Қуандық Пазылұлы Жүсіп 02.11.1941 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы қазіргі Мәшһүр Жүсіп ауылында туған. 1959 жылы Баян қазақ орта мектебін бітірген. 1959-1964 жылдары Алматыдағы Абай атындағы қазақтың педагогикалық институтының тарих-филология факультетінде оқыды. 1964-1967 жылдары Қазақ ССР ғылым академиясында аспирантурада оқыды. 1968 жылдан бастап Семейдегі пединституттың Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында аға оқытушы болып қызметке орналасты. 1969 жылы «Қазақ прозасындағы тартыс және жаңа адам» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1973 жылдан сол кафедраның доценті және кафедра меңгерушісі болып істеді (1995 жылға дейін). 1994 жылы «Қазіргі қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 1996 жылы профессор ғылыми атағы берілді.
1995-1997 жылдар аралығында Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтында «Филологиялық пәндер» кафедрасының меңгерушісі және Екібастұз жоғары педагогикалық колледжінде қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды.
01.08.1997 жылдан бастап С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының және сол уақыттан бастап 30.08.2001 жылға дейін Павлодар университетіндегі мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі болып істеді.
1991 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озат қызметкері» белгісімен, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен , 2008 жылы «10 жыл Астана» белгісімен марапатталды. «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы» медалі (2008 ж.), «С.Торайғыров атындағы» алтын белгісі (2010 ж.), «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» медалі (2011 ж.), «Құрмет» орденімен (2012 ж.) марапатталды.
Тел.: 8(7182) 673631 (1255), эл.почта: zhusupov.n@tou.edu.kz