Кафедрада тәрбиелік жұмыс ЖОО тәрбиелік жұмысының тұжырымдамасына, кураторлық қызмет жөнінде ережесі, тәрбиелік жұмысының жылдық жоспарлары, ғылыми кеңес, ректорат, факультет, кафедра кеңесі шешімдеріне сай орындалады.
Кафедра отырысында тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру, іске асыру және жетілдірудің өзекті мәселелері қарастырылады. Кафедрада тәрбиелік жұмыстар тарихшы маманының мінез құлқының этикалық нормаларын орындауға бағытталады, белсенді азаматтық және патриоттық позицияларын тәрбиелеуге арналған. Кафедрада тәрбиелеу жұмыстары әр бір оқытушы тарапынан өзінің оқу уақыты көлемінде, топтар кураторлары жеке тәртіп бойынша, сонымен қатар студенттердің өзекті проблемаларын айқындау және оларды шешуге арналған «кураторлық сағаттар» барысында іске асырылады.
Кафедрада тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру және іске асыру келесі бағыттар бойынша іске асырылады.
1. Азаматтық-патриоттық және рухани моральды тәрбие. ЖОО жас азаматтар әлеуметтендірудің, азаматтықтың маңызды кезеңін бастан кешіріп қоғамдық маңызы бар құндылықтарды игереді. Кураторлар студенттердің мәдени деңгейін арттырады, теотр, кинотеатр, қала мұражайларға баруды ұйымдастырып, тарихи патриоттық және этикалық тәрбие бойынша іс шараларға қатысады. Нәтиже ретінде тамашалаған шараларлы бірлесіп талқылаудың маңызы зор.
2. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы. Бұл кафедраның тәрбиелік жұмысының басымды бағыты студенттерге ғылыми жұмыс дағдыларын қалыптастыруға, шығармашылық түрде ойлауға, кафедраның және факультеттің ғылыми мектеп жұмысы деңгейінде ғылыми зерттеулерді жүргізу тәжірибесін игеруге, еңбек нарығында қажетті маманды қалыптастыру. 2-4 курс студенттері кафедраның ғылыми жұмысына белсенді қатысады, тезистер және мақалалар жариялап, ғылыми-тәжерибелік конференциялар және семинарларға қатысады.
3. Мәдени-көпшілік және шығармашылық қызмет. Кафедра кураторлық топтарындағы және студенттік шығармашылық қызметі, республикалық, аймақтық, ЖОО аралық конкурстарда қатысатын студенттерді қолдайды.
4. Студенттерді қоғамдық пайдалы еңбекке және қаланың қоғамдық өміріне қатыстыру. Кураторлар деканатқа және университетке қатысты территорияны жинастыру үшін топтарды ұйымдастыруға көмектеседі.
Тел: 673685 (іш. 1326)