Құрметті әріптестер, экономикалық мамандықтардың студенттері!

Торайғыров атындағы университеттің «Қаржы және есеп» кафедрасы «Экономика, менеджмент және қаржы: перспективалық бағыттар және заманауи сын-қатерлер жағдайында бәсекеге қабілетті даму» тақырыбы бойынша экономикалық мамандықтар бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарының III Халықаралық байқауын жариялайды

Конкурсқа қатысуға 2-ші, 3-ші және 4-ші курстардың экономикалық мамандықтары бойынша оқитын қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады, олар жетекші профильдеу кафедрасының аға оқытушының, қауымдастырылған профессордың (доценттің), профессорының басшылығымен саны 2-ден 3 адамға дейінгі команда құрамында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындайды. Кандидатураларды ұсыну құқығын жоғары оқу орындары дербес белгілейді.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Байқаудың негізгі бағыттары:

1.  Қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында салалық және өңірлік экономика мен қаржыны дамыту.

2.  Экономиканың тұрақты даму жобалары: проблемалар мен шешімдер.

3.  Төмен көміртекті экономиканы іске асыру контекстінде ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру бағыттары.

4.  Экономиканың стратегиялық дамуы жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің өзекті мәселелері.

5. Тұрақты болашақ: университеттерде тұрақты дамуды енгізу.

6. «Жасыл» экономиканы қалыптастыру жағдайында білім беруді трансформациялау.

7. Индустриялық болашақты қалыптастыру: тұрақты өсу стратегиялары.

8. Өнеркәсіпті қайта қарау: елдің технологиялық прогресінің жол картасы.

9. Цифрлық трансформацияның елдің экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігіне әсері.

10. Сандық валюта мен блокчейн технологиясының экономикалық аспектілері.

11. Шағын және орта бизнестің экономикалық дамудағы рөлі.

Байқау сырттай екі кезеңде өткізіледі:

- бiрiншi кезең - ғылыми-зерттеу жұмысын әзiрлеу, дайындау;

- екінші кезең - ұйымдастыру комитетіне конкурстық құжаттаманы ұсыну, конкурстық комиссияның жұмысы (орындау мерзімі 2025 жылғы 21 сәуірге дейін).

Байқау нәтижелері бойынша бағыттар бойынша қорытындылар шығарылады:

- «Гран-при» - бір команда;

- «1-орын» - бір команда;

- «2-орын» - үш команда;

- «3-орын» - төрт команда.

Ғылыми байқау қосымша ынталандыру номинацияларын ұсынады. Жеңімпаздар мен номинация иегерлері дипломдар мен сертификаттарға ие болады.

Ғылыми байқау туралы ереже қоса берілген.

Конкурстық құжаттама мына мекенжай бойынша ұсынылады:

140008, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш., 64, «Торайғыров университеті» КЕАҚ, «Қаржы және есеп» кафедрасы, 519 кабинеті немесе E-mail: dana.bekniyazova@mail.ru

Байланыс телефондары:

Бекниязова Дана Сайлауовна: +7(771) 801-6173

 

| 701
Положение по конкурсу (Финансы и учет).docx
Конкурс туралы ереже (Қаржы және есеп).docx
Итоги Конкурса научных работ Финансы и учет.pdf