Т.ғ.д В.О Волошин атындағы қатты дене физикасының зертханасы

Волошин Василий Остапович 1935 жылы Хмельницк облысында дуниеге келген.

1950 жылы Славокутск педагогикалық техникумының физика және математика бөліміне түсті. 1955- 1960жж. Львов педагогикалық институтының физика факультетінін студенті. Оқу барысында механикаландырылған отряд командирі болып екі рет Павлодар облысының аудандарына іссапармен шықты. «Тын жерді игеру» барысында мақтау кағазы және медальмен марапатталды.

1960 ж. институтты бітіргеннен кейін Карпат әскери округі құрамындағы 109 сенімділік лабораториясына аға инженер

1961-1963 жж. керекті құралдармен жабдықтайтын ядролық сәуле шығару лабораториясынын жетекшісі.

1963 жылы Павлодар педагогикалық институтында «Атомдық энергияны қолдану» атты мамандандырылған пәнінен дәріс беруге шақырды. Екі жылдын ішінде физика кафедрасында «Қолданбалы ядролық физика» зертханасы құрылды, ол 1967 жылы ғылыми-зерттеу орталығына айналды. 

1967 ж. ППИ физика кафедрасына меңгеруші, 1984 ж.ПИИ ғылыми жұмыстар проректоры

1994 ж. Ғылым докторы, 1996 жылы ПМУ физика кафедрасында профессоры.

1996ж. Тәуелсіз аттестация өткізу «Қазақстан оку ғылыми орталығының бұзылмайтын бақылау және техникалық дигностика органының» директоры.

Ғылыми қызметінін 40 жылын нейтронды физика жане нейтронды әдістеме бақылау тақырыбын зерттеуге арнады.

КСРО Министрлігінің алғысымен және КСРО Жоғары оқу орны Министрлігінің  Құрмет кағазымен, Павлодар облыстық Кеңесінің мақтау кағазымен, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.