Қадысова Роза (Нағима) Жұмабайқызы Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Әлеуметтік ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі. 1956 жылы 7 мамырда Павлодар облысы Ертіс ауданы Северное ауылында дүниеге келген. 1990 ж. - Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының тарихи -педагогикалық факультетін бітірген. 1988-1994 жж. –Павлодар облысы Ертіс ауданының Кайманачиха ауылында тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. 1994-1998 жж. С.Торайғыров атындағы ПМУнің философия, тарих ӘСП факультетінің аға оқытушысы. 1999 ж. кандидаттық диссертацияны қорғап тарих ғылымдарының кандидаты атағына ие болды. 2001-2004 жж. С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселе жөніндегі проректоры қызметін атқарды. 2004-2012 жж. С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры. 2006 ж. тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесінің диссертациясын қорғады. 2011 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері. 2011 г. Раскин университетінде ( Кембридж қ., Ұлыбритания) Қазақстан Республикасы «Болашақ» Халықаралық бағдарламасы аясында білім алды. 2012 ж. Павлодар қаласы маслихатының депутаты болып сайланды. 2012 ж. – 2013 ж. Павлодар облысы мәдениет басқармасының бастығы. 2013 ж. – 2016 ж. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің ғалыми хатшысы.
Мемлекеттік марапаттарға ие болды: Қазақстан Республикасының БҒМ Құрмет грамотасы (2001 ж.); Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасы. (2003 ж., 2005 ж.); «Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері» (2003 ж.); «М.Ж. Көпеев» медалі (2008 ж.); «Астана 10 жылдығы» медалі (2008 ж.); 1 дәрежелі Қазақстан Республикасының БҒМ Ыбырай Алтынсарин атындағы медалдің иегері. (2008 ж.); Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасы (2010 ж.); «С.Торайғыров атындағы Алтын медаль» иегері (2010 ж.); ҚР Президентінің Алғыс хаты (2011ж.); «Павлодар облысына 75 жыл» Медалі (2013 ж.). Ғылыми-педагогикалық қызметі барысында Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне арналған бірқатар монографиялар, 400-ден астам мақалалар мен тезистер жарияланды.
Тел: 673685 (іш. 1326)