Абылхасанов Талғат Жұмагелдіұлы – 2004 жылы «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын «үздік» бітірді. 2004-2005 жылдары «6N0607 – Биология» мамандығы бойынша магистратурада, 2005-2007 жылдары «03.00.08 – Зоология» мамандығы бойынша аспирантурада оқыды. 2012 жылы «6D060700 – Биология» мамандығы бойынша докторантураға түсті. Жаратылыстану ғылымдары саласында Сәтбаев атындағы премия иегері. Ғылыми еңбектері – 16, соның ішінде 2 мақала WEB of Sceince және Scopus мәлімет базасына енетін журналда жарияланған. Бүгінгі күні «Торайғыров университі» КЕАҚ «Биология және экология» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады.
Молдакимова Назира Асылбекқызы – 2007 жылы «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын «үздік» бітірді. 2007-2009 жылдары «6N0607 – Биология» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. 2008-2011 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетінде «6D060700 – Биология» мамандығы бойынша докторантурада оқыды. Бүгінгі күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де өсімдік биотехнологиясы және микробиология кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарады.
Жұмабекова Дина Қалиханқызы – 2008 жылы «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын «050607 – Биология» мамандығы бойынша «үздік» бітірді. 2008-2010 жылдары «6N0607 – Биология» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. 2006 жылы Адам анатомиясы пәні боынша аймақтық пәндік олимпиадасына қатысып, жүлделі орынға ие болды. Бүгінгі күні «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Биология және экология» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады.
Уалиева Римма Мейрамқызы - «Алтын белгі» төс белгісінің иегері, биология бойынша қалалық, облыстық, аймақтық және Республикалық олимпиадаға қатысушы және жеңімпазы. «Жас ғалым», «Жас талап» ғылыми-зерттеу жобаларының қатысушысы. 2012 жылы «Торайғыров университі» КЕАҚ «үздік» бітірді. 2012 жылы «6M060700 – Биология» мамандығы бойынша магистратураға түсті. 2012-2014 жылдары 6M060700 – Биология мамандығы бойынша магистратурада оқыды. 2014 жылы 6D060700 – Биология мамандығы бойынша докторантураға түсті. Тұңғыш Президент Қоры стипендиясының, Қ. Сәтпаев атындағы атаулы стипендияның иегері, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарының қатысушысы. Бүгінгі күні Торайғыров университетінің «Биология және экология» кафедрасының профессоры.
Төлеутаев Сағын Сайранұлы - 2010 жылы «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын «050608 – Экология» мамандығы бойынша «үздік» бітірді. 2010- 2012 жылдары «6M060800 – Экология» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. Қазіргі уақытта «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ басшысының орынбасары және «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Биология және экология» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады.
| Есмагамбетов Даулет Бекбатырович – "Павлодар облысы әкімі аппараты" ММ мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы.
|
Алешов Ансар Урумбайулы – «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ табиғат қорғау бағдарламаларын жоспарлау және іске асыру бөлімінің басшысы. | |
Сагитов Берик Сапаргалиевич – ҚР ИИДМ жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының бас сарапшысы. | |
Калиева Айнагуль Балгауовна (2001 жылдың түлегі) – биология ғылымдарының кандидаты, доцент, "Торайғыров университеті" КЕАҚ "Биология және экология" кафедрасының меңгерушісі. | |
Нургожин Ренат Жайскайратович (2002 жылдың түлегі) – биология ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау жөніндегі академияның филиалы, бөлім басшысы. | |
Кабылтаева Айгерим Жанбыртаевна (2010 жылдың түлегі) – "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" ММ басшысы. | |
Мапитов Нариман Бейбутович (2015 жылдың түлегі) – PhD докторы, "Торайғыров университеті" КЕАҚ "Биология және экология" кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), СжСМЖ департаментінің бастығы. | |
Чидунчи Ирина Юрьевна (2011 жылдың түлегі) – PhD докторы, "Торайғыров университеті" КЕАҚ "Биология және экология" кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), облыстық мәслихаттың депутаты, Павлодар облысының Экологиялық кеңесінің төрағасы. | |
Сергазинова Зарина Мухтаровна (2015 жылдың түлегі) – PhD докторы, "Торайғыров университеті" КЕАҚ "Биология және экология" кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент). | |
Алшин Ануар Ринатулы (2018 жылдың түлегі) – "Ұлттық сараптама орталығының" Павлодар облысы бойынша филиалының Баянауыл аудандық бөлімшесінің басшысы. |
Тел: 8 (7182) 67-36-68, (ішкі 1257)