Достижения в области качества

brand-logo

САПА САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР

«Филология және журналистика» кафедрасы

2024-2025 оқу жылы

Оқу

       Оқу процесіне заманауи еңбек нарығының қажеттіліктеріне байланысты инновациялық оқу білім беру бағдарламалары әзірленіп, енгізілді, тәжірибе базаларымен белсенді ынтымақтастық жүзеге асырылды.

 Әдістемелік

      Студенттерді дайындау сапасы бойынша аймақтық білім беру нарығындағы көшбасшылық (студенттердің мемлекеттік аралық бақылаудан өтуі-100 %).

      Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында Мұхаметқали Айдана 2-орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі – Қадырова Бақытжан Масалимовна

Ғылыми

        Кафедраның ПОҚ-ы Scopus базасына кіретін, "ТоU Хабаршысы" және т. б. журналдарда мақалалар жариялады.

       Кафедрада кафедраның ПОҚ-ы қатысуымен тұрақты ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізу және кафедраның жас қызметкерлерін семинарларға тарту ұйымдастырылды.

Тәрбиелік

      Оқытушылар мен студенттер жоғары оқу орындары, аймақтық және республикалық қоғамдық, мәдени және спорттық іс-шараларға белсене қатысты. Кафедраның тәрбие жұмысы гуманитарлық-педагогикалық факультеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі жоспарға, сондай-ақ кафедраның тәрбие жұмысы жөніндегі жоспарына және эдвайзерлер жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

Маркетингтік және кәсіптік бағдар беру

       Факультет мамандықтары бойынша  білім бағдарламасы аккредитациядан өтті: оның ішінде бакалавриат бойынша – 2, магистратура бойынша-3, докторантура бойынша – 2 білім беру бағдарламасы. Мамандандырылған аккредиттеуден өтті:

6B02301 Қазақ филологиясы білім беру бағдарламасы 7 жыл мерзімге;

6B03205 Кітапхана ісі білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге;

6B03201 Журналистика білім беру бағдарламасы 7 жыл мерзімге;

6B02302 Орыс филологиясы білім беру бағдарламасы 7 жыл мерзімге;

7М01701- Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы 7 жыл мерзімге;

7М02302- Русская филология білім беру бағдарламасы 7 жыл мерзімге;

7М02301- Қазақ филологиясы білім беру бағдарламасы 7 жыл мерзімге;

7М03201 - Журналистика білім беру бағдарламасы 7 жыл мерзімге;

8D02301 Филология білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге

 

2025 жылғы 2 қыркүйектегі №1 хаттама

Кафедра меңгерушісі:                                                                               Н. Қ. Жүсіпов