Оқу-әдістемелік жұмыс

" Филология және журналистика" кафедрасында штат бойынша ПОҚ – 18 адам. 

Кафедра құрамы: филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Қ. Жүсіпов, филология ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының докторы, проф. А.Қ. Тұрышев, ф.ғ.к.,  профессор (доцент) Е.Қ. Жүсіпов, ф.ғ.к., проф. Р.М. Муталиева, ф.ғ.к., проф. М.Н. Баратова, ф.ғ.к., проф. Б.М. Қадырова, ф.ғ.к., профессор Б.Қ. Қапасова, ф.ғ.к., профессор О.А. Йост, ф.ғ.к., профессор А.Д. Цветкова, ф.ғ.к.,профессо А.О. Карипжанова, ф.ғ.к.,  профессор О.А. Попович, ф. ғ.к., профессор А. П. Шахарман, магистр, аға оқытушы Р.О. Жұманбаева,  магистр, аға оқытушы Н.И. Толокольникова, оқытушы (ассистент) Л. Қ. Құмар.

Ғылыми дәрежелері бойынша 87%-ды құрайды. Атақтары мен ғылыми дәрежелері бар оқытушылардың орташа жас мөлшерін 47 жас деуге болады.

Кафедрада бекітілген пәндер бойынша дәріс, тәжірибешілік сабақтар, оқытушының студентпен бірлесіп атқаратын жұмыстары, кеңестер, МАК жұмыстары, курстық, диплом жұмыстары мен магистрлік жұмыстарға жетекшілік жасау т.б. жұмыстары атқарылады.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы белгіленген жүктеме бойынша бекітілген сағаттарын толық орындайды. Әрбір оқу жылында кафедра мүшелері кемінде 5 оқу, оқу-әдістемелік құралдарын әзірлейді.

 Кафедрадағы білім бағдарламалары: 6В02301 - қазақ филологиясы; 6В02302 - орыс филологиясы: 6В03201 - журналистика; 6В03205 - кітапхана ісі; 7М02301 - қазақ филологиясы; 7М01701 - қазақ тілі мен әдебиеті; 7М02302- орыс филологиясы; 7М03201- журналистика; 7М03205 - кітапхана ісі; 8D02301 -филология.