Профессор Г. М. Мұқанов атындағы аудиториясы

Мұқанов Ғафур Мұқанұлы 1932 жылы туылған. Физика-математика ғылымдарының кандидаты.  1949 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ге түсіп, 1954-ші жылы осы университетті «математика» мамандығы бойынша үздік белгімен (қызыл диплом) бітірген.

Еңбек жолы: А.С. Пушкин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтте оқытушы, аға оқытушы (Орал қ., 1954-59), Павлодар обл., Галкин орта мектебінің оқу меңгерушісі (1959-60), С. Торайғыров атындағы ПМУ, ПМПИ: аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, факультеттің физика-математика деканы, . С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, құрметті декан (1960-2012).

1967-ші жылы М. Горький атындағы Орал Мемлекеттік университетінің «Функциялар теориясы» кафедрасы жанындағы аспирантураға түсіп (1967),  1969 жылы физика-математика мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған. 1970 жылы КСРО Жоғары  және орта білім министрлігінің Жоғарғы Аттестациялық комиссиясының шешімімен доцент ғылыми атағы берілген. С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің ғылыми кеңесінің шешімімен ПМУ профессоры (1997), құрметті деканы атақтары берілген (2007). Павлодар қалалық маслихаты шешімімен Павлодар қаласының құрметті азаматы аталған (2012).