Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті жыл сайынғы сыйлықтарға 2022 жылғы конкурстарды жариялайды:

- жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық;

- гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін Ш. Уәлиханов атындағы бір сыйлық;

- педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеу және жұмысы үшін Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлық;

- түркология саласындағы үздік жетістігі үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;

- жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлық;

- гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М. Әуезов атындағы бір сыйлық;

– 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде 50 – талантты жас ғалымдарға арналған.

Конкурс өткізу туралы хабарландыру 2022 жылғы 7 қыркүйекте" Казахстанская правда " газетінде орналастырылды.

Талаптарға сәйкес ресімделген құжаттар мен материалдар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-та қабылданады (мекенжайлары сайтта көрсетілген http://gov4c.kz) конкурс туралы хабарландыру республикалық баспасөзде жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде (авторлардан немесе олардың сенім білдірген адамдарынан) жіберіледі.

| 337
ежегодные премии и стипендии.zip
Толығырақ
2022-09-07 00:00:00

-

| 334
Толығырақ
2022-09-06 00:00:00

-

| 333
Толығырақ
2022-09-06 00:00:00

Студенттер назарына!

 

Кампустарда орын беруге қабылданған өтінімдерді қарастыру, орналастыру 2022 жылдың 25 тамыздан бастап жүргізіледі. Өтінімдер электрондық түрде университет сайтында (студенттің жеке кабинетінде https://cos.tou.edu.kz/authorization.php) 23 тамыздан беріледі. Оқу жылының төлемі (10 айы үшін) №1 Кампус - 90 000 тг. №2-107 000 тг құрайды. Төлем толық оқу жылына жасалынады! (Бөлеп төлеу қарастырылмайды). Төлемді Kaspi, Халық банкі қосымшасы, Еуразиялық банк терминалы (терминал бас корпустың фойесінде орналасқан) арқылы жүргізуге болады. Төлем жасағаннан кейін чекті электрондық поштаға жіберу қажет: okvsr.pgu@mail.ru. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар арасындағы студенттер, 1,2 топтағы мүгедектер жатақхана төлемақысынан босатылады.

 

 

Кампусқа орналасу үшін сізде болуы керек:

1. Төлем туралы түбіртек (10 ай үшін)

2. Жолдау

3. Жеке куәлік (көшірмесі - 2 дана)

4. Фото 3х4 (3 дана)

5. Нарко, психо, туб. Анықтамалары, флюорография ("Торайғыров университеті" КЕАҚ Денсаулық сақтау пунктінен анықтама, каб.А1-117)

6. Байламбалы Папка 1 дана.

 

| 325
Толығырақ
2022-08-09 00:00:00

Құрметті «Энергетика» және «Автоматтандыру және басқару» мамандықтарының 2 және 3 курстарының мердігер-студенттері.

 

«KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС компаниясы гранттар мен шәкіртақылар бойынша оқуға конкурс жариялайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

1. Ағымдағы GPA 3,0 баллдан төмен емес

2. Компания өкілімен әңгімелесу өткізіледі.

 

Өтініштер Студенттерге қызмет көрсету орталығында (СҚО) немесе cos.tou.edu.kz порталында https://cos.tou.edu.kz/authorization.php сілтемесі бойынша 2022 жылдың 04 тамызы мен 08 тамызы аралығында қабылданады.

| 324
Толығырақ
2022-08-04 00:00:00

Құрметті білім алушылар мен қызметкерлер!

 

«Торайғыров университеті» КЕАҚ  2022-2023 оқу жылына арналған «Білім беру қызметтеріне жеңілдіктер ұсыну» ережесіне сәйкес ерекше дарынды және талантты жастарды, халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарындағы студенттерді қаржылық қолдау мақсатында, сондай-ақ жоғары сапалы оқу үлгерімін ынталандыру, университеттің білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін          2022 жылғы 03 тамыздан 26 тамызға дейін Студенттерге қызмет көрсету орталығында (СҚО) немесе cos.tou.edu.kz порталында https://cos.tou.edu.kz/authorization.php сілтемесі бойынша өтініштер қабылдайды.

Жеңілдікке үміткер студент (магистрант, докторант) демалыс кезінде (қысқы және жазғы) Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі – проректордың атына тиісті жеңілдік түрін ұсыну туралы өтінішті Студенттерге қызмет көрсету орталығында жазады. Өтінішке қоса барлық растау құжаттары берілуі тиіс.

Жалпы ереже сілтемеде көрсетілген https://tou.edu.kz/ru/?option=com_content&view=article&id=7835

| 321
Толығырақ
2022-08-03 00:00:00

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 25 ақпандағы ресми хатына сәйкес, Халықаралық «Zertteushі» ғылыми басылымы «Зерттеу қызметін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне» енгізілді.

2025 жылдан бастап, ғылыми басылым Түркия Республикасының Башкент университетімен бірлесе шығарылады. Басылымда келесі бағыттар бойынша ғылыми мақалалар жарияланады:

-«Педагогикалық ғылымдар»;

-«Өнер және гуманитарлық ғылымдар»;

-«Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат»;

-«Бизнес, басқару және құқық»;

-«Қызмет көрсету».

Қатысуға шақырамыз:

- Университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының студенттері, магистранттары, докторанттары, ізденуші-ғалымдар

- Педагогтердің ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалары

- Мектеп оқушылары мен жетекші-мұғалімдердің ғылыми жобалары

Мақала талаптары:

- Мақала автордың өз зерттеу жұмысы болуы керек, бұған дейін жарияланбаған.

- Мақала ғылыми зерттеу нәтижелерін қамтуы қажет.

- Мақала көлемі 10 беттен аспауы керек, арнайы форматта дайындалуы тиіс.

Мақалалар сараптама мен плагиатқа қарсы тексеруден өтеді.

Барлық ғылыми мақалалар 2025 жылдың 27 мамырына дейін қабылданады. Мақала электронды түрде және төлемақы түбіртегімен бірге «zertteushi.kz@gmail.com» электронды пошта арқылы қабылданады.

Толық ақпарат алу үшін: 

Ләзиза Мырзантайқызы (+7 707 355 64 48)

Сайт: https://zertteushi-ortalygy.kz/

 

| 720
Zertteushi.pdf
Толығырақ
0025-04-04 00:00:00

Климаттың өзгеруінің салдарынан қауіп төнген мәдени мұраны қорғауға арналған жобаларды қаржыландыру мақсатында

БАЙКАУ жарияланды

 

Арал мәдени саммиті аясында (Aral Culture Summit) Мәдени мұраны қорғау жөніндегі дүниежүзілік альянстың (ALIPH қоры) атқарушы директоры Валери Фрелан Еуропалық Одақ пен Еуропа кеңесінің Сыртқы саясат құралдары қызметімен (FPI) бірлесе отырып жаңа жобалар байқауын жариялады.

 

Аталған бастама Орталық Азиядағы, әсіресе Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан мемлекеттеріндегі табиғи апаттар мен климаттық өзгерістерден төнетін қауіпке қарсы әрекет етуге бағытталған күш-жігерді нығайтуды мақсат етеді.

 

Жергілікті бастамаларды қолдауға бағытталған шағын (27 000 еуроға дейін) және орташа (180 000 еуроға дейін) гранттар әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан нақты және өлшенетін нәтиже беретін жобаларды қолдауға бөлінеді. Еуропалық Одақ пен ALIPH қоры аймақтың материалдық және материалдық емес мәдени мұрасын сақтауға қолдау көрсетіп, бұл жолда жергілікті билік органдары және мәдени мұра саласындағы мекемелермен тығыз әріптестік орнатуды көздейді.

 

Байқауға мәдени мұраны қорғау ісімен айналысатын мекемелер, жеке ұйымдар, университеттер мен зерттеу орталықтары қатыса алады. Жоба ұсыныстары 2025 жылдың 31 шілдесі, бейсенбі, Орталық Еуропа уақытымен (CET) сағат 15.00-ге дейін қабылданады. Қаржыландыру жайлы шешім 2025 жылдың желтоқсан айына дейін белгілі болады.

 

Толығырақ ақпарат алу және өтінім беру үшін осы сілтеме арқылы өтіңіз: https://www.aliph-foundation.org/

Ақпарат https://kz.ambafrance.org/ ресми сайтынан алынды

| 754

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы -  ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Креативті бастамалар», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.

Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.

«Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды ұсынуды мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктердің өкілдері жүргiзедi.

Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және олар дипломмен, төсбелгілермен сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Жыл сайын сыйлықты ұсыну Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында өткізіледі.

«Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы тағайындалған. Әр жылдары аталған сыйлықты түрлі саладағы 320-дан астам азамат иеленген болатын.

Ізденушілердің құжаттарын 2025 жылғы 26 маусым мен 27 тамыз аралығында (қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, "Министрліктер Үйі" ғимараты 14-кіреберіс, (электрондық нұсқа) мекенжайы бойынша пошта арқылы қабылдайды premiya.daryn@mki.gov.kz. анықтама телефондары: 8 (7172) 74-05-25, 8 (7172) 74-18-43, 8 701 170 46 54 (жұмыс күндері, сағат 9: 00 - ден 18: 30-ға дейін).

| 748

«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 140008, Павлодар қ., Ломов көш., 64, телефон (8-7182) 67-36-65, Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер департаменті директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. 

 

Қызметінің негізгі мәні – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты – құзыреттілікке бағытталған тәсілді іс жүзінде жүзеге асыру және өз өмірінің траекториясын құруда саналы тәсілге бағдарланған түлекті дайындау үшін білім алушының білім алуына қатысты субъективті ұстанымын қалыптастыру үшін жағдай жасау арқылы тәрбие жұмысы мен жастар саясаты жүйесін дамыту.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

- жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 1 жылдан 3 жылға дейін;

- білім беру саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамасын білу.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш береді.

Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басын растайтын құжаттары (тексеру үшін түпнұсқа);

2) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (075у нысаны бойынша медициналық анықтама);

3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері (бар болса);

4) тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

5) қызмет бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы оның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер (анықтама);

7) конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы;

8) еңбек қызметін растайтын құжат.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде университеттің  HR-қызметіне (каб. 226) тапсыру қажет, телефоны: 8 (7182) 67-36-65.

Ps: Құжаттар жоғарыда көрсетілген толық пакет болған жағдайда, электрондық нұсқасы сайтта және қағаз нұсқасы HR-қызметінде қабылданады.

 

Қадамдық нұсқаулық

1. Tou.edu.kz/ru сайтында мәзірден «конкурсты» таңдау (жоғарғы оң жақ бұрыш);

2. Өтінім жазу;

3. Деректерді толтыру (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);

4. Деректерді сақтау.

Техникалық сұрақтар бойынша 8-775-451-84-43 (Виталий)

HR-қызметіне 8(7182)67-36-65 (ішкі. 11-81, 11-87) ұялы 8-777-651-82-74 хабарласыңыздар

 

Некоммерческое акционерное общество «Торайгыров университет», 140008, г. Павлодар, ул. Ломова, 64, телефон (8-7182) 67-36-65, объявляет конкурс на замещение вакантной должности директора Департамента молодежной полититики и социальных вопросов.

 

Основным предметом деятельности является предоставление образовательных услуг в сфере высшего, послевузовского, технического и профессионального, послесреднего и дополнительного образования.

Целью деятельности является развитие системы воспитательной работы и молодежной политики путём реализации на практике компетентностно-ориентированного подхода и создания условий для формирования у обучающегося субъектной позиции относительно его образования, чтобы подготовить выпускника, ориентированного на осознанный подход в построении траектории собственной жизни.

 

Квалификационные требования к участникам конкурса:

- высшее или послевузовское образование;

- опыт работы на руководящих должностях от 1 до 3 лет;

- знание действующего законодательства РК в области образования.

 

Лица, желающие участвовать в конкурсе, подают заявление на имя председателя конкурсной комиссии.

К заявлению прилагаются следующие документы:

1) документы, подтверждающие личность (оригинал для сверки);

2) документ о прохождении предварительного медицинского освидетельствования (медицинская справки по форме 075у);

3) копии дипломов о высшем образовании, академической и ученой степени, документ об ученом звании (при наличии);

4) справка о наличии либо отсутствии сведений по учетам, выдаваемая Комитетом правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан о совершении лицом уголовного правонарушения;

5) копии сертификатов о повышении квалификации по направлениям деятельности (при наличии) и подлинники для сверки;

6) Сведения о совершении им коррупционного преступления посредством (справка)  с информационных систем государственного органа, осуществляющего в пределах своей компетенции деятельность в области государственной правовой статистики и специальных учетов, или веб-портала "электронного правительства»;

7) участник конкурса вправе представить дополнительную информацию, касающуюся его образования, опыта работы, профессионального уровня;

8) документ, подтверждающий трудовую деятельность.

Прием документов для участия в конкурсе проводится в течение 10 (десяти) календарных дней со дня опубликования объявления.

Дата и место проведения конкурса будут сообщены дополнительно. Вышеуказанные документы в установленные сроки необходимо представить в HR-службу университета (каб. 226), телефон: 8 (7182) 67-36-65.

Ps: Документы принимаются при наличии полного пакета, указанного выше, электронно на сайте и дополнительно в бумажном варианте в HR-службу каб. 226

 

Пошаговая инструкция

1. На сайте tou.edu.kz/ru в меню выбрать вкладку «конкурс» (правый верхний угол);

2. Подать заявку;

3. Заполнить данные (с прикреплением подтверждающих документов);

4. Сохранить данные.

 

По техническим вопросам обращаться по номеру 8-775-451-84-43 (Виталий)

В HR-службу по номеру 8(7182) 67-36-65 (вн. 11-81, 11-87) сот. 8-777-651-82-74

| 732

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі

"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ

"С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университеті" КЕАҚ

«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТҚ

 

 АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 Құрметті  әріптестер!

Сіздерді "С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университеті" КеАҚ профессоры,  т.ғ.д. Шеров Кәрібек Тағайұлының 60 жылдық мерейтойына орайластырылған «Машина жасау саласын дамыту және жаңа формациядағы жоғары білікті кадрларды даярлау»  (жағдайы, проблемалары және оларды шешу жолдары) халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысуға шақырамыз

Конференция 2025 жылғы 30-31 мамырда «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ базасында өтеді

 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

Секция 1. Машина жасаудағы заманауи технологиялар және автоматтандыру

Секция 2.   Инженерлік-техникалық білім: кадрларды даярлаудың жаңа форматтары

Секция 3.   Өндірістің техникалық-экономикалық аспектілері: технологиялар, машиналарды пайдалану және жөндеу, инновациялық материалдар және материалтану

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция жұмысына қатысуға ниет білдірушілерді 2025 жылғы 25 мамырға дейін Ұйымдастыру комитетіне ұсынуларыңызды сұраймыз: қоса берілген форма бойынша қатысуға өтініш; төменгі талаптарға сәйкес жасалған баяндаманың тезистері; басқа жерден алынған болуы туралы анықтама (антиплагиат).

Конференцияға қатысу тегін.

Конференция жұмыстарының жинағы ISBN-мен конференция өткеннен кейін басып шығарылады және С.Сейфуллин ҚАТЗУ сайтында электронды форматта орналастырылады.

Конференцияға қатысу үшін материалдар келесі электронды мекен-жайға жіберілуі керек: a.sagitov@kazatu.kz 
Пошталық мекенжай: 010011 Астана қ, Жеңіс көш, 62б, Сакен Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ (4 корпус, 1 этаж, 4106 каб.).

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы: Сагитов Алмат Ардакович -  PhD

Тел.: (WhatsApp) +7 778 808 23 61

| 728
Инф. письмо.pdf

Құрметті әріптестер, экономикалық мамандықтардың студенттері!

Торайғыров атындағы университеттің «Қаржы және есеп» кафедрасы «Экономика, менеджмент және қаржы: перспективалық бағыттар және заманауи сын-қатерлер жағдайында бәсекеге қабілетті даму» тақырыбы бойынша экономикалық мамандықтар бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарының III Халықаралық байқауын жариялайды

Конкурсқа қатысуға 2-ші, 3-ші және 4-ші курстардың экономикалық мамандықтары бойынша оқитын қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері шақырылады, олар жетекші профильдеу кафедрасының аға оқытушының, қауымдастырылған профессордың (доценттің), профессорының басшылығымен саны 2-ден 3 адамға дейінгі команда құрамында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындайды. Кандидатураларды ұсыну құқығын жоғары оқу орындары дербес белгілейді.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Байқаудың негізгі бағыттары:

1.  Қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында салалық және өңірлік экономика мен қаржыны дамыту.

2.  Экономиканың тұрақты даму жобалары: проблемалар мен шешімдер.

3.  Төмен көміртекті экономиканы іске асыру контекстінде ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру бағыттары.

4.  Экономиканың стратегиялық дамуы жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен аудиттің өзекті мәселелері.

5. Тұрақты болашақ: университеттерде тұрақты дамуды енгізу.

6. «Жасыл» экономиканы қалыптастыру жағдайында білім беруді трансформациялау.

7. Индустриялық болашақты қалыптастыру: тұрақты өсу стратегиялары.

8. Өнеркәсіпті қайта қарау: елдің технологиялық прогресінің жол картасы.

9. Цифрлық трансформацияның елдің экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігіне әсері.

10. Сандық валюта мен блокчейн технологиясының экономикалық аспектілері.

11. Шағын және орта бизнестің экономикалық дамудағы рөлі.

Байқау сырттай екі кезеңде өткізіледі:

- бiрiншi кезең - ғылыми-зерттеу жұмысын әзiрлеу, дайындау;

- екінші кезең - ұйымдастыру комитетіне конкурстық құжаттаманы ұсыну, конкурстық комиссияның жұмысы (орындау мерзімі 2025 жылғы 21 сәуірге дейін).

Байқау нәтижелері бойынша бағыттар бойынша қорытындылар шығарылады:

- «Гран-при» - бір команда;

- «1-орын» - бір команда;

- «2-орын» - үш команда;

- «3-орын» - төрт команда.

Ғылыми байқау қосымша ынталандыру номинацияларын ұсынады. Жеңімпаздар мен номинация иегерлері дипломдар мен сертификаттарға ие болады.

Ғылыми байқау туралы ереже қоса берілген.

Конкурстық құжаттама мына мекенжай бойынша ұсынылады:

140008, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов көш., 64, «Торайғыров университеті» КЕАҚ, «Қаржы және есеп» кафедрасы, 519 кабинеті немесе E-mail: dana.bekniyazova@mail.ru

Байланыс телефондары:

Бекниязова Дана Сайлауовна: +7(771) 801-6173

 

| 701
Положение по конкурсу (Финансы и учет).docx
Конкурс туралы ереже (Қаржы және есеп).docx
Итоги Конкурса научных работ Финансы и учет.pdf