Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысының мақсаты – оқушылардың жан-жақты үйлесімдік дамуына бағытталады:

• жеке тұлғаны позитивтік қасиеттерге тәрбиелеу;

• белсенді өмірлік ұстанымына шыңдау;

• өзін-өзі тәрбиелеу, өз білімін арттыру, өзін-өзі бақылау қабілеттері;

• өзіндік бедел сезіміне тәрбиелеу;

• рухани және адамгершілік қасиеттерін дамыту;

• жеке тұлғаның физикалық саулығын дамыту;

• мінез-құлық мәдениеті;

• экология мәдениетіне.

Тәрбиелеу үдерісінің мәселелері болып саналады: 

• эстетикалық құндылықтар және эстетикалық нормалар бірлігінде отансүйгіштікке тәрбиелеу, жеке тұлғаның азаматтық құқықтары мен отан заңдарын сыйлау;

• дүниеге көзқарас суретін студент санасында қалыптастыру;

• өмір мәнін, өз бірегейлігі мен құндылығын түсінуде студенттердің философиялық-дүниетанымын бағыттау;

• жалпы адами және мәдени байлықтарды айқындайтын мәдени құндылықтар жүйесіне қатыстыру, оған деген жеке тұлғаның қатынасын қалыптастыру;

• жалпы адами гуманизм нормаларын меңгеру (шындық, әділдік, сұлулық, жақсылық, өзара түсіністік, қайырымдылық, жан ашу, көңіл білдіру және т.б.), белгілі тұлғаның қасиеті ретінде зиялылықты әдетке айналдыру, тарату және өмірде оған бой ұсыну;

• еңбекке қатынасты әлеуметтік және жеке мәнділі қажеттілікке айналдыру;

• салауатты өмір салты жөніндегі көзқарасты дамыту.

«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ТЖ жоспары мен ЖҒФ ТЖ жоспарына сәйкестікте кафедрада тәрбие жұмысы жүзеге асырылады.

Барлық курстардың студенттері университетте өткізілетін әртүрлі іс-шараларға жүйелі түрде қатысты: спорттық жарыстар, «TOU Миссі» сұлулық конкурсы, шығармалар конкурсында, ЖҒФ студенттеріне арнау, ректор кубогына футболдан турнир, флеш-моб, дебаттар және т.б.

2022-2023 оқу жылында "Биология және экология" кафедрасының студенттері қатысты:

- "Тазалық марафоны" іс-шарасы аясында "Жасыл елмен" бірлесіп "Спорт сити" жеңіл атлетика манежінің аумағын көгалдандыруға, волонтерлік жұмысқа, "Парктер маршы" халықаралық акциясына, сенбіліктерге, экологиялық акцияларға;

- конференцияларға: "Солтүстік-Шығыс Қазақстан экологиясының өзекті мәселелері", "ХIV Торайғыр оқулары", "XXIII Сәтбаев оқулары" және т.б.;

- "Өрт және техносфералық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері" дөңгелек үстеліне ("6B11201 - Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі" мамандығының 1-4 курс студенттері және магистранттар); 

Манап Диана, Жұмат Ақерке, Муздафий Динасыл, Откенова Дана Павлодар облысының мемлекеттік органдарында тағылымдамадан өтіп, "Мемлекеттік қызметке талантты, білімді, жасампаз жастарды тарту" тақырыбындағы жас маман мектебінің 16 сағат көлемінде сертификаттар алды.

Кафедраның барлық мамандықтары бойынша 1-4 курс студенттері "Coursera" білім беру платформасында біліктілікті арттыру курстарын өтті.

4 курс студенттері "Торайғыров университеті" КЕАҚ Мансап орталығы ұйымдастырған Бос орындар жәрмеңкелеріне қатысты. 

Академиялық топтар кураторларымен төмендегі тақырыпта кураторлық сағаттар өткізілді:

- «Қазақстан Респубикасының Конституциясы күні»;

- «Адам құқықтары жөніндегі Конституцияның негізгі ереежелері және оларды орындау»;

- «Қазақстан Респубикасының Тәуелсіздік күні»;

- «Мемлекеттік тілде сөйлеу – біздің азаматтық парызымыз»;

- «ҚР-да бәсекелестікті арттыру – білім мен ғылымның жаңа көкжиектері» және т.б.

«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен, Комплаенс-қызметімен «Таза сессия» кең ауқымды сыбайластық пен жемқорлыққа қарсы акция өтті. 

«Таза сессия» акциясын өткізудің негізгі мақсаты – студенттердің белсенді азаматтық ұстанымы мен құқықтық санасын қалыптастыру, ҚР сыбайластық пен жемқорлыққа қарсы заңнамаларын бұзушылыққа төзбеушілік болып саналады. Іс-шараға БжЭ кафедрасының барлық студенттері қатысты. 

Акция барысында жемқорлыққа қарсы насихат жұмысы жүргізілді. Университеттің барлық ғимараттарында студенттердің ескертпелері мен ұсыныстары үшін «Сенім жәшіктер» орнатылды. Осыдан басқа емтихандық сесиясы кезеңінде келеңсіз жәйттерге байланысты, мәселелерді ашық талқылау ұйымдастырылды, емтихандарды қабылдау және білім беру қызметтерін ұсыну сапасына қанағаттану затына студенттермен сауалнама жүргізілді. 

- Әр студент, магистрант сапалы білім беруде өз құқықтары шеңберінде әділдікке жету және сессиялар кезінде жемқорлық жәйттеріне келіспеушілік көрсетуі тиіс. «Торайғыров университеті» КЕАҚ-да жемқорлықтың алдын-алу жөнінде жүйелі түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізіледі. 

Іс-шаралар емтихандық сессиялардың таза және обьективті өтуін қамтамасыз ету, жемқорлықтың алдын-алу, сондай-ақ оқу мекемесінде заңды бұзушылыққа оқитын студенттердің қырағылығын арттыру мақсатында өткізіледі. 

2022-2023 оқу жылындағы «Биология және экология» кафедрасы студенттерінің жетістіктері

Студенттің аты-жөні

Тобы

Атауы

1

Пичугина В

Эк-302

Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «XIV Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысқаны үшін І дәрежелі диплом

2

Пичугина В.,

Бирюкова А.

Эк-302

Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «XXIII Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысқаны үшін ІI дәрежелі диплом

3

Пичугина В.,

Бирюкова А.

Эк-302

Биология бөлімі бойынша ҚР жоғары оқу орындарының СҒЗЖ республикалық конкурсында 3 орын. Жобаның тақырыбы: Қазақстан солтүстік-шығысының мысалында әртүрлі агротехнологиялық әдістерді қолдауымен шетелдік және қазақстандық селекцияның жаздық бидай сорттарының агроценоздарындағы фитофагтардың мониторингі

4

Мокина А

Эк-202

"Жас ғалымдардың зерттеулері, теориясы мен практикасы"студенттердің,магистранттардың, жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарының ХІV республикалық қашықтықтан байқауы, ІІ дәрежелі диплом

5

Плесовских К.,

Ченцова Е., Наумова А.

Эк-302,

Эк-202

Экология мамандығы бойынша XIV Республикалық пәндік олимпиадаға қатысқаны үшін III дәрежелі диплом

6

Жумат Акерке

Б-401

Margulan University СҒЗЖ және әдістемелік әзірлемелер республикалық конкурсының III дәрежелі дипломы

7

Манап Диана

Б-401

Margulan University СҒЗЖ және әдістемелік әзірлемелер республикалық конкурсының I дәрежелі дипломы

8

Курбанбаева Севара

МБ-22н

Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «XIV Торайғыров оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысқаны үшін III дәрежелі диплом

Жалпы «Биология және экология»  кафедрасының студенттері кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады