Раздыкова Гульназ Максутовна - тарих ғылымдарының кандидаты, «Конфессияаралық қатынастарды сараптау мен дамытудың орталығы» КММ-нің директоры.
1996-2001 жылдар аралығында «Тарих» мамандығында оқыды, оқуды үздік бағамен тәмамдады. 2003 жылы магистратураны үздік дипломмен тәмамдады. Археология және этнология, Философия және мәдениеттану кафедраларында оқытушы, аға оқытушы және доцент ретінде қызмет етті. 2007 жылы «07.00.07- Этнография, этнология және антропология» мамандығы бойынша «ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Дала өлкесі қазақтарының мұсылмандық білім беру жүйесіндегі этникалық компонент» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Көптеген ғылыми публикациялардың авторы.
Баймуханов Олжас Кенжебекович - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Алтын мен бағалы металдар мемлекеттік мұражайы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары.
1993 жылдан бастап 1998 жылдар аралығында «Тарих және география» мамандығы бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқыды. 1998 жылдан бастап 2002 жылдар аралығында облыстық әкімшілік тұсындағы индустрия, сауда және кәсіпкерлікті дамыту департаментінде қызмет атқарды. 2003 жылдан бастап 2008 жылға дейін С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың тарих және құқық факультетінде деканның орынбасары қызметін атқарды. 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Алтын мен бағалы металдар мемлекеттік мұражайы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары қызметін атқарып жүр.
Марданова Зулейха Женисовна — тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.
1998 жылы «Тарих» мамандығы бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ-ды тәмамдады. 2000-2007 жылдары ҚР ҒжБМ-нің Ғылым комитетінің тұсындағы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми ізденушісі болды. 2007 ж. – «ХХ ғасырдың 1920-30 жылдарындағы Қазақстанға мәжбүрлеп көшіру бойынша мемлекет саясаты» тақырыбында кандидаттық дисертация қорғады. 2011 жылдың қазан айында доцент (аssociate рrofessor) атағын алды. Тарих және құқық факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасында қызмет етеді.
Ельмуратова Ботагоз Жумабаевна — тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР БжҒМ ККСОН доценті.
1999 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірді. 2003 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-да «Тарих» мамандығы бойынша магистратурадағы оқуын үздік тәмамдады 2007 жылы «ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Солтүстік-шығыс Қазақстандағы әлеуметтік-саяси қозғалыстар тарихнамасы» тақырыбында 07.00.09 – Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған. 2001 жылдан бастап С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жұмыс істейді.
Рахимов Ернур Кендыбаевич – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты, «Археология және этнология» мамандығы.
2001 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша үздік тәмамдады. 2003 жылы «Тарих» мамандығы бойынша магистратурадағы оқуды үздік бітірді. 2007 жылы Томск қаласында 07.00.02 - Отан тарихы мамандығы бойынша «Мұса Шорманов – қоғамдық, мемлекеттік қайраткер және қазақтардың дәстүрлі мәдениетін зерттеуші» атты тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2003-2013 жылдар аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы қызметтерінде жұмыс атқарды. «Археология және этнология» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің докторантурасында оқиды
Дауенов Ернур Нурланович – Павлодар облысының білім беру басқармасының бас маманы, «Үздік ұстаз – 2013» атағының иегері.
2005-2009 жылдар аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Археология және этнология» мамандығы бойынша оқыды. Оқуды үздік тәмамдады. 2009-2011 жылдар аралығында «Археология және этнология» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. 2009 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі мерзімде Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында жұмыс істеді. 2012-2013 жылдар аралығында «Ертiс дарыны» атты республикалық ғылыми-практикалық орталықтың зияткерлік лабораториясының меңгерушісі қызметінде жұмыс атқарды. 2013 жылдан бастап Павлодар облысының білім беру басқармасының бас маманы қызметін атқаруда.
Мұғалім ретіндегі жетістіктері:
- 2010 жылы – «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық сайысының жеңімпазы, Алматы қаласы;\
2010 жылы – «Ертіс дарыны» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталықтың 10 жылдығына арналған халықаралық конференцияда «Ең үздік баяндама» номинациясының иегері;
2010 жылы – Мәскеу, Астана, Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Тараз, Өскемен қалаларында өткен сайыстардағы Павлодар облысының құрама командаларының жетекшісі;
2010 жылы – «Инновациялық-педагигикалық идеялар - 2010» атты республикалық конкурсының 2 жүлделі орын иегері, Алматы қаласы;
2011 жылы – мұғалімдер арасындағы облыстық пәндік олимпиаданың жеңімпазы;
2012 жылы - «Инновациялық-педагогикалық идеялар - 2012» атты республикалық конкурсының 3 жүлделі орын иегері, Алматы қаласы.
Касенова Гульмира Талгатовна – химия-биологиялық бағыттағы Павлодар қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі
2001-2005 жылдар аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Тарих» мамандығы бойынша оқыды. Оқуды үздік бағамен тәмамдады. 2011 жылы «Тарих» мамандығы бойынша магистратураны үздік бағамен тәмамдады. 2005-2013 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында тарих пәнінің мұғалімі, директордың орынбасары қызметтерінде жұмыс атқарды. 2013 жылдан бастап химия-биологиялық бағыттағы Павлодар қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі болып жұмыс істейді.
Байханова Лаура Алтынбековна – химия-биологиялық бағыттағы Павлодар қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі
2002-2006 жылдар аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Тарих» мамандығы бойынша оқыды. Оқуды үздік бағамен тәмамдады. 2006-2013 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында тарих пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс атқарды. 2013 жылдан бастап химия-биологиялық бағыттағы Павлодар қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі болып жұмыс істейді.
Секенова Макпал Жанатаевна – Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 мектеп-лицейінің мұғалімі
2003-2007 жылдар аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Тарих» мамандығы бойынша оқыды. Оқуды үздік бағамен тәмамдады. 2007-2012 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында тарих пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс атқарды. 2012 жылдан бастап дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 мектеп-лицейінің мұғалімі ретінде жұмыс істейді.
Маликов Алексей Витальевич – Назарбаев университетінің магистранты, «Жоғары білім беру» мамандығы
2002-2006 жылдар аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Тарих» мамандығы бойынша оқыды. 2006-2008 жылдар аралығында «Тарих» мамандығы бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің магистратурасында оқыды. Оқуды үздік тәмамдады. 2008 жылдан бастап 2013 жылға дейін .Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ассистенті, оқытушысы, аға оқытушысы болып жұмыс істеді. Назарбаев университетінің магистратурасында оқиды.
«Адал» атты жастардың қоғамдық бірлестігінің төрағасы
2004 жылдан бастап 2008 жылға дейінгі аралықта С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде бакалавриаттың «Тарих» мамандығында білім алды. Университеттегі оқу жылдарында белсенді қоғамдық көшбасшы ретінде өзін көрсете білді.
Тел: 673685 (іш. 1326)