Тәрбиелік жұмысы

Бірінші курстар үшін оқу жылы эдвайзерлермен танысудан басталады: Асп-101 оқытушы Камашев Серик Алтынбекович; Физ-101 аға оқытушы Исимова Бакыт Шайдулаевна; Мех-101, Мех-102 аға оқытушы Жуспекова Нургуль Жумагазинқызы; Жоғарыда көрсетілген топтарда студенттерге ЖОО-дағы тәртібінің ережелерімен мәлім ету, сабақ кестелері, балдық-рейтингтік жүйелерінің ерекшеліктері және оқудың кредиттік технологиялары жайында эдвайзермен таныстыру әңгімелері жүргізіледі.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-ды негізгі және қосымша корпустарымен танысу мақсатымен экскурсия өткізіледі.

«С. Торайғыров атындағы ПМУ сапасының облысындағы мақсаты, стратегиялық мақсаты мен тапсырмалар миссиясы», «Ішкі тәртіп Ережелерімен танысу» тақырыптарына байланысты эдвайзерлік сағаттар жүргізіледі. Бірінші курс академиялық топтарының әлеуметтік-демографиялық төлқұжаттарының тізімі, көп-балалы жанұядағы студенттер тізімі, жетім-студенттер мен ата-анасының қарауынсыз қалған студенттер тізімі эдвайзермен құрастырылады.

Қыркүйек айында Усолка аумағында ПОҚ, қызметкерлер және студенттер арасында «Денсаулық күні» атты жаппай-спорттық іс-шара өткізіледі. Қазан айында студенттер «Ұстаздар күніне» орай концерт ұйымдастырады. Келесі кураторлық сағаттары өткізіледі: «Жемқорлыққа қарсы күрес», «Мемлекеттік тілде сөйлеу – біздің азаматтық борышымыз», «ҚР тәуелсіздік күні».

Кафедра қызметкерлері, магистранттар және студенттер бекітілген кесте бойынша аумақты көркейту сенбіліктеріне қатысады. Деканаттың үкіміне сәйкес ПОҚ, кафедра қызметкерлері және студенттер флюрографиялық тексеруден өткендігі туралы мәлімет жеткізіледі.

Университеттің жоспарына сәйкес, студенттер ПМУ чемпионатына, спорт студенттік универсиадасына қатысады. Сондай-ақ, театрларға, қаланың концерттеріне мәдени концерттер, университеттегі концерттерге және демалу орындарына қатысу, тәрбие жұмысына жауапты кафедраның жетекшілігімен студенттердің әуесқойлық іс-шараларға қатысады.