – университеттің үздіксіз білім беру жүйесін дамытуға, қызметкерлердің қосымша білім алуын, біліктілігін арттыруын, кәсіптік қайта даярлауын және қысқа мерзімді білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру мен іске асыруды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің қызметіне басшылық жасау, сондай-ақ университеттің білім беру қызметтері нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру..
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
- жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- білім беру ұйымдарындағы немесе білім беруді басқару органдарындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;
- білім беру саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасын білу, «Торайғыров университеті» КЕАҚ-ның қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттарын білу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) жеке куәлігінің көшірмесі;
2) соңғы жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
3) автобиография;
4) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері мен салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;
5) қайта даярлау және біліктілікті арттыру сертификаттарының (бар болған жағдайда) көшірмелері мен салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;
6) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-кеңестік қорытынды);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есепке алудың болуы не болмауы туралы анықтама.
10) конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;
11) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
12) конкурсқа қатысушы Институтты дамытудың 3 жылға арналған перспективалық жоспарын ұсынуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.
Конкурсқа қатысушылар комиссияның шешіміне конкурс қорытындылары жарияланған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымдана алады.
ПДҚ-бөліміне 8(7182)67-36-65 (ішкі. 11-81, 11-87) ұялы 8-701-520-58-02 хабарласыңыздар.

| 845
Өтініш үлгісі.pdf
Образец заявления.pdf
Толығырақ
2026-08-17 00:00:00

«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, телефон (8-7182) 67-36-65, бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 

- Факультет деканы Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Сәулет және құрылыс факультеті, Инженерия факультеті.

 

- Кафедра меңгеруші: «Агротехнология», «География және туризм», «Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылыс», «Тұлғалық дамыту және білім беру», «Дене шынықтыру және спорт», «Химия және химиялық технологиялар», «Металлургия», «Машина жасау және стандарттау», «Зоотехнология және ветеринария», «Жылуэнергетика», «Филология», «Журналистика», «Философия және әлеуметтік ғылымдар», «Орындаушылық өнер», «Қазақстан тарихы», «Қаржы және есеп», «Құқықтану».

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

https://tou.edu.kz/arm/storage/files/6964b8af0edf55.57621426.pdf

 

Конкурсқа қатысуға арналған құжаттарды қабылдаудың мерзімі 2026 жылғы 21 шілдеден бастап 2026 жылғы 10 тамызға дейін.

 

Құжаттар толық пакет болған жағдайда, электрондық нұсқасы сайтта және қағаз нұсқасы Персоналды дамыту қолдау бөлімінде қабылданады 226 каб.

 

Құжаттар тізімі:

1) жеке басын растайтын құжаттары (тексеру үшін түпнұсқа);

2) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (075у нысаны бойынша медициналық анықтама);

3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері;

4) тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

5) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары) біліктілікті арттыру курстары оқытылатын пәндерге сәйкес болуы тиіс, өту кезеңі үш жылдан аспауы тиіс;

6) соңғы 5 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің тізімі.

7) Стратегия (жұмыс жоспары) (университеттің даму бағдарламасының тармағына сәйкес), жоспардың үлгісі университет қызметкерлері болып табылмайтын үміткерлерге «бос орындар» бөлімінде тіркеледі;

8) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы оның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер (анықтама).

 

Қадамдық нұсқаулық

1. tou.edu.kz сайтында мәзірден оқытушылар конкурсын таңдау (жоғарғы оң жақ бұрыш);

2. Өтінім;

3. Деректерді толтыру (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);

4. Деректерді сақтау;

5. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің жарияланым бедері бар тізімі.

 

Техникалық сұрақтар бойынша 8-747-757-33-90 (Меирбек)

ПДҚ-бөліміне 8(7182)67-36-65 (ішкі. 11-81, 11-87) хабарласыңыздар

| 844
Форма оформления списка трудов.doc
Толығырақ
2026-07-21 00:00:00

Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, телефон (8-7182) 67-36-65, бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

-    Цифрлық даму және жасанды интеллектті енгізу департаментінің директоры:

Қызметтің негізгі мақсаты – ұйым қызметін цифрлық трансформациялау, жасанды интеллект технологияларын енгізу және дамыту, цифрлық жобалар мен ақпараттық жүйелерді басқару, цифрлық сервистерді дамыту, бизнес-процестерді автоматтандыру, сондай-ақ цифрлық даму стратегиясының іске асырылуын үйлестіру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
- жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- ақпараттық технологиялар, цифрлық трансформация, ақпараттық жүйелерді енгізу немесе жасанды интеллект саласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің болуы;
- білім беру саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасын білу, «Торайғыров университеті» КЕАҚ-ның қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттарын білу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) жеке куәлігінің көшірмесі;
2) соңғы жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
3) автобиография;
4) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері мен салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;
5) қайта даярлау және біліктілікті арттыру сертификаттарының (бар болған жағдайда) көшірмелері мен салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;
6) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-кеңестік қорытынды);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есепке алудың болуы не болмауы туралы анықтама.
10) конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;
11) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
12) конкурсқа қатысушы Департаментті дамытудың 3 жылға арналған перспективалық жоспарын ұсынуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.
Конкурсқа қатысушылар комиссияның шешіміне конкурс қорытындылары жарияланған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымдана алады.
Техникалық сұрақтар бойынша 87755458997 (Аида)
ПДҚ-бөліміне 8(7182)67-36-65 (ішкі. 11-81, 11-87) ұялы 8-701-520-58-02 хабарласыңыздар

| 843
Образец заявления для участия в конкурсе директор ДЦРиВИИ.docx
Каз_Образец заявления для участия в конкурсе директор ДЦРиВИИ.docx
Толығырақ
2026-07-08 00:00:00

«Торайғыров университеті» КЕАҚ Профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстық комиссияның 2026 жылғы 29, 30 маусымдағы және 01 шілдедегі шешімдерінің нәтижелері»

| 842
конкурс 29 июня 2026.pdf
конкурс 30 июня 2026.pdf
конкурс 01 июля 2026.pdf
Толығырақ
2026-07-02 00:00:00

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Құрметті бакалавриат студенттері, магистранттар және докторанттар!

Атаулы стипендия тағайындау конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарлаймыз!

Торайғыров университетінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 15-09/291 бұйрығымен бекітілген Атаулы стипендиялар туралы ереженің 3.1 тармағына сәйкес, Атаулы стипендия тағайындау конкурсына қатысуға өтінімдер 2026 жылдың 30 мамырынан бастап 2026 жылдың 15 маусымына дейін қабылданатының хабарлаймыз.

Үміткерлерден барлық растайтын құжаттарды (3.3-тармақ) электрондық нұсқада pdf форматында nmo-pgu@mail.ru электрондық поштаға «Тегі_Атаулы стипендия» белгісімен жіберуіңізді сұраймыз.

Атаулы стипендиялар туралы ереже қосымшада көрсетілген.

БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ – қосымшада.

| 824
Положение об именных стипендиях.pdf
Протокол 1_Именная стипендия.pdf
Толығырақ
2026-07-02 00:00:00

Құрметті білім алушылар!

«Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру процесінде босаған «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін бос білім беру гранттарын беру Қағидалары» негізінде tou.edu.kz порталындағы білім алушының жеке кабинетінде оқу процесінде босаған бакалавриат және магистратураның бос гранттарын беруге өтініштерді онлайн қабылдау tou.edu.kz/student_cabinet/ сілтемесі бойынша 2026 жылғы 24 маусымды қоса алғанда ұзартылады.

Бос білім гранттардың тізімі университет порталында " Student life - Бос гранттар" тарауда орналасқан Сілтемеге өту (сілтеме: https://tou.edu.kz/ru/?option=com_content&view=article&id=9974)

| 841
Толығырақ
2026-06-22 00:00:00

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастардың аналитикалық және зерттеу құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша шешімдер әзірлеуге және ілгерілетуге қабілетті жас сарапшылар пулын қалыптастыруға бағытталған «Jastar Research Hub» жас сарапшылар акселераторы жобасы іске қосылды.

Жоба жастар саясаты, мемлекеттік басқару, цифрландыру, өңірлік даму және қоғамдық үдерістер салаларында зерттеу және сараптамалық қызметке қызығушылық танытатын магистратура және докторантура студенттеріне арналған.

Жоба аясында:

- қатысушыларды конкурстық іріктеу (2026 жылғы 4 мамыр – 4 маусым аралығы);

- оқыту бағдарламасын өткізу;

- аналитикалық баяндамаларды дайындау және таныстыру;

- қатысушыларды сараптамалық алаңдарға тарту және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

- кәсіби даму мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу көзделген.

Жобаға қатысу үшін үміткерлер www.eljastary.kz сайтында өтінім толтыруы қажет.

Байланыс тұлғалары:

Ақмарал Тұрғайбекқызы – «Жастар» ҒЗО директорының орынбасары,

тел.: +77014260195; Айым – «Жастар» ҒЗО сарапшысы, тел.: +7 775 734 7247

Электрондық пошта: infonic@eljastary.kz

| 825
Акселератор.pdf
Акселератор Каз.pdf
Толығырақ
2026-06-15 00:00:00

Құрметті білім алушылар!

Қазақстан бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың қосымша кезеңі ашылды.

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2026 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін ұзартылды.

 

Іріктеудің негізгі критерийлері:

- оқу кезеңінің барлық уақытындағы жоғары академиялық үлгерім;

- Қазақстан бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу үшін GPA көрсеткіші кемінде 2,7 болуы тиіс.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

1) ҚР азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;

2) Академиялық үлгерімі көрсетілген транскрипт (ЦОС арқылы рәсімделеді);

3) № 075 нысанындағы медициналық анықтама және флюорография нәтижесі (шетелге шығушылар үшін);

4) 3×4 см көлеміндегі фотосуреттер (4 дана);

5) Кафедраның ұсыным хаты (деканның, кафедра меңгерушісінің және эдвайзердің қолымен расталған);

6) Ата-анасының басқа жоғары оқу орнында білім алуға келісімі туралы өтініші.

 

Байланыс мәліметтері:

112-кабинет
e-mail: malceva.d@tou.edu.kz

Үйлестіруші: Дарья Александровна

| 835
Толығырақ
2026-06-12 00:00:00

«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, телефон (8-7182) 67-36-65, бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Кафедраларының профессорлары: «Экономика» – 4 жүктеме, «Құқықтану» – 1 жүктеме, «Қаржы және есеп» - 1 жүктеме, «Электрэнергетика» - 3 жүктеме,  «Электртехника және автоматтандыру» - 3 жүктеме, «Жылуэнергетика» - 2 жүктеме, «Биология және экология» - 1 жүктеме, «Химия және химиялық технологиялар» - 3 жүктеме,  «Көліктік техника және логистика» - 2 жүктеме, «Қазақстан тарихы» - 1 жүктеме,  «Металлургия» – 3 ставки, «Машинажасау және стандарттау» - 2 жүктеме, «Механика және мұнай газ ісі» - 1 жүктеме, «Сәулет және жизайн»  - 3 жүктеме, «Өнеркәсәптік, азаматтық және көлік құрылысы» - 2 жүктеме, «Физика, математика және аспап жасау» - 3 жүктеме, «Ақпараттық технологиялар» - 2 жүктеме, «Агротехнология» - 1 жүктеме, «Биотехнология» - 1 жүктеме, «Зоотехнология және ветеринария» - 3 жүктеме, «Журналистика» - 2 жүктеме, «Шетел филология» - 4 жүктеме, «Философия және әлеуметтік ғылымдар – 1 жүктеме, «Үштұғырлы тіл» - 2 жүктеме, «Филология» - 2 жүктеме, «Тұлғалық дамыту және білім беру» - 1 жүктеме,

Кафедраларының қауымдастырылған профессорлары (доценттері): «Экономика» – 2 жүктеме, «Құқықтану» - 1 жүктеме, «Қаржы және есеп» - 2 жүктеме, «Электрэнергетика» - 2 жүктеме, «Биология және экология» - 6 жүктеме, «Химия және химиялық технологиялар» - 1 жүктеме,  «География және туризм» - 1 жүктеме, «Қазақстан тарихы» - 4 жүктеме, «Металлургия» – 4 ставки, «Машинажасау және стандарттау» - 3 жүктеме, «Көліктік техника және логистика» - 4 жүктеме, «Механика және мұнай газ ісі» - 1 жүктеме, «Сәулет және жизайн»  - 3 жүктеме, «Өнеркәсәптік, азаматтық және көлік құрылысы» - 4 жүктеме, «Физика, математика және аспап жасау» - 5 жүктеме, «Ақпараттық технологиялар» - 1 жүктеме, Агротехнология» - 3 жүктеме, Биотехнология- 2 жүктеме, «Зоотехнология және ветеринария» - 2 жүктеме,

«Журналистика – 2 жүктеме, Шетел филология» - 1 жүктеме, «Философия және әлеуметтік ғылымдар – 1 жүктеме, «Үштұғырлы тіл» - 3 жүктеме, «Филология» - 3 жүктеме, «Тұлғалық дамыту және білім беру» - 4 жүктеме,

Кафедраларының аға оқытушылары «Экономика» – 5 жүктеме, «Құқықтану» - 4 жүктеме, «Қаржы және есеп» – 2 жүктеме, «Электрэнергетика» - 1 жүктеме, «Электртехника және автоматтандыру» - 2 жүктеме, «Жылуэнергетика» - 3 жүктеме, «Биология және экология» - 3 жүктеме, «Химия және химиялық технологиялар» - 5 жүктеме, «Машинажасау және стандарттау» - 1 жүктеме, «Көліктік техника және логистика» - 3 жүктеме, Металлургия» – 3 ставки, «Механика және мұнай газ ісі» - 2 жүктеме, «Сәулет және жизайн»  - 5 жүктеме, «Өнеркәсәптік, азаматтық және көлік құрылысы» - 2 жүктеме, «Физика, математика және аспап жасау» - 3 жүктеме, «Ақпараттық технологиялар» - 5 жүктеме, «Агротехнология» - 4 жүктеме,  «Журналистика – 2 жүктеме, Шетел филология» - 1 жүктеме, «Қазақстан тарихы» - 1 жүктеме,

«Орындаушылық өнер» - 2 жүктеме, «Үштұғырлы тіл» - 2 жүктеме, «Дене шынықтыру және спорт» - 5 жүктеме,  «Тұлғалық дамыту және білім беру» - 4 жүктеме,

Кафедраларының оқытушылары (ассистенті) «Жылуэнергетика» - 1 жүктеме, «Химия және химиялық технологиялар» - 3 жүктеме,  «Физика, математика және аспап жасау» - 1 жүктеме, «Ақпараттық технологиялар» - 1 жүктеме, «Философия және әлеуметтік ғылымдар – 1 жүктеме, «Орындаушылық өнер» - 3 жүктеме, «Дене шынықтыру және спорт» - 3 жүктеме, 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

https://tou.edu.kz/arm/storage/files/6964b8af0edf55.57621426.pdf

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш береді.

Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басын растайтын құжаттары (тексеру үшін түпнұсқа);

2) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (075у нысаны бойынша медициналық анықтама);

3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері;

4) тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

5) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары) біліктілікті арттыру курстары оқытылатын пәндерге сәйкес болуы тиіс, өту кезеңі үш жылдан аспауы тиіс;

6) соңғы 5 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің тізімі, ғылыми хатшы куәландырған;

7) Жұмыс жоспары (университеттің даму бағдарламасының тармағына сәйкес), оқытушының 3 жылға арналған жұмыс жоспарының үлгісі оқытушының жеке кабинетінде орналастырылады, ал университет қызметкерлері болып табылмайтын үміткерлерге «Бос орындар» бөлімінде тіркеледі;

8) Мәлімделген кафедраларға кафедра меңгерушісінің,  факультет деканының қолдаухаты;

9) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы оның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер (анықтама).

Конкурсқа қатысуға арналған құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі 2026 жылғы 18 маусымға дейін (сағат 18.00 дейін)

Құжаттар жоғарыда көрсетілген толық пакет болған жағдайда, электрондық нұсқасы сайтта және қағаз нұсқасы ПДҚ бөлімінде қабылданады.

Қадамдық нұсқаулық

1. https://tou.edu.kz/ru/ сайтында мәзірден оқытушылар конкурсын таңдау (жоғарғы оң жақ бұрыш);

2. Өтінім;

3. Деректерді толтыру (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);

4. Деректерді сақтау;

5. Деректерді сақталғаннан кейін білім беру саласындағы нормативтік актілерді білу бойынша онлайн режимде тестілеуден өту;

6. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің жарияланым бедері бар тізімі (мұқабасы, шығыс деректері, мақала мәтіні, мазмұны) ғылыми хатшыға электронды түрде tou_konkurs@mail.ru email арқылы жіберіледі.

Ескертулер болған жағдайда, тізім түзету және пысықтау үшін электронды түрде сіздің email-ға жіберіледі. Ескертулер болмаған жағдайда Ғылыми хатшы авторға тізімді бекітіп, ПДҚ бөліміне тапсыру және қол қойғызу үшін белгіленген мерзімде жолдайды (2026 жылғы 18 маусымға дейін, сағат 18.00 дейін).

7. Конкурстық комиссия Төрағасының атына үлгі бойынша өтініш жазу, құжаттарды қоса беру.

26.10.2020 жылғы № 2 хаттамамен бекітілген, өзгерістермен толықтырылған (18.06.2024 ж.
№ 11/12 хаттама) «Торайғыров университеті» КЕАҚ ПОҚ лауазымдарына конкурстық орналасу ережесінің 6.12-тармағына сәйкес «Конкурстық процедураларының қорытындысы университеттің ресми порталында орналасады https://tou.edu.kz/ru/ .Жоғарыда көрсетілген ереженің 2-1-тармағына сәйкес «Кандидаттар конкурстық комиссияның отырысына онлайн режимде қатысуға құқылы».

Жоғарыда көрсетілген ереженің 7.2-тармағына сәйкес «Конкурс қорытындылары жарияланған сәттен бастап «Комиссия шешіміне конкурсқа қатысушылар үш жұмыс күні ішінде шағымдана алады»

Техникалық сұрақтар бойынша 8-775-451-84-43 (Виталий)

HR-қызметіне 8(7182)67-36-65 (ішкі. 11-81, 11-87) ұялы 8-701-520-58-02 хабарласыңыздар

 

Некоммерческое акционерное общество «Торайгыров университет», 140008, г. Павлодар, ул. Ломова, 64, телефон (8-7182) 67-36-65, объявляет конкурс на замещение вакантных должностей:

Профессоров кафедр: «Экономика» - 4 ставки,  «Правоведение» - 1 ставка, «Финансы и учет» - 1 ставка, «Электроэнергетика» - 3 ставки, «Электротехника и автоматизация» - 3 ставки, «Теплоэнергетика» -2 ставки, «Биология и экология» - 1 ставка, «Химия и химические технологии» - 3 ставки, «Транспортная техника и логистика» - 2 ставки, «История Казахстана» - 1 ставка, «Металлургия» - 3 ставки, «Машиностроение и стандартизация» - 2 ставки, «Механика и нефтегазовое дело» - 1 ставка, «Архитектура и дизайн» - 3 ставки, «Промышленное, гражданское и транспортное строительство» - 2 ставки,  «Физика, математика и приборостроение» – 3 ставки, «Информационные технологии» - 2 ставки, «Агротехнология – 1 ставка, «Биотехнология»- 1 ставка, «Зоотехнология и ветеринария» - 3 ставки, «Журналистика» – 2 ставки, «Иностранная филология» - 4 ставки, «Философия и социальные науки» - 1 ставка, «Трехъязычия» - 2 ставки, Филология» - 2 ставки,  «Личностное развитие и образование» - 1 ставка

Ассоциированных профессоров (доцентов) кафедр: «Экономика» - 2 ставки, «Правоведение» - 1 ставки, «Финансы и учет» - 2 ставки, «Электроэнергетика» - 2 ставки, «Биология и экология» - 6 ставок, «Химия и химические технологии» - 1 ставки, «География и туризм» - 1 ставка, «Транспортная техника и логистика» - 4 ставки, «История Казахстана» - 4 ставки, «Металлургия» - 4 ставки, «Машиностроение и стандартизация» - 3 ставки, «Механика и нефтегазовое дело» - 1 ставка, «Архитектура и дизайн» - 3 ставки,

«Промышленное, гражданское и транспортное строительство» - 4 ставки,  «Физика, математика и приборостроение» – 5 ставок, «Информационные технологии» - 1 ставка, «Агротехнология – 3 ставки, «Биотехнология» - 2 ставки, «Зоотехнология и ветеринария» - 2 ставки, «Журналистика» - 2 ставки, «Иностранная филология» - 1 ставка, «Философия и социальные науки» - 1 ставка, «Трехъязычия» - 3 ставки, «Филология» - 3 ставки,  «Личностное развитие и образование» - 4 ставки

Старших преподавателей кафедр: «Экономика» - 5 ставок, «Правоведение» - 4 ставки, «Финансы и учет» - 2 ставки, «Электроэнергетика» - 1 ставка, «Электротехника и автоматизация» - 2 ставки, «Теплоэнергетика» - 3 ставки, «Биология и экология» - 3 ставки, «Химия и химические технологии» - 5 ставок, «Машиностроение и стандартизация» - 1 ставка, «Транспортная техника и логистика» - 3 ставки «Физика, математика и приборостроение» – 3 ставки, «Агротехнология» - 4 ставки, «Металлургия» – 3 ставки, «Механика и нефтегазовое дело» - 2 ставки, «Архитектура и дизайн» - 5 ставок, «Промышленное, гражданское и транспортное строительство» - 2 ставки,  «Информационные технологии» - 5 ставок, Журналистика» - 2 ставки, Иностранная филология» - 1 ставка, «История Казахстана» - 1 ставка, «Исполнительское искусство» - 2 ставки, «Трехъязычия» - 2 ставки, «Физическая культура и спорт» - 5 ставок, «Личностное развитие и образование» - 4 ставки

Преподавателей (ассистентов) кафедр: «Теплоэнергетика» - 1 ставки, «Химия и химические технологии» - 3 ставки, «Физика, математика и приборостроение» – 1 ставка, «Информационные технологии» - 1 ставка, «Философия и социальные науки» - 1 ставка, «Исполнительское искусство» - 3 ст. «Физическая культура и спорт» - 3 ставки

Требования к квалификации для всех должностей:

https://tou.edu.kz/arm/storage/files/6964b8af0edf55.57621426.pdf

Лица, желающие участвовать в конкурсе, подают заявление на имя председателя конкурсной комиссии.

К заявлению прилагаются следующие документы:

1) документы, подтверждающие личность (оригинал для сверки);

2) документ о прохождении предварительного медицинского освидетельствования (медицинская справка по форме 075у);

3) копии дипломов о высшем образовании, академической и ученой степени, документ об ученом звании;

4) справка о наличии либо отсутствии сведений по учетам, выдаваемая Комитетом правовой статистики и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан о совершении лицом уголовного правонарушения;

5) копии сертификатов о переподготовке и повышении квалификации (подлинники для сверки), при этом курсы повышения квалификации должны соответствовать преподаваемым дисциплинам, период прохождения не должен превышать трех лет;

6) список научных и научно-методических трудов за последние 5 лет, заверенный ученым секретарем;

7) План работы (в соответствии с пунктами программы развития Университета), образец плана работы преподавателя на 3 года размещен в личном кабинете преподавателя, для кандидатов, не являющихся сотрудниками Университета размещены в разделе «Вакансии»;

8) Ходатайство заведующего кафедрой, декана факультета на заявляемые кафедры.

9) Сведения о совершении им коррупционного преступления посредством (справка) информационных систем государственного органа, осуществляющего в пределах своей компетенции деятельность в области государственной правовой статистики и специальных учетов, или веб-портала «электронного правительства».

Срок окончания приема документов для участия в конкурсе 18 июня 2026 года (включительно до 18.00)

Документы принимаются при наличии полного пакета, указанного выше, электронно на сайте и дополнительно в бумажном варианте в Отдел СРП каб. 226

Пошаговая инструкция

1. На сайте tou.edu.kz/ru в меню выбрать вкладку «конкурс преподавателей» (правый верхний угол);

2. Подать заявку;

3. Заполнить данные (с прикреплением подтверждающих документов);

4. Сохранить данные;

5. После сохранения данных пройти тестирование в онлайн режиме, на знание нормативных актов в области образования;

6. Список научных и научно-методических трудов с оттисками публикаций (обложка, выходные данные, текст статьи, содержание) направляется Ученому секретарю электронно по email tou_konkurs@mail.ru.
В случае наличия замечаний, список направляется электронно на ваш email для исправления и доработки. При отсутствии замечаний Ученый секретарь утверждает и направляет список автору для подписания и сдачи в Отдел СРП в установленные сроки (до 18 июня 2026 года 18.00).

7. Написать заявление по образцу на имя Председателя конкурсной комиссии, приложить документы.

Согласно п.п 6.12) Правила конкурсного замещения должностей ППС НАО «Торайгыров университет», утвержденного протоколом № 2 от 26.10.2020 года с внесением изменений (протокол
№ 11/12 от 18.06.2024 года). Итоги конкурса будут размещены на официальном сайте университета https://tou.edu.kz/ru/ru.

Согласно п.п 2-1) выше указанного правила «Кандидаты имеют право принимать участие в заседании конкурсной комиссии в онлайн режиме».

Согласно 7.2 выше указанного правила «Решение комиссии может быть обжаловано участниками конкурса в течении трех рабочих дней» с момента опубликования итогов конкурса».

По техническим вопросам обращаться по номеру 8-775-451-84-43 (Виталий)

В ОСРП по номеру 8(7182) 67-36-65 (вн. 11-81, 11-87) сот. 8-701-520-58-02

| 834
Толығырақ
2026-06-08 00:00:00

Құрметті білім алушылар, есепшоттың жабылуына байланысты оқу ақысын «Банк ЦентрКредит» арқылы төлемеулеріңізді сұраймыз.

| 832
Толығырақ
2026-05-28 00:00:00

Құрметті білім алушылар!

«Торайғыров университеті» КеАҚ 2025-2026 оқу жылына арналған академиялық күнтізбесіне сәйкес 2026 жылғы 25 мамыр мен 2026 жылғы 03 шілде аралығында жазғы семестр ұйымдастырылады.

Жазғы семестр мәселелері бойынша деканатқа хабарласыңыз.

| 831
Толығырақ
2026-05-22 00:00:00

Құрметті 3-5 курс студенттері! Сіз Президенттік стипендияны тағайындау үшін құжаттарды 2026 жылғы 05 маусымға дейін деканатқа тапсыруға мүмкіндігіңіз бар.

Стипендия мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде де, ақылы негізде де оқудың барлық кезеңінде "өте жақсы" (А, А-) бағасы бар 3-курстан бастап күндізгі оқу нысанының студенттеріне тағайындалады.

Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:

1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздарына немесе жаңалықтардың, өнертабыстардың авторлары болып табылатын жеңімпаздарға;

2) ғылыми еңбектер жинақтарында, Республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары барларға;

3) жетістіктері дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатындарға;

4) білім беру ұйымдарының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысатындарға.

ҚР Президенті бекіткен Стипендиялар конкурсына қатысу үшін ұсынылатын құжаттар Тізбесі

1. Өтініш

2. Әлеуметтік жағдайы көрсетілген факультет Кеңесінің ұсынысы (студентке мінездеме);

3. Транскрипт (оқудың барлық кезеңінде);

4. Жарияланымдар тізімі (авторлық куәліктер, баяндама тезистері, ғылыми және әдістемелік еңбектер) (бар болса);

5. Дипломдар, олимпиадалар, жарыстар, түрлі жарыстар және т. б. грамоталарының көшірмелері (бар болса);

6. Жеке куәлік көшірмесі

Ескертпе: дипломдар мен сертификаттарды қоспағанда, барлық құжаттар түпнұсқада беріледі.

| 830
Толығырақ
2026-05-22 00:00:00

«Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру процесінде босаған «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін бос білім беру гранттарын беру Қағидалары» сәйкес оқу процесінде босатылған бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша бос білім беру гранттарын беруге өтініштерді онлайн-қабылдау жарияланады.

Өтініштерді қабылдау 2026 жылғы 18 мамыр мен 05 маусым аралығында Студенттердің жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін шарт негізінде білім алушылар мынадай құжаттарды тіркеуі қажет:

- Басқарма Төрағасы-ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;

- транскриптке өтініш;

- жеке куәліктің көшірмесі.

Босаған гранттар тізімі университет порталында, «студенттерге»-«босаған гранттар» бөлімінде орналастырылған (сілтеме: https://tou.edu.kz/ru/?option=com_content&view=article&id=9974).

Конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізіледі. Үлгерімнің орташа балының GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- («өте жақсы»), содан кейін – А, А- («өте жақсы») - В+, В, В -, С+ бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады («жақсы»), бұдан әрі – оқудың барлық кезеңіндегі аралас бағалар.

Үміткерлердің өтініштері білім беру бағдарламаларының тобы, оқу курсы, оқу базасы (мектеп/колледж базасында) контекстінде қарастырылады.

Білім беру бағдарламалары тобына үміткерлер болмаған жағдайда бос білім беру гранттары оқу саласы бойынша және одан әрі білім беру саласы бойынша қайта бөлінеді.

Оқу барысында босатылған бос гранттарды беру туралы шешімді Университеттің Ғылыми кеңесінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қабылдайды.

| 827
Толығырақ
2026-05-18 00:00:00

Ғалымдарды, ЖОО мен колледждердің оқытушыларын, мектеп мұғалімдерін, докторанттарды, магистранттарды, студенттерді (ғылыми жетекшімен бірге) және ғылыми зерттеулермен айналысатындарды

«ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ТІЛ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ «ТОЛЫҚ АДАМ» КОНЦЕПТІСІ»

атты Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз

19 маусым 2026 жыл

Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КеАҚ, Павлодар қ., 64 Ломов көшесі, БОҒ.

Өткізу форматы: офлайн/онлайн

Материалдарды ұсыну мерзімі: 2026 ЖЫЛДЫҢ 10 МАУСЫМЫНА ДЕЙІН ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайтында қабылданады. Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!
Қосымша: Ақпараттық хат

| 826
Инф письмо Конференция на рус каз eng 2026 (1).pdf
Толығырақ
2026-05-18 00:00:00

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Құрметті бакалавриат студенттері

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры күндізгі бөлімде білім алып жатқан студенттерге арналған республикалық атаулы шәкіртақылар байқауына өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлады. Бағдарлама 2010 жылдан бері жүзеге асып келеді және оқуда, ғылымда, қоғамдық және шығармашылық салада жоғары нәтижеге қол жеткізген студенттерді қолдауға бағытталған.

Байқауға мына талаптарға сай студенттер қатыса алады:

-                      Екі және одан да көп курсты сәтті аяқтаған;

-                      Әр оқу жылын үздік академиялық үлгеріммен тәмамдаған;

-                     Ғылыми және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын;

-                      (Өнер мен мәдениет бағытындағы студенттер үшін) республикалық және халықаралық байқауда, фестивальдер мен олимпиадаларда нақты жетістіктерге қол жеткізген.

Барлық талаптар сақталған жағдайда студенттер тегін және ақылы негізде қатыса алады.

Стипендия бір оқу жылына (екі семестр) тағайындалады және жазғы айларды (маусым, шілде, тамыз) қоспағанда ай сайын төленеді. Стипендияның мөлшері мен санын Қор жыл сайын белгілейді.


Өтініш қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 15 маусымға дейін, каб. 236 Ғылыми әлеуетті дамыту және зияткерлік меншік бөлімі.

Құжаттар тек қағаз түрінде қабылданады және бекітілген талаптарға сәйкес ресімделуге тиіс.

Толық ақпарат

| 822
Правила на каз.яз.doc
Правила на русс.яз.doc
Толығырақ
2026-05-14 00:00:00

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді LOGO e.V. ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылатын Германиядағы семинарлар мен халықаралық алмасу бағдарламасына қатысу мүмкіндігі туралы хабарлаймыз.

Соңғы жылдары Қазақстан және Қырғызстан университеттерінің өкілдері Германияға шақырылып, тағылымдамадан өтіп жатқан студенттермен кездесіп, семинарларға қатысып және серіктес кәсіпорындармен танысу мүмкіндігіне ие болды.

 

Семинар мерзімдері:

Мюльхаузен (Тюрингия): 29 маусым – 3 шілде

Ильменау (Тюрингия): 13 шілде – 17 шілде

Қаржылық қолдау (бір қатысушыға):

350 € — халықаралық жол шығындары (ұшақ билеттері)

150 € — тұру шығындары (5 түн)

50 € × 5 күн — тәуліктік шығындар

Қатысушылар тарапынан және LOGO e.V. ұйымы тарапынан ішінара қаржыландыру қарастырылған.

 

Қажетті құжаттар:

Фото қоса берілген өмірбаян

Мотивациялық хат

Студенттердің халықаралық тағылымдамаларға қатысуын арттыру бойынша ұсыныстар

Паспорт көшірмесі

 

Өтінім беру мерзімі:

8 мамырға дейін

 

Қызығушылық танытқан әріптестерден барлық қажетті құжаттарды уақытында тапсыруды сұраймыз. 

Байланыс мәліметтері:

Халықаралық ынтымақтастық департаменті  (115B кабинет)
+7-7182-67-36-85 (ішкі: 12-05)
cam@tou.edu.kz

Бағдарлама үйлестірушісі: Жібек Абайқызы

| 821
Толығырақ
2026-05-06 00:00:00

Құрметті студенттер!

 

2026-2027 оқу жылының күзгі семестрінде тегін оқуға арналған Академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінімдер қабылдануда (грант және келісімшарт негізіндегі студенттер үшін) ҚР басқа ЖОО-лары мен ТМД елдерінде (Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей).

 

Іріктеу критерийлері: барлық оқу кезеңіндегі жоғары академиялық үлгерім

GPA ≥ 3,0 — ТМД елдері үшін

GPA ≥ 2,7 Қазақстан үшін

шет тілін білу талап етілмейді.

 

Құжаттарды тапсыру орны: Халықаралық ынтымақтастық орталығы, 115В кабинет.

 

Құжаттар тізімі:

1) Өтініш пен келісім (2 дана)

2) Сауалнама

3) ҚР азаматтығын растайтын құжаттың көшірмесі

4) Оқу үлгерімі туралы транскрипт, оқу орны мөрімен расталған (ОҚБ-дан алынады)

5) № 075 формасындағы медициналық анықтама + флюорография (шетелге шығатындар үшін)

6) 3х4 фотосурет (4 дана)

7) Кафедра меңгерушісі мен деканның ұсыныс хаты

8) Ата-ананың келісімі туралы өтініш

 

Өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 20 мамыр.

 

Байланыс: Халықаралық ынтымақтастық орталығы (115В), тел.: +7-7182-67-36-85 (ішкі 12-05), email: mobilnost_psu@mail.ru
Бағдарлама үйлестірушілері — Жібек Абайқызы, Дарья Александровна.

| 820
Толығырақ
2026-04-22 00:00:00