«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, телефон (8-7182) 67-36-65, бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Кафедра меңгерушілері: «Металлургия», «Электртехника және автоматтандыру», «Дене шынықтыру және спорт».
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, ғылыми дәрежесінің болуы және педагогикалық, басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Кафедра профессорлары: «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» - 1.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Жоғары білімі, ғылыми дәрежесі, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағының болуы;
- Ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл, оның ішінде қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымында кемінде 3 жыл өтілінің болуы;
- Web of Science / Scopus базасына кіретін журналдарда кемінде 1 жарияланымның болуы, соңғы 3 жылда ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда кемінде 3 жарияланымның болуы немесе соңғы күнтізбелік жыл ішінде кемінде 1,2 млн. теңге қаржыландырылатын жобалардың болуы немесе диссертацияларын ҚР және шетелдерде қорғаған докторанттардың, ғылыми дәреже ізденушілерінің жетекшісі болуы.
- Білім беру саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасын білу, «Торайғыров университеті» КЕАҚ ішкі нормативтік құжаттарын білу;
- Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларында жұмыс істеу.
Кафедралардың қауымдастырылған профессорлары (доценттері): «Сәулет және дизайн» - 1, «Электртехника және автоматтандыру» - 1, «Химия және химиялық технологиялар» - 1, «Қазақстан тарихы» - 2.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Жоғары білім және кафедра бағыты бойынша ғылыми дәрежесінің болуы;
- Ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 1 жыл/ немесе кафедра қызметінің бағытына сәйкес мамандығы бойынша кемінде 5 жыл практикалық өтілінің болуы, оның ішінде ТОП немесе орта менеджмент санатында жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Web of Science / Scopus базасына кіретін журналдарда кемінде 1 жарияланымның болуы, соңғы 5 жылда ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда кемінде 3 жарияланымның болуы немесе соңғы күнтізбелік жыл ішінде кемінде 1,0 млн. теңге қаржыландырылатын жобалардың болуы;
- Білім беру саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасын білу, «Торайғыров университеті» КЕАҚ ішкі нормативтік құжаттарын білу;
- Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларында жұмыс істеу.
Кафедралардың аға оқытушылары: «Құқықтану» - 2, «Биотехнология» - 1, «Металлургия» - 1, «Көліктік техника және логистика» - 1, «География және туризм» - 1, «Психология және педагогика» - 1, «Электртехника және автоматтандыру» - 1, «Агротехнология» - 2, «Зоотехнология, генетика және селекция» - 1, «Дене шынықтыру және спорт» - 1, «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» - 1, «Шетел филология» - 1, «Машина жасау және стандарттау» - 2.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Жоғары (біліктілігі - маман) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл немесе кафедра қызметінің бағыты бойынша кемінде 3 жыл практикалық қызмет өтілі, оның ішінде әкімшілік-басқару құрамында жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Web of Science / Scopus базасына кіретін журналдарда кемінде 1 жарияланымның болуы немесе соңғы 5 жылда ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда кемінде 2 жарияланымның болуы немесе соңғы күнтізбелік жыл ішінде кемінде 800 000 мың теңге қаржыландырылатын жобалардың болуы.
Ерекшелік: белгіленген талаптарға сәйкес практикалық жұмыс өтілі бар және алғаш рет жұмысқа орналасатын тұлғалар;
- Білім беру саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасын білу, «Торайғыров университеті» КЕАҚ ішкі нормативтік құжаттарын білу;
- Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларында жұмыс істеу.
Кафедралардың оқытушылары (ассистенттері): «Сәулет және дизайн» - 2, «Биотехнология» - 1, «Электрэнергетика» - 1, «Механика және мұнай газ ісі» - 2, «Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылысы» - 2; «Көліктік техника және логистика» - 1, «Психология және педагогика» - 1, «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» - 1, «Үш тұғырлы тіл» - 1, «Экономика» - 1.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Жоғары (біліктілігі - маман) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Білім беру ұйымдарындағы ғылыми-практикалық жұмыс өтілі 1 жыл немесе маман дипломының болуы;
- Web of Science / Scopus базасына кіретін журналдарда кемінде 1 жарияланымның болуы немесе соңғы 5 жылда ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда кемінде 1 жарияланымның болуы немесе соңғы күнтізбелік жыл ішінде кемінде 600 000 мың теңге қаржыландырылатын жобалардың болуы.
- Ерекшелік: алғаш рет жұмысқа орналасқан адамдар;
- Білім беру саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасын білу, «Торайғыров университеті» КЕАҚ ішкі нормативтік құжаттарын білу;
- Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларында жұмыс істеу.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш береді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басын растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (075у нысаны бойынша медициналық анықтама);
3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары;
4) тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары (біліктілікті арттыру курстары оқытылатын пәндерге сәйкес болуы тиіс, өту кезеңі үш жылдан аспауы тиіс);
6) Соңғы 5 жылдағы ғылыми жарияланымдардың, жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (ғылыми хатшының қолымен расталған, FК үшін мақалалар оттисктерi қоса берілген) n.e.pfeifer@mail.ru; kundyz_mb@mail.ru;
7) Жұмыс жоспары (университеттің даму бағдарламасының тармағына сәйкес), оқытушының 3 жылға арналған жұмыс жоспарының үлгісі, оқытушының жеке кабинетінде орналастырылады, ал университет қызметкерлері болып табылмайтын үміткерлерге «Бос орындар» бөлімінде тіркеледі;
8) кафедра меңгерушісі лауазымына үміткерлер үшін кафедраның перспективалық даму жоспары факультет пен университеттің даму бағдарламасына сәйкес болуы тиіс.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі 2021 жылғы 29 қыркүйек (қоса алғанда)
Қадамдық нұсқаулық
1. Tou.edu.kz/ru сайтында мәзірден оқытушылар конкурсын таңдау (жоғарғы оң жақ бұрыш);
2. Өтінім;
3. Деректерді толтыру (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
4. Деректерді сақтау;
5.Деректерді сақталғаннан кейін білім беру саласындағы нормативтік актілерді білу бойынша онлайн режимде тестілеуден өту;
6. Конкурстық комиссия төрағасының атына үлгі бойынша өтініш жазу.
Ps: Жазылған өтініштің тұпнұсқасын 213 кабинет құжаттармен қамтамасыз ету және архив секторына.
075-у нысандағы медициналық анықтаманы және ғалым хатшы куәландырған еңбектер тізімін 226-кабинет HR-қызметіне 2021 жылдың 29 қыркүйегінен кешіктірмей тапсыру қажет.
7. Екі жұмыс күні ішінде сіз кафедра меңгерушісімен сұхбатқа шақырыласыз
Техникалық сұрақтар бойынша 8-747-7360201 (Мансур)
HR-қызметіне 8(7182)67-36-65 (ішкі. 11-81, 11-87) хабарласыңыздар
| 158