2022-2023 оқу жылындағы «Биология және экология» кафедрасының сапа саласындағы жетістіктері

2022-2023 оқу жылындағы

«Биология және экология» кафедрасының

САПА САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

 

Бағыттары

Жетістіктері

1 Оқу жұмысы

6B05203 «Қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану» бағыты бойынша, «Торайғыров университеті» КЕАҚ мен Беларусь мемлекеттік технологиялық университеті арасында жасалған, Бакалаврларды даярлаудың қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша, 3-4 курс студенттері Беларусь Республикасында оқып жатыр (Минск қ).

2 Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедраның барлық пәндері бойынша ПОӘК, 6B05201, 7M05201 – Экология, 6B05101, 7M05101 – Биология білім беру бағдарламаларына арналған модульдер әзірленді. Барлығы 3 монографиялар мен келесі авторлардың оқу-әдістемелік құралдары жарияланды: Ахметов К.К. «Симулиды (мошки) Павлодара фауна, биология, экология,фенология и контроль их численности)»; Калиева А.Б. «Солтүстік-Шығыс Қазақстан соналары (Diptera,Tabanidae) биологиясының ерекшеліктері»; Аманова Г.К., Акимбекова Н.Ж., Байтемирова А.К. «Микроорганизмдер экологиясы».

3 Ғылыми жұмыс

1 «Биология және экология» кафедрасында мына жоба бойынша жұмыс жүргізілуде:

217 «Ғылымды дамыту» бағдарламасының, 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» ішкі бағдарламасының,  «Консалтингтік қызметтер мен зерттеулерге ақы төлеу» 156 ерекшелігі,  «Су ресурстарын, жануарлар және өсімдіктер әлемін, экологияны тиімді пайдалану» басымдығы жобасының тақырыбы: «Қазақстанның Солтүстік-Шығысындағы жаздық бидайдың деструктивті биотасын (фитофагтар мен фитопатогендер) фитосанитариялық бақылаудың экологиялық жүйесін әзірлеу», 2021 жылғы 24 ақпаннан № 66КМУ2/4. Қаржыландыру сомасы 15 095 360 (он бес миллион тоқсан бес мың үш жүз алпыс) теңге;

 217 «Ғылымды дамыту» бағдарламасының, 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» ішкі бағдарламасының,  «Консалтингтік қызметтер мен зерттеулерге ақы төлеу» 156 ерекшелігі,  «Су ресурстарын, жануарлар және өсімдіктер әлемін, экологияны тиімді пайдалану» басымдығы жобасының тақырыбы: «Семей орманы резерваттың градиент (трансект) әдіс қолдаумен дендроклиматтық зерттеулері», 2022 жылғы 20 наурыздан № 113-КМУ3/2. Қаржыландыру сомасы 50000000 теңге.

2 Оқу процесіне енгізу актілері: 6В05201-Экология, 6В05203-Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мамандықтары бойынша, Сергазинова З.М., Калиева А.Б., Кабдолла М.О. авторларының «Экологиялық биогеография» оқу-әдістемесі енгізілді; Кукушева А.Н. авторының «Гибридті қымыздық көпмақсатты пайдалану дақылы» монографиясы енгізілді.

4 СҒЗЖ

Кафедра бойынша жарияланған мақалалар саны – 90, оның ішінде ҚР БҒСБК журналдарында – 10 мақала, Томсон Рейтер, Скопус – 7 мақала, отандық конференциялар материалдарында – 66 мақала, шетелдік конференцияларда – 7 мақала.

 

Кафедра отырысында талқыланды және мақұлданды (2023 жылдың 31 тамызынан № 1 хаттама)

 

«БжЭ» каф. меңгерушісі                                                    А. Калиева

/arm/storage/files/6540c251ed1670.60024320.pdf