
САПА САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР
«Филология және журналистика» кафедрасы
2024-2025 оқу жылы
Оқу | Оқу процесіне заманауи еңбек нарығының қажеттіліктеріне байланысты инновациялық оқу білім беру бағдарламалары әзірленіп, енгізілді, тәжірибе базаларымен белсенді ынтымақтастық жүзеге асырылды. |
Әдістемелік | Студенттерді дайындау сапасы бойынша аймақтық білім беру нарығындағы көшбасшылық (студенттердің мемлекеттік аралық бақылаудан өтуі-100 %). Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында Мұхаметқали Айдана 2-орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі – Қадырова Бақытжан Масалимовна |
Ғылыми | Кафедраның ПОҚ-ы Scopus базасына кіретін, "ТоU Хабаршысы" және т. б. журналдарда мақалалар жариялады. Кафедрада кафедраның ПОҚ-ы қатысуымен тұрақты ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізу және кафедраның жас қызметкерлерін семинарларға тарту ұйымдастырылды. |
Тәрбиелік | Оқытушылар мен студенттер жоғары оқу орындары, аймақтық және республикалық қоғамдық, мәдени және спорттық іс-шараларға белсене қатысты. Кафедраның тәрбие жұмысы гуманитарлық-педагогикалық факультеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі жоспарға, сондай-ақ кафедраның тәрбие жұмысы жөніндегі жоспарына және эдвайзерлер жоспарына сәйкес жүзеге асырылды. |
Маркетингтік және кәсіптік бағдар беру | Факультет мамандықтары бойынша білім бағдарламасы аккредитациядан өтті: оның ішінде бакалавриат бойынша – 2, магистратура бойынша-3, докторантура бойынша – 2 білім беру бағдарламасы. Мамандандырылған аккредиттеуден өтті: 6B02301 Қазақ филологиясы білім беру бағдарламасы 7 жыл мерзімге; 6B03205 Кітапхана ісі білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге; 6B03201 Журналистика білім беру бағдарламасы 7 жыл мерзімге; 6B02302 Орыс филологиясы білім беру бағдарламасы 7 жыл мерзімге; 7М01701- Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы 7 жыл мерзімге; 7М02302- Русская филология білім беру бағдарламасы 7 жыл мерзімге; 7М02301- Қазақ филологиясы білім беру бағдарламасы 7 жыл мерзімге; 7М03201 - Журналистика білім беру бағдарламасы 7 жыл мерзімге; 8D02301 Филология білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге |
2025 жылғы 2 қыркүйектегі №1 хаттама
Кафедра меңгерушісі: Н. Қ. Жүсіпов
![]()

Тел.: 8(7182) 673631 (1255), эл.почта: zhusupov.n@tou.edu.kz