«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, телефон (8-7182) 67-36-65, бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Faculty of Computer Science (Компьютерлік ғылымдар факультеті): профессорлар – 8,5 жүктеме, қауымдастырылған профессорлары (доценттері) – 9 жүктеме, аға оқытушылары – 19 жүктеме, оқытушылары (ассистенттері) – 4 жүктеме.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, ғылыми дәрежесінің болуы және педагогикалық, басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Кафедра профессорлары: «Экономика» - 4 жүктеме, «Үш тұғырлы тіл» - 2,5 жүктеме, «Филология» - 2 жүктеме, «Тұлғалық дамыту және білім беру» - 8 жүктеме, «Қаржы және есеп» - 3 жүктеме, «Қазақстан тарихы» - 1 жүктеме, «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» - 6 жүктеме, «Шетел филология» - 3 жүктеме, «Жылуэнергетика» - 1 жүктеме, «Электрэнергетика» - 6,5 жүктеме, «Электртехника және автоматтандыру» – 5 жүктеме, «Биология және экология» – 1,5 жүктеме, «Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылыс» - 4,5 жүктеме, «Машина жасау және стандарттау» - 4 жүктеме, «Механика және мұнай газ ісі» - 3 жүктеме, «Металлургия» - 2 жүктеме, «Көліктік техника және логистика» - 4 жүктеме, «География және туризм» – 0,75 жүктеме, «Химия және химиялық технологиялар» - 6 жүктеме, «Сәулет және дизайн» – 2 жүктеме.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Жоғары білімі, ғылыми дәрежесі, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағының болуы;
- Ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл, оның ішінде қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымында кемінде 3 жыл өтілінің болуы;
- Web of Science / Scopus базасына кіретін журналдарда кемінде 1 жарияланымның болуы, соңғы 3 жылда ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда кемінде 3 жарияланымның болуы немесе соңғы күнтізбелік жыл ішінде кемінде 1,2 млн. теңге қаржыландырылатын жобалардың болуы немесе диссертацияларын ҚР және шетелдерде қорғаған докторанттардың, ғылыми дәреже ізденушілерінің жетекшісі болуы.
- Білім беру саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасын білу, «Торайғыров университеті» КЕАҚ ішкі нормативтік құжаттарын білу;
- Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларында жұмыс істеу.
Кафедралардың қауымдастырылған профессорлары (доценттері): «Орындаушылық өнер» - 4 жүктеме, «Экономика» - 5 жүктеме, «Үш тұғырлы тіл» - 3 жүктеме, «Филология» - 3 жүктеме, «Тұлғалық дамыту және білім беру» - 3 жүктеме, «Қаржы және есеп» - 3 жүктеме, «Қазақстан тарихы» - 6 жүктеме, «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» - 5 жүктеме, «Шетел филология» - 2 жүктеме, «Сәулет және дизайн» - 1 жүктеме, «Электртехника және автоматтандыру» - 3 жүктеме, «Электроэнергетика» - 2,25 жүктеме, «Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылыс» – 7 жүктеме, «Машина жасау және стандарттау» - 1 жүктеме, «Металлургия» - 2 жүктеме, «Көліктік техника және логистика» - 2 жүктеме, «Биология и экология» - 5 жүктеме, «Биотехнология» - 1 жүктеме, «Зоотехнология, генетика және селекция» - 3 жүктеме.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Жоғары білім және кафедра бағыты бойынша ғылыми дәрежесінің болуы;
- Ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 1 жыл/ немесе кафедра қызметінің бағытына сәйкес мамандығы бойынша кемінде 5 жыл практикалық өтілінің болуы, оның ішінде ТОП немесе орта менеджмент санатында жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Web of Science / Scopus базасына кіретін журналдарда кемінде 1 жарияланымның болуы, соңғы 3 жылда ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда кемінде 3 жарияланымның болуы немесе соңғы күнтізбелік жыл ішінде кемінде 1,0 млн. теңге қаржыландырылатын жобалардың болуы;
- Білім беру саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасын білу, «Торайғыров университеті» КЕАҚ ішкі нормативтік құжаттарын білу;
- Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларында жұмыс істеу.
Кафедралардың аға оқытушылары: «Орындаушылық өнер» - 1 жүктеме, «Экономика» - 6 жүктеме, «Үш тұғырлы тіл» - 5 жүктеме, «Тұлғалық дамыту және білім беру» - 3 жүктеме, «Қаржы және есеп» - 5 жүктеме, «Қазақстан тарихы» - 1 жүктеме, «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» - 3 жүктеме, «Дене шынықтыру және спорт» - 9 жүктеме, «Шетел филология» - 3 жүктеме, «Жылуэнергетика» - 1 жүктеме, «Биотехнология» - 3 жүктеме, «Металлургия» - 4 жүктеме, «Көліктік техника және логистика» - 3 жүктеме, «Механика және мұнай газ ісі» – 3 жүктеме, «Машина жасау және стандарттау» - 1 жүктеме, «География және туризм» - 2 жүктеме, «Электрэнергетика» - 3 жүктеме, «Электртехника және автоматтандыру» - 7 жүктеме, «Агротехнология» - 4 жүктеме, «Зоотехнология, генетика және селекция» - 1 жүктеме, «Биотехнология» - 3 жүктеме, «Сәулет және дизайн» - 3 жүктеме, «Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылыс» - 3 жүктеме, «Биология және экология» - 7 жүктеме, «Химия және химиялық технологиялар» - 3 жүктеме.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Жоғары (біліктілігі - маман) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл немесе кафедра қызметінің бағыты бойынша кемінде 3 жыл практикалық қызмет өтілі, оның ішінде әкімшілік-басқару құрамында жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Web of Science / Scopus базасына кіретін журналдарда кемінде 1 жарияланымның болуы немесе соңғы 5 жылда ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда кемінде 2 жарияланымның болуы немесе соңғы күнтізбелік жыл ішінде кемінде 800 000 мың теңге қаржыландырылатын жобалардың болуы.
Ерекшелік: белгіленген талаптарға сәйкес практикалық жұмыс өтілі бар және алғаш рет жұмысқа орналасатын тұлғалар;
- Білім беру саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасын білу, «Торайғыров университеті» КЕАҚ ішкі нормативтік құжаттарын білу;
- Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларында жұмыс істеу.
Кафедралардың оқытушылары (ассистенттері): «Орындаушылық өнер» - 1 жүктеме, «Филология» - 1 жүктеме, «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» - 1 жүктеме, «Электрэнергетика» - 1 жүктеме, «Электртехника және автоматтандыру» - 2 жүктеме; «Көліктік техника және логистика» - 1 жүктеме, «География және туризм» - 2 жүктеме, «Химия және химиялық технологиялар» - 1 жүктеме.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Жоғары (біліктілігі - маман) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Білім беру ұйымдарындағы ғылыми-практикалық жұмыс өтілі 1 жыл немесе маман дипломының болуы;
- Web of Science / Scopus базасына кіретін журналдарда кемінде 1 жарияланымның болуы немесе соңғы 5 жылда ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда кемінде 1 жарияланымның болуы немесе соңғы күнтізбелік жыл ішінде кемінде 600 000 мың теңге қаржыландырылатын жобалардың болуы.
- Ерекшелік: алғаш рет жұмысқа орналасқан адамдар;
- Білім беру саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасын білу, «Торайғыров университеті» КЕАҚ ішкі нормативтік құжаттарын білу;
- Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларында жұмыс істеу.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш береді.
Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басын растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (075у нысаны бойынша медициналық анықтама);
3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері;
4) тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары) біліктілікті арттыру курстары оқытылатын пәндерге сәйкес болуы тиіс, өту кезеңі үш жылдан аспауы тиіс;
6) соңғы 5 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің тізімі;
7) Жұмыс жоспары (университеттің даму бағдарламасының тармағына сәйкес), оқытушының 3 жылға арналған жұмыс жоспарының үлгісі, оқытушының жеке кабинетінде орналастырылады, ал университет қызметкерлері болып табылмайтын үміткерлерге «Бос орындар» бөлімінде тіркеледі;
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі 2022 жылғы 16 маусым (қоса алғанда 18.00 сағ дейін)
Ps: Құжаттар жоғарыда көрсетілген толық пакет болған жағдайда қабылданады
Қадамдық нұсқаулық
1. Tou.edu.kz/ru сайтында мәзірден оқытушылар конкурсын таңдау (жоғарғы оң жақ бұрыш);
2. Өтінім;
3. Деректерді толтыру (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
4. Деректерді сақтау;
5.Деректерді сақталғаннан кейін білім беру саласындағы нормативтік актілерді білу бойынша онлайн режимде тестілеуден өту;
6. Конкурстық комиссия Төрағасының атына үлгі бойынша өтініш жазу.
7. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің жарияланым бедері бар тізімі (мұқабасы, шығыс деректері, мақала мәтіні, мазмұны) ғылыми хатшыға электронды түрде konkurs_tou@mail.ru email арқылы жіберіледі.
8. Ескертулер болған жағдайда, тізім түзету және пысықтау үшін электронды түрде сіздің email-ға жіберіледі. Ескертулер болмаған жағдайда Ғылыми хатшы авторға тізімді бекітіп, HR-қызметіне тапсыру және қол қойғызу үшін белгіленген мерзімде жолдайды (2022 жылғы 16 маусым, сағат 18.00 дейін).
Техникалық сұрақтар бойынша 8-747-7360201 (Мансур)
HR-қызметіне 8(7182)67-36-65 (ішкі. 11-81, 11-87) ұялы 8-701-488-79-59 хабарласыңыздар
| 258