«Торайғыров университеті» КЕАҚ 8D01101 (6D010300) – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Шолпан Жанболатовна Алимованың «Психологиялық-педагогикалық дайындау үрдесінде студенттердің зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру» қорғауы өтеді.
Қорғау түрі: диссертация жұмысы.
Қорғау тілі: орыс.
Диссертация «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Тұлғалық даму және білім беру» кафедрасында орындалған.
Ресми рецензенттер:
Мирза Наталья Викторовна – педагогика ғылымдарының докторы, доцент, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық кафедрасының меңгерушісі, Қарағанды қ., Қазақстан, мамандығы 13.00.08;
Нагымжанова Каракат Мукашевна – педагогика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, «Тұран-Астана» университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан, мамандығы 13.00.01.
Ғылыми кеңесшілер:
Ушакова Наталья Михайловна – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Торайғыров университеті» КЕАҚ профессоры, Павлодар қ., Қазақстан;
Башаркина Елена Александровна – педагогика ғылымдарының кандидаты, А.А. Кулешов атындағы Могилев мемлекеттік университетінің доценті, Могилев қ., Беларусь Республикасы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Фоминых Наталия Юрьевна – педагогика ғылымдарының докторы, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің профессоры, Мәскеу қ., Ресей;
Саржанова Галия Байжумаевна – 6D010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша PhD докторы, доцент, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шет тілдік дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, Қарағанды қ., Қазақстан;
Тлеужанова Гульназ Кошкимбаевна – педагогика ғылымдарының кандидаты (13.00.01 – Жалпы педагогика және білім тарихы, этнопедагогика), қауымдастырылған профессор, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шет тілдер факультетінің деканы, Қарағанды қ., Қазақстан.
Диссертацияны қорғау аралас форматта (online/offline) 2021 жылы 27 желтоқсанда сағат 14:00-де «Торайғыров университеті» КЕАҚ Диссертациялық кеңесінде ZOOM платформасында өтеді.
Сілтеме: https://zoom.us/j/3599164309?pwd=RlAvS0tPT2ROYjVhN3FUM1Nmc0NmZz09
Конференция идентификаторы: 359 916 4309. Кіру коды: 123
Сайттың мекен-жайы: tou.edu.kz; e-mail: a.a.kudysheva@gmail.com