Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар

«Биология және экология» кафедрасында мына жоба бойынша жұмыс жүргізілуде:

1) 217 «Ғылымды дамыту» бағдарламасының, 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» ішкі бағдарламасының,  «Консалтингтік қызметтер мен зерттеулерге ақы төлеу» 156 ерекшелігі,  «Су ресурстарын, жануарлар және өсімдіктер әлемін, экологияны тиімді пайдалану» басымдығы жобасының тақырыбы: «Қазақстанның Солтүстік-Шығысындағы жаздық бидайдың деструктивті биотасын (фитофагтар мен фитопатогендер) фитосанитариялық бақылаудың экологиялық жүйесін әзірлеу», 2021 жылғы 24 ақпаннан № 66КМУ2/4. Қаржыландыру сомасы 15 095 360 (он бес миллион тоқсан бес мың үш жүз алпыс) теңге;

2) 217 «Ғылымды дамыту» бағдарламасының, 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» ішкі бағдарламасының, «Консалтингтік қызметтер мен зерттеулерге ақы төлеу» 156 ерекшелігі, «Су ресурстарын, жануарлар және өсімдіктер әлемін, экологияны тиімді пайдалану» басымдығы жобасының тақырыбы: «Семей орманы резерваттың градиент (трансект) әдіс қолдаумен дендроклиматтық зерттеулері», 2022 жылғы 20 наурыздан № 113-КМУ3/2. Қаржыландыру сомасы 50000000 теңге.

2022-2023 оқу жылында оқу процесіне енгізу актілерінің тізімі: 6В05201-Экология, 6В05203-Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мамандықтары бойынша, Сергазинова З.М., Калиева А.Б., Кабдолла М.О. авторларының «Экологиялық биогеография» оқу-әдістемесі; Кукушева А.Н. авторының «Гибридті қымыздық көпмақсатты пайдалану дақылы» монографиясы; Арынова Ш.Ж. авторының "Суды пайдаланудың экологиялық қауіпсіздігінің индикаторы ретінде антропогендік карбонаттар" монографиясы; Уалиева Р.М., Кукушева А.Н., Инсебаева М.К., Жумабекова Д.К. авторларының "Қазақстанның Солтүстік-Шығысындағы жаздық бидайдың зиянкестері мен аурулары" оқу-әдістемесі; Уалиева Р.М. авторының "Вредители и болезни яровой пшеницы в условиях Северо-Востока Казахстана" электронды оқу-әдістемесі, Калиевой А.Б., Қабдолла М.О. авторларының "Буынаяқтылармен күресудің биологиялық әдістері" оқу-әдістемесі.

Көрші және алыс шет ел жоғары оқу орындарымен, институттармен қарым-қатынас жасалынады:

- Албрехт фон Халлер атындағы ботаника институты (экологии кафедрасы), Геттинген Университетімен ғылыми-зерттеу жобасы саласындағы шарт;

- Словенияның Люблян тарихи мұражайымен шығармашылық ынтымақтасу;

- Новосібір қаласындағы жануалардың экологиясы мен жүйелік институты;

- Барнаул қаласындағы Алтай мемлекеттік аграрлық университеті;

- ФГОУ ВПО Түмен мемлекеттік ауылшарушылық академиясы, Биотехнологиялар және ветеринарлық медицина институты;

- Томск мемлекеттік унтиверситеті;

- Тюмень мемлекеттік ауылшаруашылық академисяы, ветеринарлық медицина мен биотехнология институты;

- Томск мемлекеттік университеті.

«Торайғыров университеті» КЕАҚ  жыл сайын студенттерге және ОПҚ шетел тілдерінің деңгейі біліктіліктілігін арттыру курстарын жүргізеді және шетел университеттерінің лекторларын шақырады. Биология және экология кафедрасы биология мен экологияның заманауи бағыттары бойынша дәріс оқуға 2022 жылдың желтоқсанында зоология маманы - профессор Младен Кучинич (Загреб университеті) шақырылды. Биологияның әртүрлі салалары бойынша дәрістер оқды: зоология, энтомология, жәндіктер экологиясы, жүйелі зоология принциптері, жалпы биология, биологиялық жүйелердің функционалдығы. Балқан түбегіндегі Trichoptera және Lepidoptera (көбелектер мен макрогетероцерлер) бойынша сарапшы. Кафедраның студенттеріне, магистранттарына, докторантарына, профессор оқытушы құрамына лекция оқыды.

Кафедраның профессор-оқытушы құрамы әртүрлі конференцияларда белсенді қатысып және өз зерттеулердің нәтижесін ғылыми жинақтарда тек республика бойынша ғана емес, шет елде де жазады.

Кафедра бойынша жарияланған мақалалар саны – 90, оның ішінде ҚР БҒСБК журналдарында – 10 мақала, Томсон Рейтер, Скопус – 7 мақала, отандық конференциялар материалдарында – 66 мақала, шетелдік конференцияларда – 7 мақала.