2023-2024 оқу жылына арналған «Биология және экология» кафедрасының сапа саласындағы мақсаттары

           

brand-logo

2023-2024 оқу жылына арналған «Биология және экология» кафедрасының

САПА САЛАСЫНДАҒЫ МАҚСАТТАРЫ

 

Мақсаттың атауы

Мақсат мазмұны

Критерийлер

Басқарушылық

Кафедраның басқару тиімділігін қамтамасыз ету.

Кафедраның ПОҚ функциялары мен өкілеттіктерін бөлу: ПОҚ кафедра жұмысына 100 % қатысуы, еңбек тәртібін 100 % сақтауы, тәртіпті бұзушылықтарға жол бермеуі, қызметкерлердің демалысын ұйымдастыруы (1 шығу).

Оқу

Кафедраның ПОҚ білім беру қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету.

Өткен оқу жылымен салыстырғанда кафедра пәндері бойынша үлгерімнің 0,5 балға өсуі. Кафедра жоспары бойынша 1 шетелдік ғалымды дәріс оқуға шақыру. «Торайғыров университеті» КЕАҚ көптілді білім беруді енгізу бағдарламасына сәйкес, аталған бағдарламаға 28 магистрант пен 8 докторанттың қатысуы. Академиялық ұтқырлық шеңберінде 3 студент, 1 магистранттың қатысуы.

Әдістемелік

Әдістемелік әзірлемелердің сапа деңгейін арттыру, практика базаларын кеңейту.

Оқулықтарды, оқу құралдарын және әдістемелік нұсқауларды әзірлеу және шығару (7 әзірлеме), кафедраның 6 әдістемелік семинарын өткізу, 16 ашық дәріс өткізу. ПОӘК және МОӘК жинақталуы –                  100 %.

Ғылыми

Кафедраның ҒЗЖ тиімділігін қамтамасыз ету.

Шетелде тағылымдама (2 адам). Импакт-факторы бар мақалалар жариялау – 5, енгізу актілері –3, монографиялар (1 әзірлеме). PhD докторлық диссертацияларды қорғаудың күтілетін саны – 2, магистрлік диссертацияларды – 10. Кафедра студенттері, магистранттары, докторанттары мен ПОҚ оқу жылы бойына конкурстарға, олимпиадаларға, гранттарға, жобаларға қатысуы. Мемлекеттік бюджет, шаруашылық келісімшарт ҒЗЖ және коммерцияландыру жобалары кафедраның ПОҚ орындалуы – 10 адам.

Тәрбиелік

Тәрбие жұмысының сапа деңгейін арттыру. Мемлекеттің мақсаттарын айқын көретін, жоғары эрудициясы, мәдениеті бар мамандарды, зиялы қауымның саяси жетілген өкілдерін қалыптастыру.

Тәрбие жұмысы бойынша айына 1 рет кураторлық сағат және 50 іс-шара өткізу.

Шаруашылық

Кафедраның материалдық-техникалық базасының өсуін қамтамасыз ету.

Оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алуға өтінім беру (30 атау). Мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісім-шарттық ҒЗЖ орындау шеңберінде компьютерлік техника мен зертханалық ыдыстарды сатып алу.

Маркетингтік және кәсіптік бағдар беру

Өңірлік білім беру нарығында көшбасшылықты қамтамасыз ету.

Индикативтік жоспар шегінде студенттерді қабылдауды және түлектерді 100 % жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету. Кафедраға бекітілген № 9, 24, 40 мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын өткізу. Талапкерлерді тарту – 110 адам.

 

Кафедра отырысында талқыланды және мақұлданды (2023 жылдың 31 тамызынан № 1 хаттама)                           «БжЭ» каф. меңгерушісі                                               А. Калиева                                                                

                                                                                                                                                                                                           Келісілді:             

ЖҒФ деканы                                                      К. Ахметов