Қашықтықтан оқыту технологияларының дағдыларын арттыру үшін 2020 жылдың қазан айында университеттің оқытушылары мен қызмекткерлер үшін «Hi-Tech менеджмент» атты тегін оқыту курсы жоспарлануда.

Тренингтің негізгі мақсаты – университеттің мамандары мен оқытушылардың университеттегі өндірістік және оқу процестерін басқару мен бақылауда цифрлы технологияларды қолдану бойынша құзыреттіліктерін дамыту (Bitrix24, корпоративті пошта, кестелермен жұмыс, бейне дәрістер және т.б.).

Қосымша ақпарат алу үшін Каб - 217 біліктілікті арттыру секторына хабарласуға болады.

| 48
Толығырақ
2020-10-02

Құрметті «Торайғыров университеті» қызметкерлері

Сіздерге біздің университетіміздің базасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес медициналық қызметтердің барлық түрлері көрсетілетін дәрігерлік амбулаторияның (медициналық орталықтың) ашылуы, сондай-ақ "бейінді" мамандарды қабылдау жүзеге асырылатыны туралы хабарлаймыз.

06.10.2020 жылдан бастап IT HUB университетінің қызметкерлері мен білім алушылары үшін ЭЦҚ алу рәсімдері бойынша техникалық қолдау көрсететін болады корпус А каб - 122, сондай-ақ Чокин 139/1 мекенжайы бойынша орналасқан дәрігерлік амбулатория (медициналық орталық) үй-жайы базасында кіру "Ертіс" технопаркі тарапынан біздің медициналық мекемеге бекіту немесе қайта бекіту рәсімі бойынша техникалық қолдау жүзеге асырылатын болады. Университеттің медициналық орталығына қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері бекітіле алады.

| 47
Толығырақ
2020-10-02

«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 14000, Павлодар қаласы, Ломов көшесі 64, «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-ректоры бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Қоғамның орналасқан мекен-жайы: Павлодар қаласы, Ломов көшесі 64.

Қызметінің негізгі мәні - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру, іргелі ғылыми және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру болып табылады.

Қызметтің мақсаты - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білім, білім беру ұйымдарында және (немесе) уәкілетті органдарда басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

1) жиырма бес жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;

3) белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысанда өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) 3х4 үлгідегі түрлі түсті фотосуретпен белгіленген нысандағы конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

4) жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы;

5) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері және оларды салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

6) жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) № 086/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-кеңестік қорытынды);

8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

9) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

10) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне (каб. 643) тапсыру қажет, телефоны: 8 (7172) 74-27-25.

| 46
на каз..doc
на рус.doc
СПИСОК.doc
Толығырақ
2020-10-01

Құрметті әріптестер!

 

«Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту сұрақтары бойынша International Office-қа хабарласыңыз (251 кабинет). 

 

Тағылымдамадан өтуге өтінім беру үшін қажетті құжаттар

 

-  Нысан бойынша толтырылған сауалнама;

-  Жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға жұмыс берушінің өтінімі;

-  Жеке куәлік және төқұжат;

-  Қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломы, сонымен қоса шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда – білім туралы құжатты тану және/немесе нострификациялау туралы куәлік не Заңның 39-бабы 8-тармағында бекітілген ерекшеліктерді ескере отырып, білім туралы құжатты тану туралы басқа құжат;

-  Еңбек қызметін растайтын құжаттар, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес еңбек қызметінің талап етілетін кезеңіне сәйкес аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірме;

-  Тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымның тағылымдамадан өту үшін тиісті нәтижесі бар талабы болған жағдайда, сондай-ақ визаны ресімдеу қажет болған кезде шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;

-  Мемлекеттік тілден емтихан тапсырғаны туралы блгіленген нысандағы жарамды ресми сертификат;

-  Шетелге шығатын тұлғалар үшін 082 нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

-  Тағылымдамаға қабылдаушы шетелдік ұйымның атынан тағылымдама өту мерзімі, құны көрсетілген (есеп- айырысулар толық жазылған), мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шартсыз шақыртуын растайтын құжат (қаржылық шарттарды қоспағанда);

-  Жұмыс органы бекіткен талаптарға сәйкес құрылған және тағылымдамаға жәберуші әрі қабылдаушы ұйым бекіткен тағылымдамадан өту бағдарламасы.  

| 41
Толығырақ
2020-09-08

ПАВЛОДАР ОБЫЛЫСЫ ӘКІМДІГІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ «Торайгыров университет»

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Философия, тарихшылар, саясаттанушылар, оқытушылар, мектеп мұғалімдері, докторанттар, магистранттар мен студенттерді Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Хакім Абай – әлемдік өркениет феномені» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз.

Материалдарды тапсыру мерзімі 2020 жылдың 10 тамызына (қоса алғанда) дейін техникалық хатшының электрондық поштасына жолдауыңыз тиіс.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс контактілері: Павлодар қ., Ломов көшесі, 64-үй, Торайгыров университет, Ғылым және инновациялық технологиялар бөлімі (А-233б кабинеті), тел. 8 (718-2) 67-36-49   (ішкі: 12-44, 12-08), ұялы тел. 87082466965

Конференцияны өткізу форматы: онлайн, Zoom платформасында

Конференция идентификаторы: 875 9580 9790

Кіру коды: ToU2020

Басталуы: 10.00

 

| 33
СООБЩЕНИЕ.docx
ХАБАРЛАМА.docx
INFORMATION NOTICE.docx
Толығырақ
2020-07-28