Қазақстан тарихы кафедрасының ұжымы 5В020300-Тарих, 5В011400-Тарих, 6М020300-Тарих, 6М020800-Археология және этнология мамандықтары бойынша жоғары кәсіби ғылыми, педагогикалық кадрларды сапалы дайындаумен айналысады.
Кафедраның негізгі жетістіктерінің көрінісі:
1. Жыл сайынғы ұлттық мамандықтар рейтингісіндегі жоғары көрсеткіші:
2. Республикалық олимпиадалардағы топтық және жеке жетістіктер:
3. Білім алушылардың ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықты табысты жүзеге асыруы:
– 2012 жылы 6М020300 - Тарих мамандығының магистранттары 3 семестрде «Collegium Civitas» университетінде оқуды табысты өтті (Варшава қ., Польша);
- 2014 жылы 6М020300- Тарих мамандығының магистранттары 3 семестрде «European Humanities University» университетінде оқуды табысты өтті (Вильнюс қ., Литве);
- 2012 жылы студенттер Серкенова Сания, Ахметова Мадина Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқуды табысты тәмамдады;
4. Шетелден шақырылған ғалымдар жоспарларын сәтті жүзеге асыру көрсеткіштері:
Кафедраның оқу барысына шетел оқытушылары шақырылады. Осылайша, 5В020300-Тарих, 6М020300-Тарих, 6М020800-Археология және этнология мамандықтарының студенттері мен магистранттары үшін:
- PhD доктор, дoцeнт Ярocлaвa Пoвeлкoвa (Чeхия) антропология бойынша дәріс оқыды;
- т.ғ.д., прoфeccoр, Томск мемлекеттік университетінің тарих факультетінің деканы В.П. Зинoвьeв «Орыс және қазақ халықтарының өзара әрекеттестігінің факторы ретінде Г.Н. Пoтaнинның мұрасы» курсын оқыды;
- т.ғ.д., прoфeccoр, Томск мемлекеттік университетінің қазіргі заман отан тарихы кафедрасының меңгерушісі C.Ф. Фoминых «Ресейдің Азиялық бөлігіндегі алғаш университет пен Сібір облысшылдары» курсы бойынша дәріс оқыды.
5. Білім алушылардың оқудағы және ғылыми-публистикалық қызметіндегі жоғары көрсеткіштері:
Оқу жетістіктерінің сыртқы бағалау көрсеткішінің жоғарлығы: 2013 жылы – 118 бал (университеттегі 2 орын);
Студенттер мен магистранттар белсенді түрде түрлі ғылыми іс-шараларда: мемлекеттік және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, республикалық және облыстық студенттер олимпиадасына қатысады. 5В020300-Тарих мамандығының студенттері С.Торайғыров атындағы ПМУ негізінде «Жоғары ғылыми тарих мектебін» ашты, оның негізгі мақсаты ғылыми–ағартушылық және кеңес-дискуссиялық қызмет болып табылады.
6. Түлектердің және білім алушылардың оқу, шығармашылық, ғылыми және қызметтегі табыстары:
7. Кафедраның профессор-оқытушы құрамының қаржыландырылатын ғылыми бағдарламаларға қатысуы:
– тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, Ә.Х.Марғұлан атындағы біріккен археологиялық ғылыми – зерттеу орталығының директоры В.К. Мерц «Қазақстан Ертіс өңірінің оң жағалау территориясындағы ерте қола ғасыры: этномәдени әріптестік» атты қаржыландырылатын жобаның жетекшісі болып табылады: (жүзеге асыру мерзімі: 2012-2014жж.);
- саяси ғылымның докторы, тарих ғылымының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры А.А. Ақышев, тарих ғылымының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Н.Е. Күзембаев «Тәуелсіз Қазақстанның титулдық этносының әлеуметтік-саяси статусын зерттеу аясындағы посткеңестік аумақтағы этносаяси проблемалар» атты қаржыландырылатын жобаны жүзеге асыруға қатысады (жүзеге асыру мерзімдері: 2012-2014жж.).
8. Кафедраның профессор-оқытушы құрамының жеке ғылыми-шығармашылық жетістіктері:
- 2010 жылы саяси ғылымның докторы, тарих ғылымының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры А.А. Ақышев «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері атанды;
- 2012 жылы тарих ғылымының докторы, тарих кафедрасының меңгерушісі С.Н. Мамытова «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері атанды.
Тел: 673685 (іш. 1326)