Кафедра тарихы

«Филология және журналистика» кафедрасының тарихы өз бастауын 1996 жылдан алады. Кафедрада оқыған мамандар жоғары оқу орындарында, білім беру басқармаларында, колледждер мен мектептерде, бұқаралық ақпарат құралдарында, кітапханаларда және басқа да мекемелерде қызмет етуде.

Оқу үрдісін ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметте бай тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар жүргізеді. Олардың ішінде 8 профессор, 2 ғылым докторлары, 3 ғылым кандидаттары, 3 PhD докторлары, 3 аға оқытушы.